Головна

Экссудаттық - талаураулы диатез

  1. Геморрагические диатезы
  2. ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР
  3. Лимфалық - гипопластикалық диатез
  4. Нерв-артриттік диатез
  5. Острые ЖКК при геморрагических диатезах.
  6. Тема 8. Геморрагические диатезы

Э к с с у д а т т ы қ - т а л а у р а у л ы д и а т е з - ол тері және шырышты қабаттардың қайталамалы инфильтратті зақымдануына бейімділігін, аллергиялық жауаптарының дамуы мен қабыну процестерінің созылыңқы ағымын, лимфоидтық гиперплазиясын, су-тұз алмасуының тұрақсыздығымен ерекшеленетін жағдай. Экссудаттық - талаураулы диатезде теріде әр түрлі бөртпелер шығып, шырышты қабықтардың сезімталдығы және жарақаттануы жоғарылап, жұқпалы ауруларға тұрақтылығы төмендейді.

Э т и о п а т о г е н е з: Экссудаттық - талаураулы диатездер екіге бөлінеді: иммундық және иммундық емес. Иммундық экссудаттық - талаураулы диатездер тұқым қуалаушылыққа байланысты (70-80%), осы кезде «Е» иммуноглобулиндер көп мөлшерде пайда болып, аллергиялық серпіліске соқтырады. Аллергиялық серпілістер кезінде жаңа туған баланың бірінші күндерінен үзіліссіз қайталанатын тері көріністері пайда болады. Экссудаттық - талаураулы диатездердің тап осы түрі аллергиялық ауруларға ұшыратады.

Балалардың көпшілігінде иммундық емес экссудаттық - талаураулы диатез дамиды. Бір жағынан, бұл гистаминның семіз жасушалардан аса көп түзіліп бөлінуіне, екінші жағынан оның зиянсыздануы (инактивациясы) жеткіліксіз болуы мумкін. Ерте жастағы балалардың гистаминге сезімталдығы, ересек балалармен салыстырғанда, жоғарылау болып келеді; ал гистаминның көп мөлшерде пайда болуына дәрумендер жетіспеушілігі, әр түрлі аурулар (ЖРВА, ішек жұқпалары, дизбактериоздар), салқындау келтіреді. Осы жағдайлардан басқа тамақ ақуыздары да экссудаттық - талаураулы диатездерге ұшыратуы мүмкін: сиыр сүтінің ақуыздары, жұмыртқа, құлпынай, ботқалар т.б. Негізгі себебінің бірі - жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы (жүктіліктің екінші жартысындағы әйел ішкен тамақ құрамында анық аллергендер мен жануарлар ақуызы мол, ал көкөністер аз болуы). Табиғи тамақтандырудағы балалар анасы осы тағамдарды өзі жегенде де экссудаттық - талаураулы диатезбен ауыруы мүмкін.

Ақуызды ыдырататын ферменттердің жетімсіздігі, ішек қабығының жоғары өткізгіштігі, иммуноглобулин түзілуінің кем белсенділігі салдарынан сәби ішегінің тосқауылдық қабілеті төмен болады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Экссудаттық - талаураулы диатез баланың 3-5 айында басталып 1-2 жасына дейін созылады, ал кейде тіпті өмір бойы айқындалып демікпеге, аллергиялық бронхитке, аллергиялық дерматозға асқынуы мүмкін.

Э к с с у д а т т ы қ - т а л а у р а у л ы д и а т е з д і ң т е р і д е а й қ ы н д а л у ы:

- ең біріншіден үлкен еңбектін үстінде шаш арасында майлы сары қабыршықтар пайда болады, бірте-бірте бұл қабыршықтар қалыңдап тұтас қабыққа айналады да, баланың басына "телпек" кигізіп қойғандай болады. Бұны «себоррея» немесе «гнейс» дейді;

- баланың күтімі жақсы болса да оның тері қыртыстарында тұрақты баздану пайда болады, бұл базданудың емдеуі өте қиын;

- сонан соң алдында айтылған белгілерге қосымша баланың бетінде қызару, сулану, қабыршақтану қосылады («сүтті қабыршақ»), теріде қатты қышыйтын ортасында ұсақ везикуласы бар ұсақ түйіншектер пайда болады («строфулюс»). Кейде тері қызарып, қалыңдап, қабыршақтанып кетеді («құрғақ есекжем»). Кейбір кезде құрғақ есекжем суланып тұратын есекжемге айналуы мүмкін. Осы кезде баланың денесі дуылдап қышиды, ол мазасызданады, үйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді. Баланың бетінде, денесінде, аяқ-қолында ұсақ, шаққа білінетін төмпешіктер (папулалар) пайда болады. Олар кешірек көпіршіктерге (пустулаларға) аударылады. Пустулалар жарылып, ішінен сары түсті сұйықтық бөлінеді. Кепкеннен кейін экземалық қабыршақтар пайда болады. Суланушы экземаның ағымыұзақ және қажырлы.

Ш ы р ы ш т ы қ а б ы қ т а р д а ғ ы э к с с у д а т т ы қ - т а л а у р а у л ы д и а т е з д ің а й қ ы н д а л у ы:

- диатезі бар балаларда жоғарғы тыныс алу жолдарының (ринит, фарингит, ларингит) және көз аурулары (конъюнктивит, блефарит) жиі түрде кездеседі;

- баланың тілінің үсті шұбарланып тілініп, бір келкі емес тіл эпителийі («географиялық кесте») түседі; ауыз қуысының шырышты қабығы өзгеріп, стоматиттер белгілері пайда болады;

- экссудаттық - талаураулы диатезі бар балалардың шеткі лимфа бездері мұрын ішіндегі және таңдай бездері ісініп үлкейіп кетеді, кейбір кезде бауыр және көк бауыр үлкейеді;

- себепсіз зәрде протеинурия, лейкоцитурия, жалпақ эпителийлі жасушалар кездеседі, себепсіз іш өту болады.

Лимфалық тіннің жасушалары көбеюі - экссудаттық-талаураулы диатездің негізгі сипаттамасының бірі. Аденоидтер және бадамша бездері, лимфалық түйіндері, кейбір кездерде бауыр және көк бауыр үлкеюі мүмкін.

Сыртқы пішініне қарағанда - балалар екі түрлі болады: домбыққан түрлі (балалар домбыққан, солғын, борпылдақ болып келеді) және эретикалық түрлі (балалар жүдеу, мазасыз, терісі нәзік, терісінде - құрғақ, қышитын бөрітпе)

Экссудаттық - талаураулы диатездің асқынуы - терінің іріңді жарасы (стрептодермия) емделмеген балаларда кездеседі.

Диатездің ағымы толқымалы, қайталамалы; тамақтандыру тәртібін бұзғанда, ауа райы жағдайлар өзгергенде, әр түрлі ауруларға (лямблиоз, дизбактериоз) байланысты пайда болуы мүмкін. Экссудаттық - талаураулы диатез көрсеткіштері 2-3 жаста жойылады, кейде балалардың 23-30% аллергиялық ауруларға шалдығуы мүмкін (экзема, нейродермит, демікпе т.б.).

Ауру кезінде баланың қанында ақуыздың (гипо- және диспротеинемия), майлардың (гипохолестеринемия), көмірсулар (гликемия) алмасуының бұзылыстары табылады. Аллергиялық жағдайға байланысты эозинофилия кездеседі.

Е м і т и і м д і т а м а қ т а н д ы р у д а н б а с т а л а д ы. Науқас ақуыз, май, көмірсу мөлшерін жасына және тамақтану түріне сай қабылдауы тиіс. Бала асынан анық болған аллергендерді алып тастау абзал. Толық балаларға тамақ калорияларын жеңілдетіп, сіңімді көмірсулар көлемін тағайындау есебінен кемітеді, астағы майдың 30% өсімдік май түрінде берілуі тиімді. Бала асында ас тұзын шектеп, қосымша калий тұздарын еңгізу абзал. Анасының диетасынан жұмыртқа, таңқұрай, цитрус т.б. аллергенді тамақтарды мүлдем алым тастау. Аралас және жасанды тамақтандырудағы балаларға сиыр сүтінің мөлшерін азайту керек. Ботқа мен көкөніс пюресін сүтке емес, көкөніс қайнатпасында дайындаған жөн. Бала сиыр сүтін көтере алмаса - оны миндаль және соя «сүттеріне» көшіріп, осы заттардың қоспаларын беру керек. Экссудаттық - талаураулы диатезі бар бар жасанды тамақтандырудағы балаларға бірінші қосымша тамақтандыруды ертерек, 4-4,5 айдан белгілеген дұрыс. Ал табиғи тамақтандырудағы экссудаттық - талаураулы диатезі бар балаларға қосымша тамақты дені сау балаларға қарағанда кештеу берген дұрыс болады. Ботқалар арасында қарақұмық, ақталған тары, күріш ботқаларын беру, оларды дайындау үшін көк өніс қайнатпасын қолдану жөн. Қандай тамақтың аллерген екендіігін білу үшін баланың анасы "Тамақтандыру күнделігін" жүргізеді. Онда балаға берілген тамақ құрамы және осы тамаққа тері және шырышты қабықтар жағынан болатын өзгерістер белгіленіп тұрады . Тамақтандырумен қатар баланың таза ауада жеткілікті уақыт болғанын ұйымдастырған дұрыс болады.

Диатез емінің маңызды факторлары болып келесі шаралар саналады. Аллергендердің көбі тамақпен түсетін болғаннан, балаға - 10 күндік курспен лактобактерин, бифидумбактерин және курсы аяқталғаннан кейін 3-4 күн өткенде магний сульфаттың ерітіндісін (2-5% 1 шәй қасық 3-4 рет күніне), полифепанды белгілейді. өте кең түрде 7-10 күн бойы антигистаминдік дәрілер (тавегил, супрастин, фенкарол, перитол) беру. Осымен қатар адаптогендер берген абзал болады, олар: дибазол, пентоксил, этимизол.

Дәрумендерді (В5, В6, В12, А) және шөп қайнатпаларды кең (киікоты, қайын жапырағы, шайқұрай, қалақай) қолдану қажет.

Т е р і н і ң ж а р а қ а т т а н ғ а н ж е р і н е м д е у і н і ң қажетті үзбесі болып емдік ванналар саналады. Тері қатты суланған жағдайда емен қабығын, миндаль кебегін, түймедақ, шәңгіш қосқан ваннаға шомылдырып, жағатын дәріге тальк, мырыш тотығын, Дорохов сұйықтарын қосу. Сулану тоқтаса - нафталан, ланолин қосылған майлар жағады, ал негізгі ем көмектеспесе - қысқа мерзімге стероидтық гормондары бар «Фторокорт», «Лоринден», «Локакортен» майларын қолдануға болады. Бала қасынбас үшін қолдарына қолғаптар кигізіледі, немесе шынтақтарына шиналар салынады. Баланы қымтамау керек, себебі, бала терлейді де қышынуы күшейеді. Тырнақтарын қысқалап алып тастау, денесінің және төсек тазалығын сақтау керек.

А л д ы н а л у баланың туылуына дейін басталады. Жүкті әйелдің тамағынан анық аллергендер, аллергиялық реакцияларға соқтыратын дәрі-дәрмектер алынып тастайды.

Экссудаттық - талаураулы диатезі бар балалар диспансерлік тізімге алынады. Осы балаларды бақылағанда - міндетті түрде "тамақ күнделігін" жүргізу абзал; табиғи тамақтандыруды ұзаққа созу, қосымша тамақтандыруды 6 айдан кейін еңгізу; ащы, тұзды тағамдар мүлдем болмауы жөн. Бала бір жасқа толғаннан кейін анық аллергендерді шығарып, үйде гипоаллергендық жағдай жасау; алдын алу егулерді өткізгенде - жеке бас жоспарын құрастыру, созылмалы жұқпалар ошақтарын, анемияларды, гельминтоздарды, гипотрофияларды, дизбактериоздарды анықтап емдеу.

 



  33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   Наступна

ОМФАЛИТТЕР | Т¦НШЫҒУ | ГЕМОЛИЗДЫҚ АУРУ | БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАНУЛАР | ОРТАЛЫҚ ЖүЙКЕ ЖүЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ | АС ҚОРЫТУ МүШЕЛЕРДІҢ АУРУЛАРЫ | Гипотрофиялар | СүЙЕК ЖӘНЕ Б¦ЛШЫҚ ЕТ ЖүЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Сколиоз | Мешел дымқылды жер үйлерге тән, тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі. |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати