загрузка...
загрузка...
На головну

Тақырып. Техникалық және теориялық механиканың бөлімдері. Негізгі ұғымдар. Статиканың аксиомалары.

  1. Ағза және тіршілік ету жағдайы
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  3. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  4. Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
  5. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
  6. Байланыстар және олардың реакциялары
  7. Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру

Техникалық механика негіздері пәні жалпы техникалық білім берудің өте маңызды жиыны болып табылады және теориялық механика, материалдар кедергісі, машина бөлшектері деп аталатын үлкен үш тараудан тұрады.

Теориялық механика тарауы материялық денелердің механикалық қозғалыстарының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым болып табылады.

Теориялық механика статика, кинематика және диамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады:

1. Статика бөлімінде тыныштықта тұрған абсалютті қатты денелерге, әр түрлі күштер жүйесі әсер еткен жағдайдағы тепе-теңдік шарттарын қарастырады.

2. Кинематика бөлімінде әсер ететін күштерді ескермеген жағдайдағы, материялық нүктенің немесе абсалют қатты дененің қозғалыстарының жалпы геометриялық сипаттамлары зерттеледі.

3. Динамика бөлімі материялық нүктенің немесе абсалют қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалысқа себебші болатын әсер етуші күштер және қозғалыстағы материялық объектілердің инерттілігін қарастырады.

Кез-келген екі нүктесінің ара қашықтығы тұрақты болатын денені абсалютті қатты дене деп атайды.

Өлшемін ескермеуге болатын массасы бар денелер немесе дене бөлшектері материялық нүкте деп аталады.

Материалық денелердің бір-біріне әсерлерін сандық мөлшермен анықтайтын және материалық денелердің өзара әсерлерін сипаттайтын шаманы күш деп атаймыз. Оның өлшем бірлігі халықаралық бірліктер жүйесінде Н немсе кН болып қабылданған. Күш бағытталған векторлық шама, ол үш көрсеткішпен бейнеленеді(1.1,а сурет): әсер ету нүктесі(А нүктесі), әсер ету түзуі немесе бағыты(ED түзуі) және шамасы.

Күш векторының барлық ұзындығында күш шамасының қанша бірлігі бар екендігін сипаттайтын шаманы, күш масштабы деп атаймыз. Оның халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі немесе болып қабылданған.

1.1-сурет.

Статика негізінде адамзаттың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде тұжырымдалып математикалық дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналған заңдылықтар жатады.

Осы аксиомалар статикада қарастырылатын барлық мәселелерді қорытып шығаруға әбден жеткілікті.

1-ші аксиома(екі күштің тепе теңдік шарты туралы).

Сан мәндері тең бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған еркін қатты денеге әсер етуші екі күш әсерінен дене тепе-теңдікте болады(1.1,б сурет).

2-ші аксиома(күштер жүйесін түрлендіру туралы). Өзара теңескен күштер жүйесін қосқаннан немесе алып тастағаннан берілген күштер жүйесінің қатты денеге әсері өзгермейді.

3-ші аксиома (күштер параллелограмының заңы). Дененің бір нүктесіне түсірілген екі және күштерінің тең әсер етуші күші сол нүктеге түсіріледі де, сол нүктеден салынған параллелограмның диоганалімен бағытталады(1.2-сурет).

1.2-cурет. Күштер параллелограмы заңы.

4-ші аксиома (әсер және қарсы әсер туралы заң). Екі дененің бір-біріне әсер ету күштері, шамасы жағынан тең және бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталады(1.3-сурет).

1.3-сурет. Әсер және қарсы әсер туралы заң.

және күштері әртүрлі денеге түсірілген, сондықтан бұл күштер тепе-теңдікте болатын күштер жүйесін құра алмайды.

5-ші аксиома (қатаю принцпі).

Егер қатты емес дене тепе-теңдікте болса, онда ол қатты денеге айналғанда тепе-теңдік шарты бұзылмайды.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | Аналитикалық тәсіл. | Тақырып. Күштің нүктеге қатысты моменті және оның қасиеттері. Қос күштер. | Тақырып. Еркін және еріксіз денелер. Байланыстар және байланыстар реакциясы. | Денелерді жылжымайтын цилиндрлік топсамен байланыстыру. | Тақырып. Жазықтықтағы кез-келген күштер жүйесі. | Тақырып. Арқалықтық жүйелер. Жүктеменің және тіректің түрлері. | Тақырып. Ауырлық центр. Кейбір фигуралардың ауырлық центрларының орыны. | Тақырып. Дененің тепе-теңдігінің орнықтылығы. | Тақырып. Үйкеліс күші туралы түсінік. Сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати