Головна

Гипотрофиялар

Қалыпты қорек жағдайын нормотрофия, эйтрофия деп атайды. Ол бой мен салмақтың физиологиялық көрсеткіштерімен, таза барқыт терімен, дұрыс дамыған қанқамен, алқызыл шырышты қабықтармен, баланың жасына сәйкес жүйке-психикалық дамуымен, ішкі ағзалар жағынан патологиялық бұзылыстарының жоғымен сипатталады.

Дистрофиялар - патологиялық жағдайлар, осы кезде жеткіліксіз немесе көп мөлшерде қоректендіру заттардын түсуіне байланысты физикалық дамудың тұрақты өзгерістері, ішкі ағзалардың және жүйелердің морфологиялық және функциялық жағдайларының өзгеруі, зат алмасудың және иммунитеттің бұзылыстары пайда болады. бірінші екі жасар балалар арасында дистрофияның келесі түрлері кездеседі:

- гипотрофиялар - бойымен салыстыранда бала салмағының кемістігі,

- гипостатура - баланың салмағы мен бойы бір қалыпты дамуы,

- паратрофиялар - баланың салмағы мен бойы қалыпты жағдайдан арық болуы.

Г и п о т р о ф и я л а р - торланудың созылмалы бұзылыстарына байланысты салмақ кемістігінің көрінісі.

Э т и о л о г и я с ы. Көбінесесебептерінің негізі - тамақтандыру тәртібінің бұзылыстары және әлеуметтік жағдай (кедейлік, ата-анасының санитарлық мәдениеті төмен болуы, ата-анасының психикалық аурулары, қасақана қаталдықпен қарау). Туылған кездегі торлану жетімсіздігі - нәрестенің жатырішілік даму кідірісінің көрінісі. Себептері - жүкті әйелдің әр түрлі аурулары, жиі аборттар, нашар тұрмыс жағдайы. Туғаннан кейінгі себептер - алиментарлық жағдай (тамақ берудің сандық не сапалық жетімсіздігі, ауыз, ас қорыту жолдарының іштен біткен ақаулары, соларға байланысты құсулар; тұқым қуалайтын зат алмасу ауытқулары - галактоземия, фруктоземия), инфекциялық (жатырішілік жайылмалы инфекциялар, сепсис, пиелонефриттер, т: б.), мырыш және басқа микроэлементтер жетіспеушілігі,; токсикалык жағдайлар; иммунды тапшылықтар; нерв жүйесінің туылу кездегі зақымдануы, эндокриндық бұзылыстар, экологиялық факторлар.

П а т о г е н е зі. Гипотрофияға соқтыратын себептердің түріне қарамастан, ауру балалардың бәрінде де тағамдық заттардың ішекте және тіндерде өтетін қорытылуы бұзылады; асқазан, ішек, ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Бұл көрініс және бой кемістігіне, жедел ағымды ас қорыту бұзылыстарына келтіреді. Ішек ұзаруына, кеңитіндігіне байланысты іштің қатуы да тән. Осы жағдай дисбактериозға да қатысады. Гипотрофия кезінде өкпе, жүрек, бүйрек, бауыр қабілеті де бұзылады. Өмір сүру үшін бала ағзасы деподағы май және гликогенді қолданады. Осыған байланысты паренхималық мүшелердің жасушалары ыдырай бастайды.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.Гипотрофия үш дәрежеге бөлінеді. Гипотрофияның І дәрежесі - салмағының мөлшері қалыпты жағдайдан 10-20% төмен, теріасты май қабаты ішінде аздап кеміген, тәбеті жаман емес, терісі сәл бозғылт, терінің созылғыштығы төмен, психикалық дамуы жасына сай. Бұл дәрежедегі гипотрофияны байқау қиын, сондықтан уақытында емделмей қалады да, гипотрофияның ІІ дәрежесіне өтеді.

Гипотрофияның ІІ дәрежесінде бала салмағы 20-30% кем, теріасты майы ішінде, аяқ-қолдарында азайған, тәбеті төмен, терісі бозғылт, құрғақ, тері созылғыштығы өте төмен, психикалық дамуы кем. Иммунитеттің төмендігіне байланысты іріңді және жұқпалы аурулар пайда болады. Тәбетінің төмендеуіне байланысты тамақтандырған кезде - құсық пайда болады, нәжісі тұрақсыз.

Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде (атрофия, атрепсия) - салмағының кемдігі 30 % артық, бойы 5-10 см кем, теріасты майы денесінде жоқ, бетінде азайған немесе жойылған, қыртысталған, баланың пішіні терімен қапталған қанқаға ұқсас. Терісі бозғылт, құрғақ, қабыршақтанған, терінің созылғышы төмен, психикалық дамуы өте артта қалған. Кіндік аймағындағы тері асты майының қалыңдығы 0,2 см кем. Баланың даусы шықпайды, тыныс алуы баяулаған, кейде ырғақсыз. Сусыздану белгілері пайда болады: үлкен енбегі түсіп кеткен, ауыз қуысының шырышты қабығы кебеді, зәр және нәжіс көлемі азаяды, қаны қоюланады. Бұлшық еттердің атрофиясы пайда болады, дене қызуы төмендеген, балалар тез тоңғыш болады. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде дәрумендер тапшылығы пайда болады. Жүрек соғуы әлсіз, күңгірт, брадикадия байқалады. Ішінің көлемі кеуіп кеткенге байланысты үлкейген, алдынғы іш қабырғасы жұқарған, ішектер долбарлары білініп тұрады.

2 айлық бала

Гипотрофияның ауыр дәрежесі (атрофия)

Қазіргі кезде туа біткен гипотрофиялар кездеседі. Олар жағымсыз, жатырішілік кезеңде әсер еткен жағдайларға байланысты пайда болады: әйелдердің дұрыс тамақтанбауына, оның әр түрлі ауруларға шалдығуына, аяғы ауыр кезде зат алмасуға әсер ететін дәрілерді қолдануына. Бала физикалық дамуының көрсеткіштері төмен болуымен және орталық жүйке жүйесінің функциялық бұзылыстарымен туады.

Е м і. Кешеңді болып, құрамы бойынша орайласқаны дұрыс:

1) гипотрофияның себептерін анықтау және оларды реттеу не жою,

2) диетамен емдеу,

3)тиімді тәртіп, күтім, тәрбие, массажды және гимнастиканы ұйымдастыру,

4) созылмалы жұқпалар ошақтарын және қосымша ауруларды анықтау және емдеу,

5)ферменттерді, дәрумендерді, көтермелейтін және белгілерге байланысты емді қолдану.

Д и е т а м е н е м д е у - тиімді емнің негізі, ол екі фазадан тұрады:

1) тамаққа толеранттығын (төзімділігін) анықтау мерзімі,

2) тамақтандыруды күшейту мерзімі.

Тамақты тез және бірден көп мөлшерде берсе - бала жағдайы нашарлап, диспепсиялық жағдай қоздырылады. Сондықтан, емнің бастапқы сатысында тек жеңіл қортылатын тамақтарды (емшек сүті, ол жоқ болса, бейімделген қышқыл қоспалар; ацидофильдік («Балбөбек», «Биолакт», «Бифилин» т. б. қоспаларды) қолдану. Баланы жиірек тамақтандырған жөн. Міндетті түрде желінген тағам, нәжіс және диурез көлемін, ішілген және еңгізілген сұйықтық және тұздар мөлшерін бақылау.

Г и п о т р о ф и я н ы ң І д ә р е ж е с і н д е г і баланың тамаққа толеранттығын анықтау мерзімі 1-3 күн болады, гипотрофияның ІІ дәрежесінде - 3-5 күн, гипотрофияның ІІІ дәрежесінде - 7-10 күн.

Емнің басында гипотрофияның І дәрежесіндегі тәуілікті тамақ көлемі

1 күні тамақтын тәулікті қажеттілігінің 1/2-1/3 көлемін белгілейді,

2 күні тамақтын тәулікті қажеттілігінің 2/3 - 4/5 көлемін белгілейді,

3 күні - тамақтың толық тәуліктік мөлшерін белгілейді.

Ақуыздар жетіспегенде - балаға сыр, жұмыртқаның сарысы, ацидофильдық паста, ақуызды энпит белгіленеді, май жетіспеушілігінде - майлы энпит, өсімдік май белгіленеді, көмірсулар жетіспеушілігінде көк өністер, жемістер белгіленеді.

Гипотрофияның жеңіл түрін үйде емдеуге болады.

ІІ-ІІІ дәрежесінде бастапқы ем кезінде сүт немесе қоспа мөлшері алғашында тиісті салмағының 2/3- 1/2 бөлігіне тең болуы тиісті. Жетіспейтін тамақ көлемін шай, шырын, жеміс - жидек қайнатындысымен толтырылады. Бала жағдайы жақсарғаннан кейін тамақ көлемін қалыптағы тамақ мөлшерііне дейін жеткізеді. Гипотрофияның І дәрежесінде тамақ мөлшері баланың тиісті дене салмағының 1 килограммына саналады. ІІ дәрежесінде - ақ уыздар және көмірсулар көлемі тиісті дене салмағының 1 кг, майлар - негізгі салмағының 1 кг саналады. ІІІ дәрежесінде - ақ уыздар және көмірсулар - жобалық тиісті дене салмағына саналады (негізгі салмаққа + негізгі салмағының 20%), май көлемі негізгі салмаққа саналады. Баланың жағдайы жақсара және дене салмағы қосыла бастағаннан кейін тамақты баланың болу керекті салмағына санайды. Ақуыздар жетіспеушілігі айранмен, ақ уызды энпитпен, ақ уызды сүтпен, ірімшікпен, етпен, жұмыртқамен толтырады. Көмірсулар түрінде - қант сиропы, шырындар, ботқалар беріледі, майлар көлемі - қаймақпен, өсімдік және сары маймен толтырылады.

Бала үшін ең жақсы тамақ - ана сүті. Ана сүті жоқтығында - бейімделген сүт қоспалары қолданылады. Қоспалар арасында қышқыл сүтті тағамдар қолданған дұрыс, олар ас қорытатын ферменттердің пайда болуына әсер етеді, дисбактериоз жағдайын төмендетеді және жеңіл қорытылады.

К ү т і м ж а ғ д а й ы н ж а с а у. Гипотрофияның ІІ және ІІІ дәрежесінде баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Баланы кең, желдетіліп тұратын, жарық бөлмеге салу керек, бөлме жылылығы 24 - 250 төмен, 26 - 270 жоғары болмауы тиісты, себебі, бала тез тоңады да қызып кетеді де. Баланы далаға -5о жоғары температурада шығаруға болады. Күзде және қыста далаға шығарғанда - баланың аяқтарына жылытқыш салу керек. Оны жиі қолға алып, жағымды тонус туғызу керек.

Баланы жұқпалардан қоршау үшін - оқшаланған бокстарға жатқызу керек. өте пайдалы жылы жалпы ванналар жасау. Міндетті түрде массаж, гимнастика жасалады.

И н ф е к ц и я о ш а қ т а р ы болса, оларды анықтап уақытында емдеу керек, балаға антибиотиктерді, физиотерапиялық ем белгіленеді.

Ф е р м е н т т е р м е н е м д е у. Ас қорытуды жақсарту мақсатымен ацидин пепсин, асқазан сөлі, пепсин, мексаза қолданылады. Ферменттер жетіспеушілігін ас қазан асты безінің препараттарымен емдейді, негізінде панзинорммен, фесталмен.

Парентералды жолмен тамақтандыру гипотрофияның ауыр түрінде өткізіледі, ол үшін альвезин, левамин, ақуызды гидролизаттар қолданады.

Д ә р у м е н д е р м е н е м д е у. Әуелі С, В1, В6 витаминдер парентеральдық жолмен белгіленеді, жағдайы жақсарғасын, ауыз арқылы беріледі. Қосымша А, РР, В5, В15 , Е, аевит, токоферол дәрумендері беріледі.

Ж ұ қ п а л ы а у р у л а р қ о с ы л ғ а н к е з д е - гамма-глобуллин, тамыр арқылы сары су, альбумин, протеин құйылады, анаболикалық гормондар (ретаболил, неробол), инсулин және глюкоза беріледі. Гипотрофияның ауыр түрінде апилак, дибазол, пентоксил, метацил, т.б. белгіленеді. Симптомдық ем клиникалық көріністерге байланысты.

А л д ы н а л у. Табиғи тамақтандыру үшін күрес жүргізу, гипогалактияны ерте айқындап емдеу, жасына байланысты балаға қосымша тамақ және дәрумендерге бай тамақ беру, баланың жасына сай күтім тәртібін белгілеу, мешелдің алдын алуы. Мешелдің, анемияның диагностикасы, оларды уақытында, ерте емдеуі өте мағыналы. Гипотрофияның алдын алуында ұрықтың денсаулығын сақтау шаралар өте маңызды, сондықтан әйелдің денсаулығын сақтау, еңбегінің және тұрмысының гигиеналық тәртібін бұзбау. Уақытында баланың салмағын және бойын өлшеп тұру.

 



  28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   Наступна

ШАЛА ТУҒАН БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КүТІМІ | Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру | ТЕРІ АУРУЛАРЫ | ТЕРІНІҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ | КІНДІК АУРУЛАРЫ | ОМФАЛИТТЕР | Т¦НШЫҒУ | ГЕМОЛИЗДЫҚ АУРУ | БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАНУЛАР | ОРТАЛЫҚ ЖүЙКЕ ЖүЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати