загрузка...
загрузка...
На головну

Жедел ларингит

  1. ВОССТАНОВЛЕНИЕ ГОЛОСА ПРИ ХРОНИЧЕСКИХ ЛАРИНГИТАХ
  2. Жедел пневмониялар
  3. Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
  4. Жедел ринит
  5. Хронический гиперпластический (гипертрофический) ларингит

Жедел ларингит - көмейдің шырышты қабығының қабынуы.

С е б е п т е р і: Ларингиттер парагрипп, А гриппі, респираторлы-синцитиалды және аденовирус жұқпасымен қоздырылатын ауру. Кейбір кездерде бактериялар, механикалық және химиялық тітіркендіргіштер де аурудың себепкері болуы мүмкін.

П а т о г е н е з і. Қабыну процессі көмей қақпашығының, дауыс байламының, байлам асты кеңістігінің шырышты қабығында орналасуы мүмкін. Себептерге байланысты шырышты қабық ісінеді, қызарады, шырыштың пайда болуы жоғарылайды. Қабыну процессі байлам асты кеңістігінде пайда болған кезде патологиялық жағдайдың негізгі компоненттері болып ісіну, шырыштың көп мөлшерде пайда болуы, қөмей бұлшық еттерінің жиырылуы саналады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Баланың жалпы жағдайы бүзылады, дауысы қарлығып шығады, құрғақ, «үрмелі» жөтел пайда болады, дене қызуы кетеріледі. Тыныс алуы қиындамайды. 4-5 күннен кейін бала жызылып кетеді.

Е м і. Бала қатты сөйлемеу, айқайламау керек. Ыстық, ащы тамақ бермеу абзал. Балаға жылы сусындар ішу, кеудесіне қыша қағаздары, онқалар қою, ингаляциялар ұсынылады. Себептерге байланысты ем өткізу керек.

К ө м е й д і ң ж е д е л т а р ы л у ы (жалған круп) - қабыну процессі байлам асты кеңістігінде пайда болады. Аллергиялық диатезбен ауыратын 6 айлық - 3 жасар балаларда кездеседі. Осы кезде балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңылауы тарылып бітеледі. Стеноз көбіне түнде кенеттен дамиды, баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, даусы өзгереді, дөрекі жөтел пайда болады. Бала мазасыз, терлейді, көзіне үрей пайда болады, еріндері, мұрын - ауыз ушбұрышы көгілдір тартады.

Жалған круптың ауырлығына байланысты 4 дәрежесі бар.

І (компесаторлық) дәрежесі -«үрмелі», дөрекі жөтел, дауыс қарлығу, жылағанда шулы тыныс алу.

Стеноздың ІІ дәрежесінде - мазасыздық, жиі жөтел, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен болатын ентікпе, мұрын асты үшбұрышының көгеруі. Балада қатты тершеңдік пайда болады.

ІІІ (декомпенасторлық) дәрежесі - бала мазасыз, үрейі ұшқан, төсекте маза таба алмай жатады. Терісі көкшіл, жабысқақ суық тер, еріндері көк, қол-аяқтары көгерген (акроцианоз). Кеудесінің қосымша бұлшық еттері, эпигастрий аймағы дем алуға қатысады, өте қатты ентікпе. Пульсі жиі, әдетен тыс, жүрек тондары күңгірт.

ІV дәрежесі (асфиксия) - бала басын шалқайтып, құлайды, қиналып дем алуға тырысады, мойының қосымша бұлшық еттері қатаяды.біртіндеп тыныс алу доғарады. Пульсы әлсіз, ретсіз. Жүрек тондары керең. Біртіндеп жүрек тондары басылады, ретсізденеді, содан кейін тоқтайды.

Е м і. Көмейдің жедел тарылуы кезінде баланы тез ауруханаға жеткізу абзал. Баланы бөлек бөлмеге жатқызу, физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету, ұзақ үзіліссіз үйқы, таза ауа, жеке бас күтімі жасау керек. Баланың шырышты қабықтарының құрғақтығын азайту үшін бала ұзақ уақыт жоғары ылғалды ауада (тропикалық ауа райы) болғаны жөн. Сілекейді сұйықтыратын дәрілер (бикарбонат натрий ерітіндісі, сүт қосқан «Боржоми»), ингаляциялар, протеолиздық ферменттер ( трипсин, терремитин, дезоксирибонуклеаза, ацетилцистеин)

2) қақыртатын дәрілер: мукалтин, бромгексин, қақыртатын микстуралар (алтей, термопсис)

3) бронхолитиктер - эуфиллин, эфедринмен булату, ауыз арқылы бронхолитин не солутан, ауыр кезде эуфиллин тамыр арқылы. Ингаляциялар жылылығы +40-450 С7

4) Оттегітерапия (гелиймен немесе шөптер тұнбасымен).

5) Рефлекторлық ем: ыстық аяқ ванналары, кеудеге қыша қағазы, озокерит «етікшелері».

Бала сөйлемеу керек.



  38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   Наступна

АС ҚОРЫТУ МүШЕЛЕРДІҢ АУРУЛАРЫ | Гипотрофиялар | СүЙЕК ЖӘНЕ Б¦ЛШЫҚ ЕТ ЖүЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Сколиоз | Мешел дымқылды жер үйлерге тән, тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі. | Д- гипервитаминозы | Экссудаттық - талаураулы диатез | Лимфалық - гипопластикалық диатез | Нерв-артриттік диатез | ТЫНЫС АЛУШЫЛЫҚ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати