загрузка...
загрузка...
На головну

Интерферондар (ИФН)

Интерферондар -жалпы ұғым, вирус енуіне байланысты ағза жасушаларымен өндірілетін, қасиеттері ұқсас ақуыздардың тізбегі. Интерферондар арқылы жасушалар вирус әсеріне төзімді келеді. Адам ағзасындағы интерферондарды жасуша түріне байланысты мынадай түрлерге бөледі: α,β,γ. Интерферондардың ең таңымал қасиеті, олардың вирустарды көбеюін шектеуі. Интерферондар вирусты инфекцияға жауап ретінде сүтқоректілер мен құстар жасушаларында түзіледі. Жасуша зақымдалғанда вирус көбейе бастайды. Бұл уақытта ие-жасуша интерферон өндіре бастайды, интерферон жасушадан шығып, көрші жасушалармен байланысқа түседі, осылай барлық жасушалардың вирусқа сезімталдығын жояды. Ол бірнеше механизмдерді іске қосып, әрекет етеді: вирус ақуыздардың синтезін, кейде түзілуін тежеу және вирус бөлшектерін ағзадан шығару (олигоаденилатциклаза белсенуі арқылы). Сондықтан, интерферонның вирусқа әсері тікелей емес, бірақ жасушада вирус көбеюін тежейді.

Вирус - индикатор қатысында донор қанының лейкоцит жасушаларынан табиғи (ИФН- α, ИФН- β, ИФН- α-n1) интерферондарды алады.

Гендік инженерлік әдіс арқылы, генетикалық аппаратында адам интерферонының рекомбининтты плазмидасы бар бактериалдық штамдарды дақылдандыру арқылы рекомбинантты (ИФН- α-2а, ИФН- α-2b, ИФН- α1b) интерферондарды алады.

Интерферон альфа (Interferonum alfa), интерферон альфа-2, интерферон альфа-2а, интерферон альфа-2б, адамның құрғақ лейкоцитарлы интерфероны, интрон-А, роферон А.

Интерферон альфа табиғи және рекомбинантты вирусқа қарсы, иммуномодуляторлық, пролиферотивке қарсы дәрі. Вирусқа қарсы әсерінің механизмі вируспен зақымдалмаған жасушаларда қорғаныс механизмдерін құруға негізделген: жасуша мембранасының қасиеттерінің өзгеруі; яғни жасуша ішіне вирус енуін тежеу, вирустың РНК репликациясы мен вирус ақуыздарының синтезіне қатысатын арнайы ферменттер синтезінің тізбегін тоқтату. Пролиферативке қарсы әсері тікелей механизм арқылы жүзеге асады. Ол дифференцировка және жасуша метаболизмін реттелуін сонымен қатар, жасуша пролиферациясы, әсіресе, ісіктік жасушаның пролиферациясын реттейтін цито қаңқалық және жасуша мембранасындағы өзгерістер арқылы тудырады. Иммуномодуляторлық әсері макрофаг пен табиғи киллер жасушаларының белсенділігін ынталандыру арқылы жүзеге асады (антиген презентациясы үрдісінде макрофагтар иммунокомпетентті жасушаларға, ал табиғи киллерлер ісік жасушаларына иммундық жауапқа қатысады).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. ИФН препараттары көздің ұшық ауруларын, қарапайым ұшықта, теміреткіні, жедел және созылмалы В,С гепатиттері, ЖРВИ емдеу мен алдын-алу және АИТВ кезінде қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Жүректің ауыр ауруларында, қан түзу жүйесінің, бауырдың, бүйректің айқын қызметінің бұзылысында, депрессия, қояншыта, жүктілік, лактация.

Жанама әсерлері.Диспепсиялық бұзылыстар, бауыр қызметінің бұзылысы, бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, ұйқы бұзылысы, депрессия, дірілдеу, инфекцияға жағдай туғызу, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.500000, 1000000, 3000000, 5000000, 6000000, 9000000, 10000000, 15000000, 18000000 және 30000000 МЕ ампуладағы және флакондағы лиофизирленген ұнтақ және көз тамшылары (800 Ме/мл); егуге арналған 1 мл (1000000, 2000000, 3000000, 4000000, 5000000, 6000000, 10000000 және 18000000 МЕ) ампуладағы және флакондағы ерітінді және шприц-тюбиктерде 0,5 мл (3000000, 4000000, 5000000, 6000000, 9000000, 10000000 және 15000000 МЕ); интраназальды енгізуге арналған (Гриппферон) 5 және 10 мл 10000 МЕ/мл ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni alfae 2000000 МЕ

D.t.d N. 10 in аmp.

S. 2000000 МЕ және одан жоғары мөлшерде бұлшық етке аптасына 2-3 рет тағайындайды .

#

Интерферон бета(Interferonum beta), бетоферон, ферон. Интерферон бета - иммунды түрлендіруші, вирусқа қарсы және пролиферативке қарсы дәрі болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Ұшық кезінде (2000000-3000000 МЕ/м2 күнде бұлшық етке қолданады), вирусты гепатиттерде (3000000-6000000 МЕ/м2 аптасына 3 рет), лейкозда (6000000 МЕ/м2 күнде), склероз кезінде (6000000-8000000 МЕ/м2 күнара) және т.б.

Кері көрсеткіштері.Жүректің ауыр аурулары, бүйрек қызметінің бұзылысы, депрессия, қояншық, жүктілік және емшекпен емізу.

Жанама әсерлері.Тұмау тәрізді синдром, ұйқысыздық, ауыру синдромы, бас айналы, өзін өзі өлтіруге тенденция, тырысу, атаксия, есту қабілетінің нашарлауы, дизартрия, қаназдық, эозинофилия, диспепсиялық бұзылыстар, инфекцияның өршуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.3000000, 6000000, 9000000 МЕ лиофизирленген ұнтақ N.15; 0,5 мл 6000000 МЕ шприцтағы егуге арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni betae 3000000 МЕ

D.t.d N.15

S. Күнде 1 егуге.

#

Интерферон гамма(Interferonum gamma), ингарон.Интерферон гаммавирусқа қарсы жәнеиммунды түрлендіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Созылмалы вирусты С және В гепатиттері, АТИ-инфекциясы, өкпе туберкулезі, қатерлі ісік аурулары, урогениталды хламидиоз және ұшық вирусты инфекция, белдік теміреткі, тұмау және т.б. 500000 МЕ мөлшерде бұлшық етке және көктамырға қолданады, сонымен қатар интраназалды 2-3 тамшыдан тұмау және ЖРВИ кезінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Жүктілік.

Жанама әсерлері. Интерферон альфаға ұқсас.

Шығарылу түрі.100000, 500000, 1000000 және 2000000 МЕ флакондағы бұлшық етке және көктамырға қолдануға арналған лиофизирленген ұнтақ; интраназалды тамызуға арналған 100000 МЕ ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni gammae 500000 МЕ

D.t.d N. 5

S. 500000 МЕ теріастына күніне 1 рет немесе күнара тағайындау қажет.

#

11.2.5. Интерферонның индукторлары (интерфероногендер)

Интерферон индукторлары -ол табиғи және синтетикалық текті зат; ол адам ағзасында меншікті интерферондардың өндірілуін ынталандырады. Ол қорғаныстық тосқауыл құруға, сол арқылы ағзаның бактериялар мен вирустарымен зақымдалуын болдырмауға жүзеге асырады. Сонымен қатар иммундық жүйе жағдайын реттейді, қатерлі жасушалардың өсуін баяулатады. Перспективті интерфероноген болып, акридонсірке қышқылының төмен молекуларлық туындылары, сонымен қоса әр түрлі флуоренон туындылары болып табылады. Интерферон индукторларының әйгілі дәрілік препараттары мысалы, циклоферон және тилорон болып келеді.

Циклоферон(Cycloferonum),N-метилглукамин акридонацетат (ХПА). Интерферон синтезінің индукторы. Иммунды белсендіруші, вирусқа қарсы және ісінуге қарсы әсер көрсетеді. Препараттың әсер ету механизмі оның лимфоидты элементері бар ағзалар мен тіндерде (ішектің шырышты қабаты, көкбауыр, бауыр, өкпе) биік титрлі эндогенді альфа және бета интерферон түзілуін баяулату қабілеттілігіне негізделеді. Циклоферон гранулоциттің түзілуін ынталандыру арқылы, жілік майы бағаналы жасушаларын белсендіреді, Т-лимфоцит және табиғи киллер жасушаларын белсендіреді. Т-хелпер және Т-супрессорлық жасушалар субпопуляциялары арасындағы байланысты реттейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. АИВ-инфекциясы, тұмау, жедел респираторлы аурулар, А,В және С вирусты гепатиттер, нейроинфекциялар, жедел ішек инфекциялары, екіншілік иммунотапшылық, саңырауқұлақ инфекциялары, хламидиялық инфекциялар, дәнекер тіндердің жүйелік аурулары (ревмотоидты артрит, жүйелі қызыл жегі), буынның дегенеративті-дистрофиялық аурулары, бейспецификалық бактериялы вагиниттер және вагиноздар. Ішке бір реттік мөлшері 300-600 мг (2-4 ішекте еритін таблеткалар № 10) тағайындалады. Курстық мөлшері 3-6г (20-40 таблеткада) кесте бойынша 28 тәулікке дейін және басқа.

Кері көрсеткіштері.Декомпенсация фазасындағы бауыр циррозы, жүктілік, лактация, 4 жасқа дейінгі балаларға, дәрілік препараттың қоспаларына жоғары сезімталдық,

Жанама әсерлері. Мүмкін: аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.12,5% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 250 мг ампуладағы және флакондағы егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ; ішекте еритін таблеткалар N. 10; 5% 5 және 30 мл линимент.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Cycloferoni 12,5% - 2 ml

D.t.d N. 10 in аmp.

S. 1 - 2 мл бұлшық етке қолдануға арналған күніне 1 рет.

#

Тилорон(Tiloronum), амиксин, лавомакс. Тилорон - вирусқа қарсы және иммуномодуляторлық дәрі. Ішек эпителий жасушаларының, гепатоциттермен, Т-лимфоциттермен және гранулоциттермен интерферондардың (альфа-, бета-, гамма-) түзілуін тежейді. Жілік майы майның бағаналы жасушаларын белсендіреді, гуморальды иммунитетті ынталандырады, IgM, IgA, IgG өндірілуін жоғарлатады, антидене түзілуіне ықпал көрсетеді, иммунодепрессияға дейін төмендетеді. Т-хелперлер/Т-супрессорлар қатынасын қалпына келтіреді. Вирусқа қарсы механизмінің әсері инфицирленген жасушаларды вирус-спецификалық ақуыз трансляциясын баяулатауға байланысты, нәтижесінде вирус репликациясын босатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.А, В және С вирусты гепатит; ұшықтық және цитомегаловирусты инфекциялар, инфекциялы-аллергиялық және вирусты энцефаломиелиттің (шашыранды склероз, лейкоэнцефалит, увеоэнцефалит және т.б.) кешенді терапияның құрамында, урогенитальды және респираторлы хломидоз; тұмау және ЖРВИ емдеуі мен алдын алу шараларында. Ішке қолданылатын мөлшері 125-250 мг. Тәулігіне және алдын алу шаралары үшін 125 мг 1 рет аптасына (60 және120 мг таблетка № 6 және 10).

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, 7-14 жасқа дейінгі балалар.

Жанама әсерлері. Деспептикалық көріністер, қысқа мерзімді қалтырау, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.60 және 125 мг таблеткалар N. 6, 10.

Полудан(Poludanum), полиадениал қышқылы+полиудил қышқылы. Полудан вирусқа қарсы және иммунды белсендіруші әсер көрсетеді. Ағзадағы тіндер мен жасушаларда (көбінесе альфа интерферон, аз дәрежеде интерферон бета) эндогенді интерферондардың өндірілуін ынталандырады, интерферондардың пайда болуы, жасушаларда вирустардың көбеюіне кедергі жасайды, офтальмо ұшықты науқастарда төмендеген, табиғи киллер жасушалардың белсенділігін, сонымен қоса басқа да иммунокомпетентті жасушаларды күшейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Көздің вирус аурударыда: кератоиридоциклит, аденовирусты және ұшықтық конъктивит, кератит, стромалық жүйке невриттері (вирустық этиология). Субкнъюктивальды енгізулер кезінде ампула құрамын 1 мл суда ерітіп және 100 мкг (0,5 мл) күнара немесе күн сайын енгізеді.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, қабақтың алдыңғы бетінде кератоиридоциклиттердің шығуы, конъюктивиттер, конъюктива себулерінде патогенді микрофлора кезінде және тістер инфекциясы кезінде қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері. Көз тамшылары: аллергиялық реакциялар (қалтырау, конъюктивальды инфекцияның күшюі, төменгі алдыңғы қатпарда жеке фолликулалардың болуы). Субконъктивальды енгізу: төменгі қабықтың ісінуі, коньктивальды инфекцияның күшеюі. Көздің алдыңғы камерасына енгізу кезінде: көз ішілік қысымның қысқа уақытқа көтерлуі, көздің алдыңғы камерасында геморрагияның пайда болуы.

Шығарылу түрі.100 ЕД (0,2 мг) ампуладағы көз тамшысы ретінде, субконъюнктивалды және интраназальды қолданатын лиофилизирленген ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Poludani 100 ЕД

D.t.d N. 2 in аmp.

S. Тәулігіне 2 тамшыдан интраназальды 5 рет.

#



  84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   Наступна

Сульфонамид туындысы | Алтын препараттары | Жиынақ түзеуші қосылыстар | Тарау. Иммунотропты дәрілер | Цитостатикалық дәрілер | Антибиотиктер | Антиденелер препараттары | Иммунды белсендіруші дәрілер | Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері | Жасанды препараттар |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати