загрузка...
загрузка...
На головну

ДЕНСАУЛЫҚ ТОПТАРЫ

  1. Тауар топтарының ұтымды орналасуы.

Кешендік бағалау негізіне байланысты денсаулық топтары белгіленеді.

Б і р і н ш і денсаулық тобына дені сау, физикалық және психикалық дамуы жасына сәйкес, созылмалы не туа біткен ақаулары жоқ балалар жатады.

Е к і н ш і денсаулық тобына дені сау, генеалогиялық, биологиялық, әлеуметтік, морфологиялық анамнезінің өзгерістері бар балалар жатады, оларда созылмалы патологиялар пайда болу мүмкіншілігі өте жоғары. Екінші топ екіге бөлінеді: ІІ-А және ІІ-Б топшаларына. ІІ-А топшаға дені сау, созылмалы патологиялар пайда болу мүмкіншілігі өте шамалы балалар жатады. Осы ІІ-А денсаулық топшаның қауіп-қатерлі жағдайлары:

- туар алдындағы кезеңде - анасының әр түрлі аурулары, кәсіптік зияндылығы, : ата-анасының маскүнемдігі, бала туар алдындағы анасының шағы (он сегізден жас не отыз жастан асқан әйелдер), қансыраулар, аяғы ауыр әйелдің қан қысымының жоғарлауы немесе төмендеуі,

- босану кезеңде - шапшаң босану, ұзақ сусыз кезең, бала жолдасының және кіндіктің патологиясы, туу кездегі қансырау, ұрықтың дұрыс емес жағдайы

- ауырландыратын генеалогиялық анамнез - әр түрлі тұқым қуалау аурулар, т.б.

- ІІ-А топқа жататын балалар өз денсаулығы бойынша бірінші топтың балаларына жақын.

- ІІ-Б топшаға дені сау балалар жатады, тек ұрықтық және жаңа туғандық кездерде қауіп-қатерлікке байланысты кейбір жағдайлар кездеседі, олар болашақта баланың денсаулығына әсер етеді. Бұл үлкен еңбектің туғандағы кішкентай көлемі, шала туғандық, босанудың мерзімі уақытынан асып кеткендік, "ірі" балалар, нәрестенің гемолиздық ауруы, гипотрофияның І дәрежесі, психикалық дамуы қалып қойған балалар, тубвиражды балалар, қан қысымы тез жоғарылуға не төмендеуге және пульс жиілігі өзгеруге жақын балалар, ас қорыту жүйесінің бұзылыстары бар балалар, жүрек-қан тамыр жүйесінің функциялық өзгерістері бар балалар,бірінші-екінші дәрежелі тіс жегісі бар балалар және т.б. жағдайлар.

- Ү ш і н ш і топқа компенсация жағдайдағы созылмалы ауруы бар немесе тумастан біткен аурулары бар науқастар жатады. Бұл балаларда негізгі аурудың шиеленісуі сирек және жеңіл түрлерде өтәді де баланың жалпы жағдайы мен көңіл күі өте өзгере қоймайды. Осы топқа жататын балалар жылына сегіз және сегіз реттен жиі әр түрлі интеркурренттік аурулармен ауырады, басқаша айтқанда олар ай сайын және тұрақты түрде жедел аурудың немесе созыңқы реконвалесценциялық жағдайда бола береді.

- Т ө р т і н ш і топқа субкомпенсациялық жағдайдағы созылмалы аурулары, тумастан біткен ақаулары бар, жиі ауыратын және психикалық дамуынан қалатын балалар жатады. Олардың жалпы жағдайы мен көңіл күі нашарлайды, барлық жүйелерінің және мүшелерінің өзгерістері белгіленеді.

- Б е с і н ш і топқа декомпенсация жағдайдағы өтіп жатқан ауыр созылмалы аурулары бар, ауыр түрлі тумастан біткен даму ақаулары бар балалар жатады. Осы топқа жататын балаларда морфологиялық, функциональдық өзгерістер тек ауыратын мүше емес, басқа мүшелерде және жүйелерде кездеседі. Осы топтын балалары мүгедектікке ұщырайды.

Бірінші топқа жататын дені сау балалар жасына сай педиатр-дәрігермен қабылданады. Олардың ата-аналарымен келесі алдын-алушылық жұмыс өткізіледі: жеке бас гигиенасына байланысты білім беріледі, баланы дамыту және тәрбие беру жағынан іскерлік және дағдылар қалыптастандырылады.

ІІ топтың балалары жиі жедел аурулары созылмалы ауруға айналып кетуіне байланысты қауып-қатерлі топқа жатады. Сондықтан осы топтың балалары жиілеу бақыланады, оларға алдын алу, емдеу-сауықтыру шараларды міндетті түрде, уақытында және ауруына үйлесімді өткізу керек.

ІІІ, IV, V топтарға жататын балаларды әдістемелік ұсыныстарда белгіленген мерзімдерге байланысты педиатр және әдейіленген мамандар диспансерлік тізімге міндетті түрде алып, қабылдауы керек.

Сонымен, баланың денсаулық жағдайын бағалауға байланысты, медициналық қызметкерлер тек жалғыз денсаулық деңгейін анықтап тұрмай, ерте пайда болған ауытқуларды айқындауға, уақытында емдеуге, сауықтыруға мүмкіншілік алады.

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

КІРІСПЕ | Рсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін). | ЖАС БАЛАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ | Жаңа туған баланың бойын өлшеу | Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу | ИМЫЛДАР ПАЙДА БОЛУЫ | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені | Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері. | ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати