На головну

ОЛДАН ҚОРЕКТЕНДІРУ

  1. Желілік технологияларды қолдану
  2. Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
  3. Р-да кењінен қолданылатын ақпараттық жүйелер.
  4. С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады.
  5. Тақырып. Винттік берілістер. Олардың қолдану облысы.

Бала өмірінің бірінші жұмаларынан немесе айларынан ана сүтімен қоректенбей (гипогалактияға, анасының ауруларына немесе басқа себептерге байланысты), тек сиыр сүтінен әзірленген қоспалармен тамақтандырылса - тамақтандырудын осы түрін қолдан тамақтандыру (қоректендіру) деп атайды. Тамақтандырудың осы түрін тек ана сүтімен қоректендіруге болмайтыны анық болғанда ғана қолданады.

Сәбиге бірінші өмір жұмаларында басқа әйелдердің донорлық сүтін беруге болады. Қолдан қоректендіру кезінде қоректік қоспаларды сиыр сүтінен дайындайды. Оларды дайындалуына байланысты екіге бөледі: б е й і м д е л м е г е н және б е й і м д е л г е н түрлерге.

Б е й і м д е л м е г е н қоспалар сумен араластырылған сиыр сүтінен жасалады, олар сапасы бойынша әйел сүтінен біраз айырмашылығы бар. Ал б е й і м д е л г е н қоспалар ішіндегі ақ уыздары алдын ала өндеуді өткен, қоспалар ішіне өсімдік майлар, дәрумендер, минералді түздар қосылған, сондықтан бейімделген қоспалар өз құрамы бойынша, биологиялық айырмашылығына қарамай, әйел сүтіне жақын.

Екі топ та екі топшаға бөлінеді: тәтті (жалпы) және қышқыл сүтті қоспаларға. Қолдан қоректендірудегі түрлі тамақ ингредиенттер тұтынушылығы бір килограмм дене салмағына осындай: ақуыздарда - 4,5 г, майларда - 7-7,5 г, көмірсуларда-13-14 г. Олардың ара қатынасы 1:1,5:3. Осыған байланысты, қолдан қоректендіру табиғи тамақтандырумен салыстырғанда, балалар ақуыздарды екі есе артық алуы керек.

Сиыр сүтінде темір және мыс микроэлементтері аз, сондықтан балаға берілетін қоспаларды темірмен және мыспен байыту жөн. Балаларға қосынды тамақтарда да осы себепке байланысты ертерек (бір ай бұрын) беріледі. Қолдан қоректендірудегі баланың күш-қуаттық тұтынушылығы ана сүтімен қорекендіретін баланың тұтынушылығынан 10% жоғары.

Сиыр сүтінің әйел сүтінен айырмашылықтарына байланысты сиыр сүтін сумен араластыру керек. Баланың бірінші айында шамалы қайраттылық бағалылығы бар қоспа түрінде 1/2 сүт тек 4-5 күн бойы беріледі, содан кейін үш айға дейін 2/3 сүт қолданады (В-күріш, В-сұлы, В-қарақұмық), оның орынына қышқыл қоспа беруге болады - 2/3 айран. үш айдан кейін баланы тамақтандыру үшін 5% қант қосылған араластырылмаған сиыр сүті беріледі.

Айтылған қоспалардан басқа қолдан қоректендіру кезінде бейімделген қоспалар түрінде құрғақ сүт қоспалары қолданылады, олар өз қоректік бағалылығы бойынша ана сүтінің бағалылығына жақындатылған. Қолдан қоректендіру үшін соңғы жылдары айраннан басқа тағы да қышқыл сүтті қоспалар («Биолакт», «Нарине», «Балдырған») ұсынылған, жалпы қоспаларға қарағанда олардың біраз артықшылықтары бар: олар жақсы өнделеді, ішекті жұқпалы ауруларынан сақтайды, дисбактериоздің алдын алады.

Соңғы жылдарда құрамы бойынша сапалы, химия-физикалық қасиеттері өзгертілген емізулі балалар үшін б е й і м д е л г е н сүт қоспалары шығарыла бастады. Олар ішіне әр түрлі витаминдер, дәрумендер, минерал тұздары, қанықпаған майлар, т. б. кіреді. Мысалы, Ресейде - «Детолакт», «Виталакт», «Малютка», Қазақстанда «Балбөбек», Венгрияда «Роболакт», Польшада «Бебико І және ІІ», Данияда «Nan», АҚШ-а «SMA Similak», Швецияда «Baby Semp» және т. б.

Бірақта, қолдан қоректендіруге байланысты балаларда аллергиялық жағдайлар пайда болуы мүмкін, сол себептен сүтсіз қоспалар да өз маңызын жоймаған, олар: соя, бадам, ашытқылы сүт. Балада сиыр сүтіне аллергиялық жағдай туса - сүтсіз қоспаларды қолдануға болады.

Қолдан қоректендіру кезінде қолданылатын қоспалардың баланың физиологиялық тұтынушылығына сәйкестігін тексеру үшін міндетті түрде тамақтандырудың есептеуін өткізу керек. Қажет болса, ақ уыз жетіспеушілігінде - ірімшік қосқан жөн, майлар жетіспеушілігінде - сұйық қаймақ, көмірсулар жетіспеушілігінде - қант сиропын.

Тамақтын денеге сіңіп, пайда келтіруі - оларды дайындау әдісімен және дұрыс қолдануымен байланысты.

1. Жасанды қоректендіру кезінде тамақты тойдырмай немесе аса тойдыра беруге балады. Осы жағдайды тексеру үшін тамақтың қуаттық бағалылығын, ақуыздар, майлар және көмірсулар мазмұнын жүйелі түрде есептеп түру керек.

2. Тамақтын мөлшері мен калориялық құрамы жеткілікті болуға тиісті.

3. Сиыр сүтінің ақуызын сіңіру әжептәуір қиындау, сондықтан тамақтандыру арасындағы үзілістер табиғи тамақтандыруға қарағанда ұзындау болуы тиісті.

4. Қосымша тамақты сорғыш арқылы емес, қасықпен берген дұрыстау болады. Осы кезде бала ағзасына патогенді қоздырғыштардың еңу мүмкіндігі төмендейді

5. Берілетін қоспалар әрдайым зарарсыз болу тиісті, олардың жылылығы 35-400 болуы тиісті.

6. Сүт қоспасын басқаға ауыстыру үшін ана дәріігермен ақылдасуы керек.

7. Баланы ұйықтап немесе жылап жатқанда тамақтандыруға болмайды.

8. Тамақ беріп болғаннан соң ішке кеткен ауаның шығуы үшін баланы қолға алып тік көтеру керек.

 



  13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   Наступна

ИМЫЛДАР ПАЙДА БОЛУЫ | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері. | ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ | Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері | Сүттің кемелділік дәрежелері | Дұрыс тамақтандырудың он принциптері | Осымша тағам беру ерекшеліктері | Баланы қасық арқылы тамақтандыру |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати