загрузка...
загрузка...
На головну

Аллергияға қарсы дәрілер

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  3. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  4. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
  5. Антихолинэстеразды дәрілер
  6. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар

Аллергия - әртүрлі заттардың ағзаларға әсерінен болатын (жоғары сезімталдық) сенсибилизация салдарынан туындайтын патологиялық үрдіс.

Ағзаның бөгде заттарға сенсибилизациясы мен аллергиялық реакциялардың дамуы иммунды жүйенің қатысуымен жүреді (11.3.1. сурет). Ағзаға түскен бөгде заттар белгілі бір жағдайларда (мысалы, ақуыздармен байланысқан кездерде) антигендік қасиетке ие болады. Бөгде заттардың ақуыздары табиғи болған кезде (алдын ала айналусыз) өздері антигендік қасиетке ие болып келеді. Антигендердің айрықша ерекшеліктеріне - лимфоциттерді белсендіретін қабілеті жатады, яғни антиденелерді өндіретін пламоциттерге айналады.

Антиденелер ерекше ақуызды бөлшектер, олар ангигендермен әрекеттеседі және олармен тұрақты жиынтықтар түзейді. антиденелер сонымен қатар, ағза тіндерінің кейбір жасушаларында орнығатын қабілеті бар. Көп жағдайларда антиденелер месше жасушалардың беткейінде орнығады, оларды әртүрлі биологиялық белсенді заттар болады (гистамин, серотонин, простагландиндер, гепариндер және т.б.).

Антиденелердің орнығуы арқасында месше жасушалар сенсибилизирленеді. Бұл, яғни ангигендірдің ағзаға қайта түсуі кезінде, олар аталған жасушалар беткейіндегі антиденелермен әрекеттеседі. Соңғысы месше жасушаларының деграниляциясына (бұзылуына) әкеледі және олардан қоршаған тіндерден биологиялық белсенді заттардың босап шығуына әкеледі. Месше жасушаларындағы болатын биологиялық белсенді заттар, өздерінің қасиеті бойынша аллергия медиаторына жатады, яғни жергілікті және жалпы аллергиялық реакцияны туғызуға қабілетті.

Гистамин -биогенді амин, ол гистидиннің декарбоксилирленуі кезінде түзіледі және түзілгеннен кейін жиналады немесе тез бұзылады. Ол өмірге қажетті қызметтерді реттейді, сонымен қатар ОЖЖ-нің медиаторы. ОЖЖ-де пресинаптикалық ұштарында гистаминергиялық нейрондар болады.

Нейромедиатор ретінде ОЖЖ триггер жұмысының - құсу орталығы аймағында вестибулярлы рефлекстерді жүзеге асыруға қатысады, күйзеліс кездерінде симпато-адренал мен гипофиз-адренал жүйесінің мобилизациясына, асқазанның секреторлы қызметі мен шырышты қабатының трофикасын реттеуге қатысады.

Тіндерде біркелкі орналаспайды. Гистамин байланысқан түрде жасуша ішілік қорда болады, физиологиялық белсенділік көрсетпейді. Онда гстамин екі түрде болады:

Тұрақты байланыста - көптеген тіндерде (ОЖЖ) физиологиялық реакцияларға қатысады (асқазан бездерінің секрециясы, регенерирлеуші және өсуші тіндердегі ақуыз синтездеріне, капилляр ұанайналымын реттейді, ОЖЖ-де жүйке импульстарының берілуін, ауыру мен қышыну рецепторларының белсенуі;

Салыстырмалы нықты байланыста - Эрлих месше жасушаларындағы (90%) және базофильді (10%) гепаринді-ақуызды жиынтық, аллергия кезінде босап шығады.

Гистамин қабыну үрдісінің дамуындағы кез келген табиғатына қатысады. Тіндердің гиперемиясын, қабыну ісінуінің дамуына әкелетін тамырлардың суға, ақуызға, нейтрофильдерге өткізгіштігін жоғарылатуды туғызады.

Гистамин үшін үш типті рецепторлар тән; Н1, Н2, Н3. Н1-гистаминді рецептордың қозуы бронхтың, ішектің спастикалық жиырылуымен жүреді. Н2-рецепторлардың қозуы үшін ең тән қасиет асқазан бездерінің секрециясының жоғарылауы жатады. ОЖЖ-гі Н3-рецепторларының қозуы ұзақ уақытқа тыныштандырғыш, ұйқыны (димидролдың ұйқыны туғызатын әсері осымен түсіндіріледі).

Н1- рецепторлары ішектің, бронхтың, жүкті емес жатырда, ұсақ тамырлардағы тегіс салалы бұлшық еттерінде және ОЖЖ- орналасқан.

Н2-рецепторлар асқазанның тостаған жасушаларында, жүректе, месше жасушаларында, базофильді және нейтрофильді лекоциттерде, жүкті жатырда орналасқан.

Гистаминді Н1-рецепторлармен әрекеттесу арқылы, гистамин инозитол-3-фосфат пен диацилглицеролдың босап шығуымен жүретін фосфотидилинозитолды ыдырататын жасуша мембранасындағы фосфолипаза С белсендіреді, ол тегіс салалы бұлшық еттердегі ретикулумдағы эндоплазматикадан кальцийдің босап шығуына ықпал етеді және сонымен олардың жиырылуына әкеледі.

Яғни, гистамин Н1-рецепторларға әсер етумен бронхтың, артериолдардың, венуланың тегіс салалы бұлшық еттеріні жиырылуын туғызады, әсіресе алдыңғы және кейінгі капиллярлардың, ішектің және жатырдың сфинктерін. Гистаминнің үлкен мөлшерде босап шығуы бронхтың тарылуына, жрекке қанның қайта келуінің шектелуін, жүрек лақтырысының азаюы мен ұанның минуттық көлемінің азаюына әкеледі; жасуша аралық кеңістіктің кеңеюінің арқасында тамырлар қабырғасында плазманың сұйық бөлігінің транссудациясы күшейеді, қан қоюланады, АҚК азайады. Осының барлығы АҚ төмендеуіне әкеледі және тіндердің гемоперфузиясын нашарлатады.

Сурет. 11.3.1. Аллергиялық реакцияның даму кестесі және аллергияға қарсы дәрілердің негізгі әсер ету бағыты

Терінің сезімтал рецепторларының тітіркенуі күйдіру, қышыну және ауыру сезімдерін туғызады. Гистаминнің ықпалын азайту немесе алдын алу мақсатымен гистаминге қарсы дәрілер қолданылады, олар гистаминді рецепторларды тежейді. Олар гистаминнің синтезіне және бөлінуіне әсер етпейді, олар рецепторлармен байланысуға бәсекелестік болады (яғни гистаминге қарсы дәрілердің әсерінен бос гистаминнің бөлінуі өзгермейді).

Аллергиялық реакциялар үрдісіне кедергі жасау үшін, гистаминге қарсы дәрілерден басқа да препараттар тобын қолданады.

Аллергияға қарсы дәрілерге жатады:

1. Н1-рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттар (дифенгидрамин гидрохлориді, мебгидрамин, квифенадин, хлоропирамин, прометазин гидрохлориді, клемастин, астемизол, цетиризин, лоратадин).

2. Мес жасушаларының бұзылуына кедергі жасайтын дәрілер (кромоглиций қышқылы, недокромил натрий, кетотифен).

3. Глюкокортикоидты дәрілер («Бүйрек үсті безі қыртысы гормондарының дәрілік заттары» тақырыбын қарау).

4. Аллергияға қарсы симптоматикалық дәрілер (эпинефрин, аминофиллин, теофиллин).



  84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   Наступна

Тарау. Иммунотропты дәрілер | Цитостатикалық дәрілер | Антибиотиктер | Антиденелер препараттары | Иммунды белсендіруші дәрілер | Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері | Жасанды препараттар | Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері | Интерферондар (ИФН) | Интерлейкиндер |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати