загрузка...
загрузка...
На головну

Тақырып. Иілу. Иілу моменті мен көлденең күштер. Олардың эпюраларын салу.

  1. Байланыстар және олардың реакциялары
  2. Бас векторы және бас моменті
  3. Бас векторы мен бас моменті
  4. Күштің өске қатысты моменті
  5. Күштің нүктеге (центрге) қатысты моментінің векторы
  6. Күштің центрге қатысты алгебралық моменті
  7. Кері байланысы бар жүйелердің сипаттары жəне олардың ерекшеліктері

Егер, деформация кезінде арқалықтың көлденең қимасында тек қана көлденең күштер мен иілу моменттері пайда болатын болса, ондай деформация иілу деп аталады.

Иілу кезінде иілу моменттері ғана пайда болса, яғни көлденең күштер жоқ, ондай иілу таза иілу, ал егер иілу моменттерінен басқа көлденең күштер пайда болатын болса онда ол көлденең иілу болып табылады.

Егер қимадағы иілу моменттің әсер ету жазықтығы арқалықтың көлденең қимасының бас центрлік осьтерінің біреуінен өтсе, онда иілу жазық иілу деп аталады. Ал басқа жағдайда қиғаш иілу деп аталады.

Арқалықтың көлденең қимасындағы көлденең күштер әріпімен, ал иілу моменттері әріпімен белгіленеді және олар қима әдісімен анықталады. Иілу кезінде көлденең күштер мен иілу моменттерінің таңбалары төмендегідей ережелермен анықталады:

Көлденең күштің таңбасы оң шама болады, егер ол қиманың оң жағынан төменқарай және сол жағынан жоғары қарай бағытталса, ал егер оң жағынан жоғары және сол жағынан төмен қарай бағытталса онда оның таңбасы теріс шама болады. (22.1а, сурет)

Иілу моменттерінің таңбасы оң шама болады, егер ол қиманың оңжағынан және сол жағыныан жоғары бағытталса, ал егер керісінше оң жағынан және сол жағынан төмен қарай бағытталса теріс шама болады (22.1б, сурет).

22.1-сурет. Көлденең күштер мен иілу моменттерінің ережесі.

Мына тәуелділіктерге байланысты арқалықтың эпюрасы дұрыс болып есептеледі:

1. Шоғырланған күштер арасында, егер олардың арасында таралған жүк болмаса, жалпы жағдайда эпюрасы көлбеу сызық, ал эпюрасы көлденең сызық.

2. Біркелкі таралған жүгі бар арқалықтың бөліктерінде эпюрасы екінші дәрежелі параболамен шектелген, ал эпюрасы көлбеу түзу.

3. Көлденең күш нольге тең ( ) болған қимада, иілу моментінің экстремалды мәні болады.

4. Біркелкі таралған жүгінің әсері кезінде эпюрасы ң әсерінің жағына қарай дөңес болады.

5. Шоғырланған күштердің және арқалықтың осіне перпендикуляр тірек реакцияларының нүктелерінде эпюрасының сынуы және эпюрасының секіруі сәйкес келеді, секіру шамасы күштің шамасына тең;

6. Шоғырланған моменттер түскен нүктеде эпюрасының сол моменттің мәніне секіреді.

 



  20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   Наступна

Тақырып. Қатты дененің күрделі қозғалысы. | Тақырып. Динамиканың негізгі ұғымдары және жалпы заңдары. | Тақырып. Даламбер принципі. Нүктенің қисық сызықты қозғалысы кезіндегі инерция күші. | Тақырып. Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жұмыс және қуат. | Озғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. | Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема. | Тақырып. Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және есептері. | Тақырып. Қима әдісі. Деформацияның түрлері. Толық, нормалдық және жанамалық кернеулер. | Созылу немесе сығылу. Бойлық күштер және оның эпюрасы. | Тақырып. Бұралу. Бұралу моментінің эпюрасы. Бұралу кезіндегі кернеу және деформация. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати