Головна

ТЕРІНІҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ

  1. АН ТүЗУ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ
  2. АС ҚОРЫТУ МүШЕЛЕРДІҢ АУРУЛАРЫ
  3. БАЛАЛАРДЫҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАР
  4. ЖүРЕК - ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫ
  5. ЗӘР БөЛУ ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ МүШЕЛЕР АУРУЛАРЫ
  6. КІНДІК АУРУЛАРЫ
  7. ТЕРІ АУРУЛАРЫ

Іріңді-қабынулы аурулардың себептері - күтім кемістігі және стафилококк инфекциясы. Бірақта соңғы кездерде ішек микрофлорасының маңызы зор болып тұр. Олар: протей, клебсиелла, ішек таяқшасы, энтеробактерия. Жұқпалар нәрестеге жатырішілік, туып келе жатқанда, туғаннан кейін жұғуы мүмкін. Аурудың көзі - жедел және созылмалы қабыну ошақтары бар аналар, балалар, эпидемиялық тәртіпті бұзатын медицина қызметкерлері, дені сау тасымалдаушылар. Ауру күтімге арналған құ ралдар, жабдықтар, күтім заттары арқылы да жұғуы мүмкін. Патологиялық процесс жергілікті, жайылмаған ошақ түрінде немесе жайылған жалпы инфекция түрінде өтеді (сепсис).

В е з и к у л о п у с т у л е з - ең жиі кездесетін терінің іріңді ауруы. Ол жаңа туған және бірінші айлардағы балаларда кездеседі. Баланың терісінде (табиғи қыртыстарында, аяқ-қолдарында, ленесінде) ұсақ сарысулы-іріңді сұйықтығы бар пустулалар пайда болады. Шеттерінде қызыл қабынған дөңгелегі болады. Баланың жалпы жағдайы өзгермеген, дене қызуы көтерілмеген немесе субфебрильді. Баланы уақытында емдемесе, иммунитеті төмендеген кезде жұқпалы ауру асқынып, ауыр түріне ауысады.

Везикулопустулез

Емі: Жергілікті: көпіршіктерді спиртке малынған тампонмен алып тастап, бриллиант жасылы ерітіндісімен немесе басқа анилин бояуларымен өндеу. Бояу терінің сау жерлеріне тимеу керек. Гигеналық ванна жасау. Ультракүлгін сәулелермен емдеу.

К ө п і р ш і к т е н у - бала өмірінің бірінші екі жұмасында пайда болады. Мойында, іште, қол-аяқта солғын үстірт әр түрлі көлемді, мөлдір емес көпіршіктер пайда болады. Олардың көлемі 0,5-2 см. Көпіршіктер жеңіл жарылып, эрозияға әкеліп соқтырады. Эрозиялар тез жазылады, орындарында ақшыл дақтар қалады. Көпіршіктер бір мезгілде емес, әр түрлі уақытта пайда болады, сондықтан көпіршіктердің полиморфизмі пайда болады: біреулері кеуіп жатады, басқалары эпидермисті бөліп, көлемдері үлкейеді, келесілері жарылып, жараларға соқтырады. Олар бүкіл денеге тарауы мүмкін, тек алақандарында және табандарында болмайды, тез жайылуға және қосылуға ережелері бар. Көпіршіктердің саны көп болса баланың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, бала солғын, тәбеті төмен, салмағы бір қалыпты болып тұрады. Ауру

сепсиске ауып кетуі мүмкін.

Емі. Жергілікті ем - зарарсызданған инемен немесе қайшымен көпіршікті жарып, ішіндегі сұйықтықты стерильді мақта тампонымен алады да, эрозияларды бриллиант жасылы ерітіндісімен, калий перманганат ерітіндісімен, басқа анилин бояулармен сүртеді Ультркүлгін сәулелерді қолданады. Аурудың ауыр ағымында антибактериалді, детоксикалық, симптомдық ем, витаминдер белгілейді. Емен қабығымен, чередамен, калий перманганатпен гигиеналық ванна жасау.

Э к с ф о л и а т и в т і Р и т т е р д е р м а т и т і. Бұл ауру көпіршіктеменің ең ауыр түрі. Ол бала туғаннан кейін бірінші күндері пайда болады. Әуелі нәрестенің ауыз немесе кіндік аймағындағы терісі қызара бастайды. Сонан соң эпидермис астында экссудат жиналып, көпіршік пайда болады. Көпіршік тез жарылады да, орынында жалақ жара пайда болады. Нәрестенің терісі күйіп қалған теріге ұқсас. Кейбір кезде дене қызаруы болмауы мүскін, бірақта теріні сәл ысса - эпидермис жеңіл бөліне бастайды (Никольский белгісі). Болжамы көбіне сәтсіз болады.

Емі. Жалпы емі сепсис ауруындағыдай. Жергілікті ем : залалсыздандырылған инемен не қайшымен көпіршікті ашып, ішіндегі сұйықтықты залалсыздандырылған

мақта домалақшасымен алып, метилен көгі ерітіндісімен немесе бриллиант жасылымен

сүртеді. Қысқаша курспен гормондық майларды («Синалар», «Локакортен»)

қолданады. Орташа ауырлық және ауыр дәрежедегі емінде - кең спектрлі антибиотиктерді, детоксикалық, симптомдық емді, витаминдерді қолданады, қажет болса - хирургиялық ем.

П с е в д о ф у р у н к у л е з. Бұл ауру жаңа туған балалардажәне бірінші айлардағы балаларда пайда болады. Жаңа туған балаларда тері бездерінің шығар өзектері кең,

сондықтан қабыну процесстері осы өзекктерде пайда болады. Әуелі шүйдеде, арқасында, жанбастар пустулалар пайда болады, кейін олардың ішіндегі сұйықтық тез


Эксфолиативті Риттер дерматиті

кеуіп, қабыршақтанады да қабыршақтар үстінде көк түсті, көлемі жаңғаққа дейін,

түймелер пайда болады (инфильтрация дәрежесі). Қабыну ошағы (абсцесс) үстінде флюктуация пайда болады, абсцесті кескенде - ішінен көкшіл-сары түсті қою ірің шығады. Жазылғанда абсцесс орынында тыртық қалады. Абсцесстер көп болса - баланың жалпы жағдайы бұзылады: жоғары дене қызуы, солғындық, дистрофиялық жағдай.

Емі: жалпы емі - сепсистің еміндей. Жергілікті емі аурудың дәрежесіне байланысты: инфильтрация кезінде Вишневский немесе ихтиол майымен, алоэмен таңу, флюктуация кезінде - хирургиялық ем, кескеннен кейін натрий хлоридтің гипертониялық ерітіндісімен немесе стафилококк бактериофагімен таңу.

Ж а ң а т у ғ а н б а л а ф л е г м о н а с ы - ауыр түрде ағатын тері және тері асты майының іріңді-қабыну ауру. Ең жиі кеуде, жамбас, бөксе зақымданады. Аурудың бірінші сағаттарында теріде шектелген қызару пайда болады, оның көлемі ұлғаяды, ол ісінеді және қатаяды. 2-3 күн аралығында инфильтраттың ортасы жұмсарады, үстіндегі терісі көгереді. Көгерген жне жұмсарған жерде жыланкөздер пайда, олар арқылы ірің шығады. өте тез жайылған некроз (өлі еттену) басталады. 5-6 күннен кейін өлген тіндер түседі де, орынында шеттері тегіс емес жаралар қалады. Ауыр жағдайларда процесске бұлшық еттер де қатысады.

Емі - хирургиялық.

І р і ң д і м а с т и т сүт бездерінің физиологиялық ісіну фонында пайда болады. Аурудың дамуына пиодермиялар, механикалық тітіркендірулер (сүт безі ішіндегі сары суды сығып тасау) себеп болады. Көбінесе тек бір сүт безі зақымданады. Қабынған сүт безі ісінеді, ортасы жұмсарады. Екінші күні без үстіндегі терісі қызарып, бүлкілдеу пайда болады. Сүт безінің шығару өзектерінен ірің бөлінеді. Сүт безінің пальпациясы баланы мазасыздандырады, ол жылай бастайды. Баланың жалпы жағдайы нашарлайды, ол мазасыз, дұрыс ембейді, дене қызуы көтеріледі, уытталудың басқа белгілері пайда болады.

Емдемеген кезде қабыну процессі таралуға бейімделеді, кеуде флегмонасына, септикопиемияларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Жаңа туған бала сүт бездерінің үлкеюі

Е м і: Емдеуді педиатр-дәрігер және хирург өткізу керек.

Жалпы терапия антибактериалдық, детоксикалық, әдейіленген және әдейіленбеген иммунотерапиядан, ынталандыру, симптомдық емнен тұрады. Антибиотиктер бөлінген қоздырғыштың сезімталдығына байланысты белгіленеді. Антибиотиктер курсы аяғында лактобактерин, нистатин немесе леворин беріледі. Детоксикалық емге альбумин, реополиглюкин, глюкоза, тұз ерітінділерді еңгізу кіреді. Бала өте қатты уытталғанда - антистафилококкты гамма-глобулин 5-7 рет белгіленеді.

Ынталандыру терапияны уытталу процессі басыла бастағанда белгілейді (метацил, дибазол, продигиозан т.б.

І р і ң д і к о н ъ ю н к т и в и т - қабақтардың қызаруымен және ісінуімен сипатталатын ауру. Көздері қызарған, ірің бөлінеді. Ірің көлемі көп болса, бала көздерінің микробиологиялық және биологиялық тексеруін өткізу керек.

Жалпы конъюнктивиттің емі. Көзді калий перманганат ерітіндісімен немесе зарарсыздандырылған физиологиялық ерітіндісімен күніне бірнеше рет жуады, көзге 20% натрий сульфацил ерітіндісін, антибиотик ерітіндісін (қоздырғышты белгілегеннен кейін тамызады), көз майларын қолданады. Соз ауруға байланысты конъюнктивитті әдейіленген бөлімшеде емдейді.



  20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   Наступна

Дұрыс тамақтандырудың он принциптері | Осымша тағам беру ерекшеліктері | Баланы қасық арқылы тамақтандыру | Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі | ОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРУ | АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ | ЖАҢА ТУҒАН БАЛА | Жетіліп туған бала және оның қүтімі | ШАЛА ТУҒАН БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КүТІМІ | Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати