загрузка...
загрузка...
На головну

ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ

  1. АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ

ХІХ ғасыр аяғына дейін әйелдер балаларын тек өзінің сүтімен емізген. ХХ ғасыр басында сүт орнына әр түрлі жасанды қоспалар әзірлене басталады. Зауттар, фабрикалар өсіп, жарнамалар қолданылды. өндірушілерге бұл өте түсімді іс болып шықты. өндірушілер «балаға ана сүтінен гөрі арнайы балалар тағамдары пайдалы» деп, клиникалар және ауруханалар үшін шығарылатын ана сүтін алмастыраушы қоспалардың жарнамалық плакаттарын көзге шалынатындай, ашық түсті бояуларды қолданып, жасайтын болды. Осы жарнамалық плакаттар бетінде дені сау балалар және бақытты аналар бейнеленгендігіне қарағанда, баланың денсаулығы тек осы қоспаны қолданғандықтан қана жақсы болып тұр деп ойлауға болады.

Бала сүт безін ему кезеңдері

а - бала дұрыс жағдайда еміп жатыр, б - сүт безі бала ауыз қуысында дұрыс қалыпта сорғыш түрінде орналасады, в - толқын тіл бойы өтіп, сүтті сығып шығарады.

Емізіп жүрген әйелдер арасында тарату үшін және жасанды қоректендірудің ана сүтіне қарағанда артықшылықтарын көрсету мақсатымен өндірушілер медициналық қызметкерлерге ана сүтін алмастыратын қоспалардың нұсқаларын тарататын болды. Айтылғанға қызыққан әйелдер өз балаларын табиғи қоректендіруден жасанды қоректендіруге көшірді. Осыған байланысты табиғи тамақтандырудың жиілігі де және ұзақтығы да төмендеді. Батыс жақта табиғи тамақтандырудын ең төмен көрсеткіші алпысыншы жылдарға келді. Тек 20-25% әйелдер балаларын ана сүтімен тамақтандырған. Кеңес үкіметінде де жағдай тап осындай болған.

Жетпісінші жылдардан бастап әйелдердің бала тамақтандыруына көзқарасы ауысып, бұл қателік жөнделе басталды. Аналар өз сүті - ең жақсы, ең сапалы тамақтандыру түрі екеніне, жасанды тамақтын қауіптілігін және шығындығын, балалар арасында түрлі сырқаттардың бел алуына осы жағдай себепкер болғанына түсіне бастады.

Сексенінші - тоқсаныншы жылдардын ортасында көп деген елдерде ДДСҰ (ВОЗ) бастамасы бойынша бірінші жастағы балаларды тамақтандыруы бойынша көзқарасы өзгерді.

Сонда да табиғи тамақтандырудың көрсеткіші қазіргі күнге дейін төмен болып тұр. Негізгі себебі - әйелдерде табиғи тамақтандыруға нұсқаманың жоқтығы, бұл нұсқама босанғанға дейін, аяғы ауыр әйелдерде тәрбиелену керек. Екіншіден - медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз белсенді айқындамасы.

Ғалымдар зерттеуіңе байланысты, ана сүтінің көп деген жаңа қасиеттері ашылды. Олардың жаңалықтары бойынша ана сүтін емген балалар ақылының дамуы жасанды тамақ ішкен балалар ақылының дамуымен салыстырғанда жоғары нәтижелерге жетеді Осыған қосымша, ана сүті баланы жұқпалы аурулардан сақтап, болашақта қалыпты психикалық дамуына әсер ететіні белгілі болды. Балаларды жасанды қоспалармен тамақтандыруы олар арасында жедел және созылмалы аурулардың ауырмашылық қауіпсіздігін көтеретіні де анықталды.

Ана сүті баланы қант диабетінен, ас қорыту мүшелердің ауруларынан сақтайтындай мүмкіншілігі бар екен. Осы аурулардың бәрі де жасанды тамақтандыруда болған жеткіншектерде және ересек адамдарда кездесетіні анықталды. Табиғи тамақтандыру әйелдер денсаулығына да біраз пайда тигізетіні белгілі болды

1981 жылы ДДСҰ (ВОЗ) «Ана сүтін алмастырушы қоспалардың маркетингі бойынша халықаралық кодексін» қүрастырды. Осы кодекс бойынша қоректендіру қоспалардың жарнамаларын жою керек, бала қоспасы бар ыдыста «ана сүтінен артық тамақ жоқ» деген анық жазылған ескерту болғаны жөн, құлақша қағазда дені сау баланың суреті болмау керек.

Т а б и ғ и т а м а қ т а н д ы р у д ы ң т ө м е н д е у і н е м ү м к і н д і к т у ғ ы з а т ы н ф а к т о р : Аяғы ауыр әйелдерді босануға дейін (антенаталдық кезеңде) медицина қызметкерлері сәбиді өз ана сүтімен емізуге дайындамайды. Сондықтан, босанатын жас әйелдің табиғи тамақтандыру артықшылықтарын, емізу іс әрекетін, сүтті сауып тастау туралы білімдері аз.

- ДДСҰ ұсынысы бойынша сәбиді кіндігін кесіп, денесін сүртіп, құрғатқаннан кейін, 30 минут арасында анасының кеудесіне жатқызу керек, сосын анасы сәбиін емізеді. Осы кезде ананың сүті көбейе бастайды.

- ДДСҰ ұсынысы бойынша балаға 4-6 айға дейін ана сүтінен басқа сусындар, қоспалар бермеу керек. Ерте берілген қоспалар диареяны (нәжістің сұйықтауы) қоздыруы мүмкін. Бала еме алса, анасы емізе алса - емізуге ешқандай қарсылықтар болмауы керек.

- Ему әрекеті - бала үшін үлкен жұмыс. Сорғыштар және шынылар балаға зиян келтіреді, ему әсерін бұзады, бетінің дамуын өзгертеді. Олар ішек жұқпалы ауруларының себебі болып табылады. Сондықтан, оларды балаларды тамақтандыру үшін қолданбаған жөн.

- Табиғи тамақтандырудың экономикалық маңызы бар

- Табиғи жолмен тамақтандыру баланы анемия, респираторлық инфекциясы, тері инфекциясы сияқты аурулардан қорғайды.

- Ана сүті - мешелге қарсы пайдалы зат. Сүтпен бірге сәби 300-400 ХБ Д дәруменін тәулігіне емеді. Қалған Д дәруменінің көлемі тері арқылы ағзаға түседі. Сондықтан, бала жиі таза ауада серуендеуі тиіс.

- Бала анасының қасында жату тиісті, бала ашыққанда, анасы оны емізе салады. Сүт көбеюдің негізгі ережесі: бала сүтті көп мөлшерде емсе - сүт көп молшерде пайда болады. Осыған қосымша, жас босанған әйелдің аналық сезімі оянады.

 



  6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   Наступна

Рсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін). | ЖАС БАЛАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ | Жаңа туған баланың бойын өлшеу | Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу | Бір жасқа дейінгі балалардың физикалық дамуы бойынша көрсеткіштері | ДЕНСАУЛЫҚ ТОПТАРЫ | ЖүЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ | ИМЫЛДАР ПАЙДА БОЛУЫ | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати