На головну

ЖАҢА ТУҒАН БАЛА

  1. ШАЛА ТУҒАН БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КүТІМІ

Қазіргі кездегі республикамызда нәресте өлімін төмендету бойынша өткізіліп жатқан стратегиялар (вакцина еңгізу, ауыз арқылы регидратация, тыныс жұқпалардың алдын алуы, отбасын жоспарлау, табиғи жолмен тамақтандыру) өте маңызды болып тұр. Демек, осы жолда әйелдер консультациясына, перзентханаларға, бала ауруханаларына қойылатын мәселелердің мағынасы өте зор.

Ә й е л д е р б о с а н а т ы н б ө л м е жылылығы 26-280 С кем болмау керек. Әйел уақытынан ерте босанатын болса, кувез дайындау керек. Нәрестені орайтын жөргектерді, кіндікті біріншілік және екіншілік өндеу үшін пакеттерді, нәрестенің терісін тазартуға арналған залалсыздандырылған өсімдік майды жылыту үшін кувез ішінің жылылығы 360 С-ден кем болмау жөн. Бала туғаннан кейін кувез ішіндегі жылылық шала туғандықтың дәрежесіне байланысты белгіленеді. Мысалы, 1-1,5 кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 34-350 С, 1,5-2кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 32-34о С, 2,0-2,5 кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 30-320 С, 2,5 және одан артық кг салмағымен туған балаға арналған кувез жылылығы 28-300 С болу керек.

Б а л а н ы қ а б ы л д а у үшін зарарсыздандырылған лоток ішіне акушер жазып қойылған екі жөргектер, шырышты сорып алу үшін арналған резенке баллонды қояды. Акушер бикстен нәрестенің біріншілік тазартуына арналған залалсыздандырылған пакетті алады, оны тек бала туғаннан кейін қана ашады. Осы пакет ішіне екі Кохер қысқышы, анатомиялық пинцет, мақта оралған таяқша, медицина қайшысы, үш-төрт мақта және даке домалақшалары кіреді. Бәрінде йодонат ерітіндісімен, немесе бес пайызды йод және тоқсан бес пайызды спиртпен бірге акушер құралдары үстөліне орналастырады. Босану процессін өткізу алдында акушер қолдарын операцияға дайындалғандай тәсілдердің бірімен жуады, залалсыздандырылған халат, масканы, бессаусақты қолғапты киеді. Туғаннан кейін баланы акушер тездетіп жылы жөргекке алып, анасының ішіне жатқызады. Сорғыш қимылдармен баланы кептіріп, ылғал жөргекті тастап, басқа жөргекті қолданады. Баланың басына балалар тымағын кигізіп, анасының емшегіне салады. Қосымша баланы тағы да үш жөргекпен жабады.

Кіндікке пульсация кезінде кіндік сақинасынан он см қашықтатып бір қысқыш, сегіз см қашықтатып екінші қысқышты салады. Олар арасын тоқсан бес пайыздық спиртке малынған мақта домалақшасымен сүртеді де, залалсыздандырылған қайшымен кеседі. Кесілген жерді бір пайыздық йодонат ерітіндісімен сүртеді. Анасы мен нәресте арасында тері арқылы пайда болған байланыс және баланы ерте ана сүт безіне салғандық ана сүтінің тез пайда болуына және көп мөлшерде бөлінуіне әсер етеді (Табиғи тамақтандыруды қара). Баланың ему қимылдары гипоталамусқа импульстер жіберіп, окситоцин және пролактин пайда болуын қоздырады да сүт пайда болуына әсер етеді. Басқа гормондар да лактацияға (сүт пайда болуына) көмектеседі, олар: кортизол, инсулин, қалқанша безінің гормондары т. б.

Б о с а н а р б ө л м е д е ө т к і з і л е т і н б а л а к ү т і м і (туалеті) тек екі сағат арасында, ананы баласымен бірге босанғаннан кейінгі бөлмеге көшірер алдында өткізіледі. Акушер қолдарын щеткамен ағынды су астында сабындап жуады да, залалсыздандырылған бессаусақтарды киеді. Содан кейін залалсыздандырылған корнцангпен нәрестенің екіншілік өндеуіне арналған пакетті алады. Осы пакетте жөргекке ораған қайшы, бір тамызғыш, пластик қысқышы, жібек немесе даке лигатурасы - ұзындығы он см және диаметрі бір см; үшбұршты даке (кіндік қалдығын лигатурамен байлаған кезде қолддану үшін), мақта оралған ағаш таяқшасы, екі-үш мақта домалақшасы, нәрестені өлшеу үшін см лента.

Акушер баланы екіншілік өндеуіне арналған пакетен тамызғышты алып, екі мақта домалақшаларының көмегімен баланың көз ішіне (қыз баланың жынысты мүшелеріне де) екі-үш тамшы отыз пайызды натрий сульфацил ерітіндісін тамызады. Натрий сульфацил ерітіндісінің орнына қолданылатын эритромицин майының әсері жақсылау болады, ол гонобленореяның алдын алуымен бірге хламидиялық конъюнктивиттің де алдын алады.

К і н д і к т і ң е к і н ш і л і к ө н д е у і келесі тәсілмен өткізіледі. Залалсыздандырылған даке салфеткасы арқылы кіндік қалдығын астынан үстіне қарата қысып, тоқсан бес пайыздық этил спиртіне малынған мақта домалақшасымен сүртеді. Содан кейін кіндік сақинасынан 0,3 см шегініп, кіндік қалдығына пластик қысқышты салады. Залалсыз-дандырылған қайшымен қысқыштың үстінен 0,3-0,5 см шегініп кеседі. Қесілген жердің үстін, кіндік түбін, кіндік аймағындағы теріні бес пайызды калий перманганат ерітіндісіне малынған мақтасы бар таяқшамен сүртеді. Ауыр жағдайда туғандарда, салмағы аз балаларда, жетілмей туғандарда, резус - жанжалы бар балаларда кіндік қалдығына пластик қысқышын емес, жібек лигатурасын, кіндік түбінен үш-төрт см шегініп, салу керек.бұл кезде кіндік қалдығын лигатурадан бес мм жоғары кесу керек.

Кіндік қалдығын калий перманганат ерітіндісімен өндегеннен кейін оның үстіне залалсыздандырылған үшбұршты даке таңбасын салады.

Нәрестенің терісіне қан немесе меконий (туа біткен біріншілік нәжіс) жағылып қалса, акушер жеңіл қимылмен оларды залалсыздандырылған майға малынған мақта домалақшасымен сүртіп алады. Баланы тазартып болғаннан кейін геморрагиялық аурулардын алдын алу үшін бұлшық етке К дәруменін (мефитон, фитоменадион) 0,2 мл көлемінде еңгізеді.

Содан кейін баланың антропометриясын (салмағын, бойын, бас және кеуде айналымын өлшеу) өткізеді. Антропометрия өткізілгеннен кейін акушер білезікшелері мен медальоны бар пакетті алады да, қолдарын қол залалсыздандыратын ерітіндімен сүртіп, пакетті ашып, білезікшелерге және медальонға анасының аты-жөнін, босану тарихінің нөмірін, бала жынысын, салмағын, бойын, туған сағатын, күнін, жылын жазады. Жазып болғаннан кейін акушер тағы да қолдарын залалсыздандырады да, білезікшелерді баланың қолдарына байлап, оны жөргектейді. Жөргек үстіне медальонді байлап, баланы анасымен бірге босанғаннан кейінгі бөлімшеге аударады.

Екі сағат өткеннен кейін бала көздеріне гонобленореяның екіншілік алдын алуын өткізеді. Бала дамуы тарихін толтырғанда - даму тарихінің нөмірі (ф. 112-у) анасының босану нөміріне сәйкес болуы керек. Баланың даму тарихінда анасының аурулары туралы, босанудың ағымы туралы, операция жасалса - оның түрі туралы, Апгар кестесі бойынша бағалауы туралы, баланың антропометриялық көрсеткіштері туралы мәлімет беріледі.

 



  15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   Наступна

Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері. | ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ | Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері | Сүттің кемелділік дәрежелері | Дұрыс тамақтандырудың он принциптері | Осымша тағам беру ерекшеліктері | Баланы қасық арқылы тамақтандыру | Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі | ОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРУ |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати