загрузка...
загрузка...
На головну

Созылу немесе сығылу. Бойлық күштер және оның эпюрасы.

  1. Ағза және тіршілік ету жағдайы
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  3. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  4. Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
  5. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
  6. Байланыстар және олардың реакциялары
  7. Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру

Егер деформация кезінде тек қана бойлық күш пайда болса, ондай деформацияның түрін созылу немесе сығылу деп атаймыз(19.1-сурет).

19.1-сурет. Созылу-сығылу деформациясы.

Сырыққа күш әсер етпеген кездегі ұзындығы болса, күш әсер еткеннен кейін оның ұзындығы ға ұзарады немесе қысқарады, яғни өзек сәйкесінше созылады немесе сығылады(19.1-сурет).

Абсалюттік ұзару сырықтың бастапқы ұзындығына байланысты, сондықтан деформация кезінде өзектің салыстырмалы бойлық деформациясын былайша өрнектеуге болады:

Мұндағы, өзектің абсалюттік ұзаруы немесе қысқаруы, өзектің бастапқы ұзындығы.

Өзекті созылу-сығылуға есептеген кезде, өзектің барлық талшықтары бірдей шамаға созылады немесе сығылады деп қарастырамыз және өзектің созылуы немесе сығылуы тек қана кернеуге байланысты деп есептейміз, яғни өзектің темперетурасы мен күш жұмсауға кеткен уақытты ескермейміз.

Созылу немесе сығылу кезінде тек қана нормалдық кернеу пайда болады және ол былайша анықталады:

мұнда, өзектің көлденең қимасының ауданы; өзектің көлденең қимасындағы бойлық күш.

Созылу-сығылыу кезінде беріктік шартын былайша жазамыз:

Мұнда, мүмкін болатын нормалдық кернеу, ол өзектің материалына тәуелді болады.

Осы беріктік шарты бойынша мынадай есептер қарастыруға болады: өзекті беріктікке тексеруге, өзекке әсер ететін жүктемеге байланысты көлденең қима таңдауға және көлденең қимаға байланысты жүктеме таңдауға.

Созылу-сығылу кезінде өзектің көлденең қимасындағы бойлық күш қима әдісі бойынша анықталады.

Егер, бойлық күш қимадан сыртқа қарай бағытталса оң шама, ал егер қимаға қарай бағытталса теріс шама болады.

Өзектің көлденең қимасындағы ішкі күштің өзгеру графигі оның эпюрасы деп аталады.

Көптеген материалдардардың аздап ұзаруы кезінде олардың деформациясы қимада пайда болатын күш кернеуімен тығыз байланысты болады. Бұл байланысты материалдың серпімділік қасиетіне сәйкес алғаш рет 1678 жылы Роберт Гук ашты:

Мұндағы, Е - материалдың серпімділік модулі.

Серпімділік модулi заттардың қатаңдығын сипаттайды және оның шамасы арнаулы тәжірибелер арқылы табылады.

Жоғарыдағы салыстырмалы бойлық деформация формуласының және Гук заңындағы салыстырмалы бойлық деформация формуласының негізінде өзектің абсалюттік ұзаруы немесе қысқаруын былайша анықтауға болады:

Кейбір материалдардың серпімділік модульдарын мына кестеден көруге болады:

Кесте 10.1

Материал Е, МПа Материал Е, МПа
Болат Шойын Жез, титан Қола Алюминий (2,0...2,1)∙ (0,7...1,6)∙ 1,2∙ 0,675∙ Бетон Шыны пл. Белдік Шыны Ағаш (1...3)∙ (0,18...0,4)∙ (0,05...1,2)∙ (0,55...0,7)∙ (0,08...0,12)∙


  17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   Наступна

Тақырып. Үйкеліс күші туралы түсінік. Сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі. | Тақырып. Кинематиканың негізгі ұғымдары. Нүктенің қозғалысының кинематикадағы түрлері. | Тақырып. Айналмалы қозғалыс кезінде нүктенің жылдамдығы және үдеуі. | Тақырып. Қатты дененің күрделі қозғалысы. | Тақырып. Динамиканың негізгі ұғымдары және жалпы заңдары. | Тақырып. Даламбер принципі. Нүктенің қисық сызықты қозғалысы кезіндегі инерция күші. | Тақырып. Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жұмыс және қуат. | Озғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. | Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема. | Тақырып. Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және есептері. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати