Головна

Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  3. Адекватность и эквивалентность.
  4. Адекватность, эквивалентном и оценка перевода
  5. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  6. Аллергияға қарсы дәрілер
  7. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма

Габапентин (Gabapenrinum), нейронтин. Габапентин химиялық құрлымы бойынша ОЖЖ тежеуші медиатор қызметін атқаратын ГАМҚ-на ұқсас. Габапентин әсер ету механизмі бойынша ГАМҚ синапсы арқылы әсер ететін басқа тырысуға қарсы дәрілерден (вальпроат, барбитураттар, бензодиазепиндер, ГАМҚ-трансаминаза баяулатқыштары, ГАМҚ ұстап қалушылардың баяулатқыштары, ГАМҚ агонисттері, ГАМҚ продәрілері) айырмашылығы бар. Габапентиннің соңғы әсер ету механизмі әлі анықталынбаған.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.18 жастан асқан ересек адамдардағы нейропатиялық ауырусыну сезімін емдеу үшін; ересектер мен 12 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған тырысуларының монотерапиясында, сонымен қатар ересектер мен 3 жас және 3 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған парциялды тырысуларды емдеудегі қосымша зат ретінде қолданылады. Мөлшерлеу тәртібі жекешеленген емді тағайындау көрсеткіші және емдеу кестесіне тәуелді. Қояншықты емдеуде (қосымша зат ретінде): 12 ден асқан науқастарға - 900-1800 мг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). Бастапқы мөлшері - 300 мг тәулігіне 3 рет қабылдауға. 3-12 жастан асқан балаларға - бастапқы мөлшері 10-15 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). 5 жас және 5 жастана асқан балалар үшін тиімділік мөлшері - 25-35 мг/кг/тәулігіне, 3-4 жастағы балалар үшін - 40 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға).

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдылық, 3 жасқа дейінгі балалардағы парциалды қояншық ұстамалары кезінде (қосымша зат ретінде емдеудің сапасы анықталмаған) және 12 жасқа дейінгі ұшықтан кейінгі невралгияларда (тиімділігі және қауіпсіздігі жайында зерттеулер жүргізілмеген).

Жанама әсерлері.Амнезия, атаксия, естің шатасуы, қозғалыс координациясының бұзылыстары, депрессия, бастың айналуы, дизартрия, жоғарылаған жүйкелік қозу, нистагм, ұйқышылдық, ойлау қабілетінің бұзылыстары, дірілдеу, тырысулар, амблиопия, диплопия, гиперкинезия, рефлекстердің күшейуі, әлсіреуі, болмауы, парестезия, үрей, жүрістің бұзылысы; тіс түсінің өзгеруі, іштің өтуі, тәбеттің жоғарылауы, ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, метеоризм, анорексия, гингивит, іштің ауырсынуы, панкреатит, бауырдың қызметтік сынамасының өзгеруі; лейкопения, терінің мацерациясы, акне, қышыну, бөртпе.

Шығарылу түрі. 100, 300 және 400 мг капсуладан және 600 және 800 мг таблеткада N. 10, 20, 50, 100.



  50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   Наступна

Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер | Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер | Этил спирті | Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық. | Тарау. ГАМҚ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер | Йықтататын дәрілер | ГАМҚ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері | Р түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер | Ояншыққа қарсы дәрілер | Лкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати