Головна

Сер ету механизмі аралас ауыруды басатын дәрілер

  1. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  2. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  3. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  4. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  5. Аллергияға қарсы дәрілер
  6. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
  7. Антихолинэстеразды дәрілер

Трамадол (Tramadolum), трамал. Трамадол - опиоидты анальгетик, циклогексанол туындысы. ОЖЖ-нің мю-, дельта- және каппа-рецепторларының талдамсыз агонистті. Трамадол - опиоидты рецепторлардың таза агонистті, жоғары емес тропизмі бар және рецептордың әртүрлі түрлеріне қатысы бойынша айқын талдамдылығы жоқ. Изомер(-), норадреналиннің нейрональды ұсталуын тежейді, өрлеуші норадренергиялық әсерді белсендіреді. Осыған байланысты жұлын миының желатинді субстанциясында ауыру импульстарының берілуі бұзылады. Тыныштандыратын ықпал туғызады. Терапиялық мөлшерде тынысты тежемейді. Жөтелге қарсы әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Әртүрлі генездегі ауыру синдромының орташа және қатты түрлерінде (сонымен қатар қатерлі ісіктерде, жедел миокардтың инфарктінде, невралгияда, жарақатта). Ауырсынумен жүретін диагностикалық немесе терапевтикалық емшараларында. Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға бір реттік мөлшері ішке қабылдауға - 50 мг, тік ішекке - 100 мг, к/т баяу немесе б/е - 50-100 мг. Егер парентеральды енгізу кезінде тиімділігі болмаса, онда 20-30 минуттан кейін ішке 50 мг мөлшерін қабылдау мүмкін. Балаларға 1 жастан 14 жасқа дейін мөлшері 1-2 мг/кг есептемен белгіленеді.

Кері көрсеткіштері.ОЖЖ-не тежеуші әсер көрсететін алкоголмен және препараттармен жедел улануда, жас балаларға 1 жасқа дейін, трамадолға жоғары сезімталдықта.

Жанама әсерлері.Бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, естің шатасуы, жеке жағдайларда - церебральды генезді тырысу ұстамалары (к/т үлкен мөлшерде енгізген кезде немесе бір мезгілде нейролептиктермен тағайындауда), тахикардия, ортостатикалық гипотензия.

Шығарылу түрі.50 және 100 мг N.10, 20, 30, 50 таблеткада және капсулалар; 100, 150 және 200 мг таблеткалар ретард N. 10, 30; 50, 100, 150 және 200 мг капсулалар ретард; 10% ерітінді 10, 20, 30, 50 және 50 мл сауытта ішке қабылдауға арналған тамшы; 100 мг N.5 тік ішек балауыздар; 5% ерітінді 1 және 2 мл және 10% 1 мл ампуладағы егуге арналған.

9.3. Шетке әсер ететін ауыруды басатын дәрілер (стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер)

Диклофенак (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, фенилсірке қышқылының туындысын қара).

Ибупрофенжәне кетопрофен (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, пропион қышқылының туындысын қара).

Лорноксикам және мелоксикам (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, оксикам туындысын қара).

Нимесулид және целекоксиб (Стероидты емес қабынуға қарсы әсері бар, сульфонанилид туындысын қара).

 



  61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   Наступна

Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер | Ояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер | Паркинсонизмге қарсы дәрілер | Холинергиялық дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз | Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың - (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері | Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати