загрузка...
загрузка...
На головну

Жергілікті жансыздандырушылар

  1. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

Жергілікті жансыздандырушы дәрілер - жүйке ұштарының сезімталдығын тежейді. Олар әр түрлі хирургиялық араласуларды орындауда, ауыратын және диагностикалық ем шараларда тек ауыру ықпалын тежеп қана қоймай, сонмен қатар температура, жанасу, және басқа да сезімталдық түрлерін басады. Олардың кейбіреулері аритмияға қарсы әсер де көрсетеді (лидокаин). Тіндерге немесе шектеулі анатомиялық кеңістікке енгізгенде, тері мен шырышты қабақтарға жабыстырғанда жергілікті жансыздандырушы дәрілер рецепторлардың қайтымды тежелуін және жүйке талшықтары арқылы қозудың өтуін тежеуді туғызады.

Сонымен, жергілікті жансыздандырушы дәрілердің әсер ету механизміне, олардың жүйке талшықтары мен оның ұштарында орналасқан арнамалы натрий түтікшелерімен әрекеттесуі жатады. Na+ түтікшелерінің тежелуімен байланысты потенциал әсерінің туындауы мен таралуы жүретін мембрананың деполяризация үрдісі бұзылады (3.1 сурет).

Na+ Na+ Na+ Na+ Na+

▬ ▬ ▬ ▬ ▬

‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾

KKKKK

3.1.1 Сурет. Натрий иондарын жансыздандырушы дәрілермен тежеу салдарынан мембрананың деполяризациясы жүрмейді.

Жансыздандырушы дәрілерге қойылатын бірнеше талаптар бар, олардың біріне мыналар жатады:

1) жоғары талдамды әсері болу керек, жүйке элементтеріне немесе қоршаған тіндерге тітіркендіргіш әсер туғызбау;

2) қысқа латенттік кезеңге ие болуы керек;

3) әртүрлі жергілікті жансыздандыру түрлерінде белсенділігі жоғары болу керек;

4) әртүрлі ем шараларды жүргізу үшін қолайлы, белгілі мерзім әсері болу керек;

5) мүмкіндігінше олар тамырларды тарылтуы тиіс немесе оларды кеңейтпеуі тиіс. Тамырлардың тарылуы жансыздандыруды күшейтеді, тіндерден қан кетуді азайтады, улылық ықпалын төмендетеді.

6) улылығы төмен және жанама әсерлері аз болуы керек.

7) препараттар суда жақсы еруі керек және уытсыздандыруда бұзылмауы тиіс.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілер өздерінің жансыздандыру белсенділігі, әсер ету ұзақтығы, ерітінділердің тұрақтылығы, суда және майда ерігіштігі, сонымен қатар шырышты қабат арқылы өткізгіштігі бойынша ерекшелінеді.

Химиялық құрылымы бойынша жіктелуі:

1. Ароматты қышқылдардың күрделі эфирлері - прокаин (новокаин), дикаин (тетракаин), бензокаин (анестезин), кокаин.

2. Аминқышқылдарының ығыстырылған амидтері - лидокаин (ксикаин), тримекаин (мезокаин), бумекаин (пиромекаин), бупивакаин (маркаин), ропивакаин (наропин).

Амидтердің артықшылығы:

- әсер ету кезеңі ұзақтау;

- аллергия аз туғызады;

- сульфаниламидтердің әсерін әлсіретпейді.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің қолданылуы бойынша, жансыздандырудың негізгі келесі түрлері бар:

1/ Үстірт (беткейлік және апликациялық) жансыздандыру - оған қолданылатын

дәрілер (кокаин, бензокаин, тетракаин, лидокаин, бумекаин) ең беткейлік жүйке талшықтары арқылы жергілікті теріні, шырышты қабықшаны жансыздандырады. Беткейлік жансыздандырушы дәрілерді шырышты қабықшаға қолданады ( құралдарды, эндоскопиялық және басқа да ауырумен жүретін ем шараларда) және жарақаттанған жерге жағады. Өйткені бұлардың улылық әсері өте жоғары (тетракаин) немесе суда еруі нашар келеді (бензокаин).

2/ Инфильтрациялық жансыздандыру - әр қабатты бірте-бірте сіңіру жолымен жүзеге асырады (прокаин, лидокаин, бупивакаин, артикаин, тримекаин, ропивакаин). Инфильтрациялық жансыздану кезінде алдымен жансыздандыратын жергілікті теріге, содан соң төмен жатқан қабаттарға біртіндеп егіледі. Қатынастық ағзаларға сіңдірмеу үшін, улылығын төмендету мақсатымен бұларды эпинефринмен бірге қолданған жөн (көбейту концентрациясы 1:80000 - 1:200000).

3/ Өткізгіштік (аймақтық) жансыздандыру - белгілі аймақтағы жансыздандыруда, сол мүшені немесе сол аймақты иннервация жасайтын жүйке талшығын тежеу арқылы жансыздандырады (прокаин, лидокаин, тримекаин, артикаин, бупивакаин, ропивакаин). Өткізгіштік немесе аймақтық жансыздандыру жүйкенің жолына егіледі, жүйке талшығының қозуына бөгет жасалынады, оны хирургияда, травматологияда, акушерлік, гинекологиялық, стоматологиялық және басқа да медицина тәжірибесінде кеңінен қолданады.

4/ Мидың өрмек қабықшасын жансыздандыру (лидокаин, тримекаин, артикаин, бупивакаин) - кіші жамбас мүшелеріне (жатырға т.б.) және аяққа операция жасағанда қолданылады.

5/ Эпидуралдық және каудальдық жансыздандыру (лидокаин, бупивакаин, ропивакаин) - кіші жамбас мүшелеріне, шатқа, аяққа, содан соң операциядан кейінгі жағдайларда, босануда және емдік блокада үшін қолданылады.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің негізгі фармакологиялық әсерлері олардың денеге сіңуі мен олардың енгізілу жолдарына, мөлшеріне, жергілікті ұсақ тамырларға, липофильдік жағдайына (жансыздандыру белсенділігі, диффуздық қабілеті) және ақуыздармен байланысына (әсер ұзақтығы, улылығы), диссоциациялық тұрақты өлшемі (әсер ету басы, диффуздық қабілеті) мен сол аймақтағы ағзалармен қатынасына байланысты болып келеді.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің жалпы жанама әсерлері көбінесе олардың жүйелік қанға түсуімен байланысты болады. Сондықтан олар жүйке жүйесінің қоздыруы мен депрессия туғызып, жүрек қан тамырларын тежеуі мүмкін. Көптеген жансыздандырушы дәрілер қан тамырларын кеңейтеді. Сол себепті ертіндіге тамырларды тарылтатын эпинефрин (адреналин) дәрілерін қосу , олардың қанға сіңірілуіназайтады және олардың әсері ұзартады. Эпинефриннің ишемиялық некроз қауіпсіздігіне байланысты, оны өте сақтықпен қолдану керек, әсіресе саусақтардың жүйке талшықтарын тежеу кезінде. Жүкті әйелдерге жансыздандырушы дәрілерді тағайындағанда, ұрыққа улы әсер көрсетуі мүмкін, себебі олар плаценталық тосқауылдан жақсы өтеді. Сонымен қатар, олар босану кезінде әйелдердің тегіс және салалы бұлшықеттеріне әртүрлі әсер етеді, жатырдың жиырылу белсенділігін және толғақ тиімділігін өзгертуі мүмкін.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің сорылу жылдамдығыолардың қолданылу тәсіліне және енгізілген аймаққа, мөлшеріне (көлемі мен ерітіндінің құнарлығына), вазодилатация туғызу қабілетіне, тіндермен байланысына және липофильділігіне байланысты болып келеді. Олардың сорылуын ерітіндіге эпинефринді қосу арқылы төмендетуге болады. Қандағы ең жоғарғы құнарлығы жергілікті қолданғанда 10-30 минуттан кейін және тамырға және интратрахеальды қолданғанда 1-5 минуттан кейін дамиды. Белгілі дәрінің қауіпсіз мөлшерін таңдау, оның сорылу жылдамдығымен, элиминациясымен, белсенділігімен және улылығымен анықталынады.

Күрделі амидтерден тұратын жергілікті жансыздандырушылардың биотрансформациясы бауырда, ал ығыстырылған эфир көп дәрежеде плазманың холинэстеразасымен гидролизденеді және аз дәрежеде тіндірдің эстеразасымен жүреді.

Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің шығарылуы бүйрек арқылы жүзеге асады (шамалы саны өзертілмеген, ал негізінен метаболит түрінде).

Кесте 3.1. Жергілікті жансыздандырушылардың жалпы сипаттамасы

 



  11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   Наступна

Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі | Тарау Жалпы рецептура | Атты дәрілік түрлер | Жұмсақ дәрілік түрлер | Сұйық дәрілік түрлер. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати