загрузка...
загрузка...
На головну

Жүктілік патологиясы

  1. Аурулары кезіндегі жүктілік
  2. Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
  3. Жүктілік мерзімін анықтау
  4. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
  5. Жүктілік шемені
  6. Жүктілікті және босануды жүргізу

Аз сулылық (oligohydramnion) - қағанақ суларының аз мөлшерде болуы (500 мл аз).

Асфиксия(asphyхia; грек. «а» жоқ, sphyxic - тамыр соғысы, тамырдың соғуы) - асфиксия. Кейбір себептерге байланысты науқас адамның тұншығуы. Соның салдарынан қан құрамында оттегі азайып (гипоксия), көмір қышқыл газдың көлемі ұлғаяды.

Атония(грек. ationia - әлсіздік) - атония. Жиырылатын мүшенің әлсіздігі, тонусының құруы, нашарлауы.

Атрезия(грек. «а» жоқ, tresis - тесек) - атрезия. Қалыптағы өзек не тесіктің болмауы. Өмірге келген кейбір баланың тік ішек ұшының, тесігінің болмауы мүмкін. Оны тік ішектің атрезиясы деп атайды.

Гематома(грек. haima, haimatos - қан, оmа - ісік) - гематома. Қансыраудың салдарынан ұлпаларда қанның қуысқа жиналуы немесе қанды ісік.

Геморрагия -қансырау, қан кету.

Гнойная инфекция - іріңді жұқпа.

Дезинфекция (франц. Des - жою, болдырмау + инфекция) -дезифекция. Қоршаған ортадағы микробтарды жоюға арналған шаралар.

Жүктілер токсикозы (toxicosis gravidarum) - жүктілік кезінде пайда болып, оның ағымын асқындататын патологиялық жағдайлардың жалпы атауы. Әдетте, жүктіліктің аяқталуымен тоқтайды.

Жүктілердің ерте токсикозы (toxicosis gravidarum praecox) - жүктіліктің алғашқы айларында туындайтын жүктілер токсикозы (құсу, дерматоз, неврит).

Жүктілердің кеш гестозы (gestosis gravidarum tarda) - негізінен жүктіліктің екінші жартысында туындайтын жүктілер шемені, нефропатия, преэклампсия және эклампсия түріндегі жүктілер гестозы.

Кесар (лат. «Lex Caesarea» алынған «ертедегі рим патшасының (кесарь) заңы». Оған сәйкес ұрықты қайтыс болған жүкті әйелдің жатырынан жерленгенге дейін алып тастау керек болатын) кесар тілігіне байланысты.

Көп сулылық (hydramnion) - қағанақ суларының мөлшерден тыс көп болуы (1500 мл көп).

Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын бөлінуі (ablatio placentae praematura seu ablatio placentae apte tempus) - плацентаның жүктілік немесе босану кезеңінде бөлінуі (босанғанға дейін).

Қаназдық көптеген себептерге байланысты қансыраудан кейін пайда болады.

Төмен орналасқан плацента (placenta praevia) - плацентаның жатырдың төменгі сегментіне, яғни, босану жолдарына тіркесуі және орналасуы.

Премедикация(лат. Prae - алдын ала, алдында, medicatio - емдеу) - перемедикация. Наркоз берер алдында науқас адамға ауру сезімін төмендететін дәрілерді егу.

Преэклампсия (praeeclampsia) - жүктілердің бас ауруымен, көру қызметінің бұзылуымен, ішінің ауруымен сипатталатын жүктілердің кеш токсикозы, эклампсияның пайда болуының алғы шарты.

Реанимация (лат. Ре - қайтадан, animatio - тірілту) - ағзаны тірілту.

Сенсибилизация(франц. Sensidilisation - сезімтал) - сенсибилизация. Ағзаның жасушалар мен ұлпалардың кейбір заттар әсеріне сезімталдығының артуы.

Сепсис(грек. sepsis - шіру ) - сепсис. Іріңдік қабыну түйінінің қанға үздіксіз не мезгіл-мезгіл микробтардың енуі. Оған аурудың жалпы ауыр күйі, басқа мүшелер мен тіндерде жаңа іріңдіктердің пайда болуы тән.

Спазм(грек. spasma - құрысу) - спазм, түйілу. Көлденең жолақ бұлшық ет пен біріңғай салалы еттердің еріксіз жиырылып, қапелімде босаңсымауы.

Эклампсия (eclampsia) - жүктілердің кеш гестозының ауыр түрі, әдетте тырыспа ұстамаларымен көрінеді.

 



  141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   Наступна

Кесар тілігінің тәсілдері | Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы | Септикалық шок | Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы | Сүт бездерінің қабынуы | Тігісті алу техникасы | Операциялық медбикенің міндеттері | Акушерліктегі әр түрлі манипуляцияларға қажетті құралдар жиынтығының тізімі. | Операциядан кейінгі науқастарды күту | Жүйені жинау |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати