Головна

Жұмсақ дәрілік түрлер

  1. Атты дәрілік түрлер
  2. Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
  3. Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
  4. Негізгі түрлері бойынша жаттығулар
  5. Сұйық дәрілік түрлер.
  6. Тақырып. Қима әдісі. Деформацияның түрлері. Толық, нормалдық және жанамалық кернеулер.

2.2.1. Майлар (Unguenta) - тұтқыр консистенциялы және сыртқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр. Майларды әр түрлі дәрілік заттарды түр беруші затпен, яғни вазелин, ланолин сияқты майлы негіздермен араластыру арқылы жасайды. Майлы негіздерге дәрілік заттармен жақсы араласатын, жағылымы жоғары, бірақ дәрілік заттармен химиялық қосылысқа түспейтін, ауа мен жарық сәулесінен қасиетін жоғалтпайтын бейтарап заттар жатады. Рецепт көбінесе қысқаша түрде жазылады. Мысалы: Тетрациклин майының қысқаша және ашық түріндегі жазбасы.

Rp.: Ung. Tetracyclini 5% - 10,0

D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.

#

Rp.: Tetracyclini 0,5

Vaselini ad 10,0

M.f. unguentum

D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек.

#

2.2.2. Паста (Pastae) - дайындау кезінде 25%-дан - 60- 65%-ға дейін ұнтақ тәрізді заттардан тұратын, дене температурасында жұмсаратын май қосылған баттас май. Қысқа жазбасы маймен бірдей, ал рецептті ашып жазғанда айырмашылығы болады. Мысалы: Анестезин пастасы, тек ашылған түріндегі жазбасы.

Rp.: Anaesthesini 0,5

Amyli

Zinci oxidi aa 5,0

Vaselini ad 50,0

M.f.pasta

D.S. Жараның үстіне салуға.

#

Мысалы: Анестезин пастасы, тек қысқаша түріндегі жазбасы.

Rp.: Pastae Anaesthesini 5% - 10,0

D.S. Жараның үстіне салуға.

#

2.2.3. Балауыз (Suppositoria) - мөлшерленген, бөлме жылуында қатты, ал дене жылуында еритін, тік ішекке (suppositoria rectalia) арналған, жалпы салмағы 3,0 г және қынапқа арналған (suppositoria vaginalia), жалпы салмағы 4,0 г болатын жұмсақ дәрілік түр. Балауыздар үш түрлі жазбамен шығарылады. Ресми, коммерциялық және жалпы түріндегі жазбалар.

1) Балауыздың ресми түріндегі жазбасы.

Rp.: Suppositorium cum Metronidasolо 0,5

D.t.d. N. 10

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

2) Балауыздың коммерциялық түріндегі жазбасы.

Rp.: Suppositoria «Anaesthesolum» № 10

D.S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

3) Балауыздың жалпы тік ішекке арналған жазбасы.

Rp.: Nystatini 125000 EД

Olei Cacao 3,0

M.f. suppositorium rectale

D.t.d. N. 6

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#

4) Балауыздың жалпы қынапқа арналған жазбасы.

Rp.: Nystatini 250000 EД

Olei Cacao 4,0

M. f. suppositorium vaginale

D.t.d. N. 6

S. 1 балауыздан жатар алдында.

#



  8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   Наступна

Ылыми зерттеулердің негізгі бағыты | Тарау. Жалпы фармакология. | Дәрілердің енгізілу жолдары | Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі | Тарау Жалпы рецептура |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати