загрузка...
загрузка...
На головну

Йықтататын дәрілер

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Абынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
  3. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  4. Аллергияға қарсы дәрілер
  5. Анальгетикалық дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар бойынша тапсырма
  6. Антихолинэстеразды дәрілер
  7. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар

Ұйықтататын дәрілер - ішке қабылдағанда қалыпты ұйқының туындауына әкелетін, әртүрлі топтардағы дәрілер.

Қазіргі уақытта осы мақсатпен әртүрлі фармацевтикалық топтарға жататын (транквилизаторлар, тыныштандыратын дәрілер, гистаминге қарсы, оксибутират натрия ж.т.б.) дәрілік препараттар қолданылады. Көптеген дәрілік препараттар (люминал, нитразепам ж.т.б.) әртүрлі дәрежеде қанағаттанарлық ұйқыны қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді.

Замануй бензодиазепин қатарындағы (нитразепам ж.т.б.) ұйықтатқыш дәрілер барбитураттармен салыстырғанда бір қатар артықшылықтары бар. Бірақ, ұйқыны туғызу сипаты бойынша және жанама әсерлері бойынша олар физиологиялық талаптарға толық жауап бермейді. Ұйықтатқыш белсенділігі бар препараттар өздерінің әсер ету принципі мен химиялық құрылымы бойынша жіктеледі:

1. ГАМҚА рецепторларының агонисттері (бензодиазепинді);

а/ бензодиазепиндер: Нитразепам, Диазепам, Флунитрозепам, Триазолам;

б/ бензодиазепинді емес (химиялық құрылымы әртүрлі препараттар): Золпидем, Зопиклон.

2. Наркотикалық типті әсер ететін ұйықтатқыш дәрілер:

а/ гетероциклді қосылыстар, барбитураттар: Фенобарбитал;

б/ алифатикалық қосылыстар: Хлоралгидрат;

3. Әртүрлі топтағы ұйықтатқыш дәрілер:

а/ H1 гистаминді рецепторлардың тежегіштері: Доксиламин.

б/ наркозға арналған заттар: натрия оксибат;

в/ Эпифиз гормонының мелатонин препараттары. - мелатонинді рецепторлардың агонистері: Рамелтеон.

Сурет. 8.1.1. Ұйықтатқыш дәрілердің әсер ету механизмі

Ұйықтатқыш дәрілердің бірінші ұрпағына барбитураттар, гистаминге қарсы препараттар мен бромнан (бромизовал) тұратын препараттар жатады. Барбитураттар хлор иондары үшін хемотәуелді ионды түтікшелерде орналасқан барбитурат рецепторларымен әрекеттеседі (Сурет 8.1). Барбитураттар көрсетілген рецепторлармен әрекеттеседі, ол хемотәуелді түтікшелердің ГАМҚ сезімталдығын жоғарылатады және хлор иондары үшін ионды түтікшелердің ашылу кезеңінің жоғарылауына әкеледі - жүйке жасушалары поляризацияланады және белсенділігін жоғалтады. Бірақ, барбитураттардың әсері талдамсыз және олар тек тыныштандыратын-ұйықтатқыш ықпал туғызып қана қоймай, миорелаксациялық, тырысуға қарсы әсері мен барлық мөлшер қашықтығында анксиолитикалық әсер көрсетеді. Әсер ету ұзақтығы бойынша барбитураттар кеңінен құбылады. Барбитураттар туғызатын қалыпты ұйқыдан ерекшелінеді. Барбитураттардың бір қатар кемшіліктері бар. Олар туғызатын ұйқының қалыпты ұйқыдан айырмашылығы: олар ұйқының басталуын жеңілдетеді (маужырау), бірақ оның құрылымын өзгертеді - тез (парадоксальды, десинхронизирленген) және баяу (ортодоксальды, синхронизирленген) фазаның қатынасының өзгеруі. Жиі ұйқы үзілмелі, түстің көп, қорқынышты болуы. Одан кейін ұзаққа созылатын ұйқы, қалжырау, қозғалыс координациясының бұзылуы, нистагм және басқа да қалаусыз көріністер болады. Көп қолданған кезде тұрақтылық (үйренгіштік) дамиды және ұйқыны туғызу ықпалына қол жеткізу үшін мөлшерін жоғарылату керек. Үлкен мөлшері тынысты тежеуі, артериалды қысымды төмендетуі (тіпті тамырлардың коллапсына дейін), дене қызуын төмендетеді, диурезді азайтады ж.т.б байқалады. Кейбір науқастарда барбитураттар «парадоксальды» әсер көрсетуі мүмкін - тынышталу және ұйқының орынына қозуды туғызуы мүмкін. Алып тастау ықпалы дамуы мүмкін - препаратты қабылдауды доғару толық ұйқысыздықты туғызуы мүмкін. Барбитураттардың ең негізгі теріс әсеріне - оларды қайта қолданғанда физикалық және психикалық тәуелділік жатады.

Ұйықтатқыш дәрілердің екінші ұрпағына көптеген бензодиазепин туындылары жатады. Бензодиазепин тобының ұйықтатқыш дәрілері (нитразепам ж.т.б.) барбитураттарға қарағанда белгілі артықшылықтары бар - жақсы көтере алады. Бірақ, ұйқыны туғызатын сипаты бойынша емес, жанама әсерлері бойынша емес, олар сонымен қатар «физиологиялық» талаптарына да жауап бермейді. Барлық бензодиазепинді транквилизаторлар тобы әртүрлі тыныштандыратын әсер береді және ұйқының дамуына ықпал етеді. Қарқындылығы бойынша бұл топтың әртүрлі препараттары, жеке жақтарынан (тыныштандыратын, анксиолитикалық, миорелаксанттық ж.т.б.) бір-бірінен айырмашылығы бар. Ұйықтатқыш әсері айқын болып келетін дәрілерге нитразепам, триазолам, флунитрозепам, медазолам, флуразепам, темазепам ж.т.б. Бензодиазепинді ұйықтатқыштардың әсер ету механизмі бойынша осы қатардағы транквилизаторларға ұқсас. Олардың барлығы бас миында өзіндік бензодиазепинді рецепторлармен байланысады. Соңғы кездері бұл рецепторларды (БД1 және БД2) топтарына бөлінеді. Ұйықтататын ықпалы БД1 -рецепторларына троптылығымен түсіндіріледі. Бензодиазепинді рецепторлармен әрекеттесуі ГАМҚ-рецепторларын белсендірумен жүреді, ол орталық жүйке жүйесі жасушаларының белсендік қызметін баяулатуына әкеледі. Ұйықтататын ықпалының негізгі маңызы ми діңгегінің белсендірілуші ретикулярлы жасушаларының белсенділігін тежеуі болады.

Сонымен қатар, ұйықтатқыш дәрілердің жаңа химиялық топтары да пайда болды (зопиклон, золпидем). Ертеден келе жатқан әйгілі ұйықтатқыш дәрілерден бромизовал (бромурал) қолданылады.

Гистаминге қарсы дәрілер Н3 гистаминді рецепторларды тежейді. Гистамин - бұл ұйықтамайтын нейромедиатордың көзі болып келеді және осыған сәйкес гистаминді рецепторларды тежеуі тыныштандыратын ықпал туғызады. Гистаминге қарсы дәрілер барбитураттар сияқты ұйқының құрылымын бұзады. Егер барбитураттар хемотәуелді түтікшелердің ашылу кезеңін ұзартса, бензодиазепиндер ашылу жиілігін жоғарылатады.



  44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   Наступна

Симпатолитикалық дәрілер | ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Серотонинергиялық дәрілер | Пуринергиялық дәрілер | Наркозға арналған дәрілер | Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер | Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер | Этил спирті | Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати