Головна

Нерв-артриттік диатез

  1. Геморрагические диатезы
  2. ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР
  3. Лимфалық - гипопластикалық диатез
  4. Острые ЖКК при геморрагических диатезах.
  5. Тема 8. Геморрагические диатезы
  6. Экссудаттық - талаураулы диатез

Н е р в - а т р и т т і к д и а т е з жүйке жүйесінің, пурин алмасуының, ішкі ағзалар қызметінің өзгерістерімен сипатталатын ауру. Бір жағынан - тұқым қуалаушылық, екінші жағынан - тамақтану, қоршаған орта, күн тәртібі нерв-атриттік диатез дамуына әсер етеді. Нерв-артриттік диатездің қалыптасуына зат алмасудың дерт танушылық қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы, әкесі жағынан бүйрек тас ауруы, өт қабының тас ауруы, невралгиялар, подагра, бас сақинасы әсерлері жатады. Қанда пуриндер және зәр қышқылы жиналып, орталық жүйке жүйесін қоздырады. Осыған байланысты май және көмірсулар алмасуы бұзылып, кетоацидозға соқтырады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і:

Н е в р а с т е н и я л ы қ с и н д р о м -балалар арасында ең жиі кездесетін диатездің түрі. Баланың бірінші жасында қозу процесстертері басым болады: бала мазасыз, шыңғырғыш, қатты шошиды, аз мерзім және нашар ұйықтайды. Осы балалардың психоэмоциялық дамуы ерте дамиды: олар ерте оқи бастайды, ерте сөйлейді, бағдарламаларды өте жақсы есте сақтайтындай болады. Сонымен қатар, баланың ұйқысы бұзылады, бала түнде зәр ұстамайды, қимыл-әрекеті өршиді, логоневроздар пайда болады.

З а т а л м а с у д ы ң б ұ з ы л у ш ы л ы қ с и н д р о м -түнгі кезде өтпелі буындар ауырсыну синдромы, салқындаумен және жұқпалармен байланысты емес дизуриялық бұзылыстар. Мезгіл-мезгіл балада 1-2 күн бойы құсу, толғақ тәрізді ішінің ауыруы, аузынан ацетон иісі пайда болады. Құсу болғандықтан бала ағзасында сусыздану, уытталу, дене қызуы көтерілуі, дене салмағы жойылуы пайда болады. Бұл жағдайды а ц е т о н е м и я л ы қ к ү р т а с қ ы н у ы деп атайды. Кенеттен пайда болған құсық тап осылай кенеттен басылады, бала тез оңалады. 9-11 жасында ацетонемиялық күрт асқынуы тоқтайды.

Ж и ы р у ш ы л ы қ с и н д р о м- бронх жиырылуымен, бас сақинасымен, іш қатуымен сипатталатын синдром.

Т е р і с и н д р о м ы:Квинке ісігі, нейродермит, себореялық экзема түрінде өтеді. Бұл ауру 7-12 жас аралығында кездеседі.

Нерв-артриттік диатезі бар балалардың семіздікке, қант диабетіне, гипертониялық ауруға, демікпеге бейімділігі табылады.

Е м і: үлесті диета және тәртіп. Бала тамағында - сүт тағамдары, жеміс-жидектер, ботқалар болуы абзал. Етті, құс етін, қуырылған балықты, сорпаларды, майларды, қантты шектеу керек.

Ацетонемиялық күрт асқынуы кіреберісінде балаға әр он-он бес минут сайын глюкоза, тәтті шәй, шырын, сілтілі минерал суынан тұратын сусындар белгіленеді. Ацетонемиялық күрт асқынуы кезінде бала ауруханағы жатқызылады. Емі ацидозбен, сусызданумен, кетон денелердің ағзадан тез шығаруына қарсы бейімделеді. Қан тамыр арқылы натрий гидрокарбонат, натрий хлорид, глюкоза, кокарбоксилаза, аскорбин қышқылы белгіленеді. Калий оротат, панангин, В тобының дәрумендері белгіленеді, нерв жүйесін қалыптастыру үшін бром препараттары, валериана белгіленеді.

А л д ы н а л у: бала күн тәртібін, тамақтандыру тәртібін ұқыпты сақтау. Баланы жүк артудан сақтау керек.



  35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   Наступна

ГЕМОЛИЗДЫҚ АУРУ | БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАНУЛАР | ОРТАЛЫҚ ЖүЙКЕ ЖүЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ | АС ҚОРЫТУ МүШЕЛЕРДІҢ АУРУЛАРЫ | Гипотрофиялар | СүЙЕК ЖӘНЕ Б¦ЛШЫҚ ЕТ ЖүЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Сколиоз | Мешел дымқылды жер үйлерге тән, тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі. | Д- гипервитаминозы | Экссудаттық - талаураулы диатез |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати