На головну

Кіріспе

  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. КІРІСПЕ
  6. КІРІСПЕ
  7. Кіріспе

«Фармакология» - медициналық жоғары оқу орындарындағы барлық мамандар үшін студенттердің оқуына қажетті пән, себебі бұл тірі ағза мен дәрілік заттардың арасындағы әрекеттесуді және әсерді зерттейтін ғылым және медицина пәндірінің ішіндегі ең қиыны болып саналады, себебі бұл салада он мыңға жуық химиялық қосылыстарды зерттейді. Солардың ішінде клиникада тек бірнеше онға жуық, жаңа, жоғары белсенді дәрілік препараттар қолданылады, олардың әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері анықталуда, кеңейтілуді немесе өзгертілуді.

Қазіргі кезде фармацевтикалық тәжірибеде (сонымен қатар дәрігерлік рецепт жазу кезінде) дәрілік препараттардың халықаралық патенттелмеген атауын (ХПА) қолдану шешілген, осыған қарамастан қолданыстағы фармакология оқулықтар саудалық атауын әлі күнге дейін қолдануда.

Сонымен қатар, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде оқитын студенттер үшін, жалпы және рецептурасы бар жеке фармакология оқулықтары жетіспейді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, «Фармакология-1» Типтік бағдарламасына сәйкес, «Жалпы медицина» мамандарының 2 курс студенттері үшін, «Фармакология негіздері рецептурамен» атты оқулығы жасалды.

Бұл кітап студенттерге осы пән бойынша дағдыны қалыптастыруға және әртүрлі аурулар кезінде препараттарды тиімді талдауды қамтамасыз ету икемділігі үшін және өзіндік жұмыстарды орындаудың оңтайландыруында, білім алуға көмектесуге бағытталған.

ҚР медициналық жоғары оқу орындарында оқулық әдебиеттерінің басылымы мен дайындауды ұйымдастырудың Ережелеріне сәйкес, дәрілік препараттардың коммерциялық атауының ескерілуі ұсынылмайды, сондықтан барлық талаптарды ескеріп, оқулықта халықаралық патенттелмеген атаулары берілген.

Бұл оқулықта жіктелудің жүйелік сипаттамасы және дәрілік препараттардың топтық мінездемесі, сонымен қатар әрбір дәрінің сипаттамасы, оның жиі кездесетін синонимдары, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері, дәрілік түрі, рецепт үлгісі берілген. Кейбір бөлімдерде мәліметтерді жеңіл ұғыну үшін, дәрілік препараттар топтарының жалпы сипаттамасымен кестелер мен әсер ету механизмі бойынша суреттер келтірілген.

Қорытындылай келе айта кететін жәй, ақпараттар көлемінің үнемі өсуімен және дәрілер санының көбеюімен, оқулық қосымшамен және өзгерістермен қайта басылымға шығарылады.

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати