загрузка...
загрузка...
На головну

Септикалық шок

Септикалық шок өте ауыр сырқат. Микроорганизмдердің ыдырап, оның ішкі уының бүкіл денеге, қанға тарауынан тамырларда қан ұйып (тромб), соның салдарынан жасушалар тобы, тіндер, мүшелер зақымдалады. Сонымен қатар қанның құрамы өзгереді, қан қысымы төмендейді, зәр азаяды, мидың, бауырдың, өкпенің, бүйректің капиллярларында қан ұйып, олардың негізгі қызметтері бұзылады. Бұл мүшелер қызметінің бұзылуы ауру жағдайының қатты нашарлауына себепкер болады.

Септикалық шоктың екі сатысы бар:

1) ерте сатысы - 6-8 сағат;

2) кеш сатысы - бірнеше күннен бір жұмаға дейін.

Ерте сатының клиникалық белгілері кенеттен пайда болады. Алғашында дене қалшылдап, қызуы 39-40º дейін барады, тамыр соғысы жиілейді. Екінші тәулікте дене қызуы мен қан қысымы төмендейді. Әйелдің дем алысы жиілеп, суық тер шығып, өңі бозарып, сұрланып, жалпы жағдайы нашарлайды. Қан құрамында ақ түйіршіктер көбейеді, ЭТЖ жоғарылайды, тромбоциттер азаяды.

Егер әйел септикалық шок қалпынан шығып, оның қан айналысы толық дұрысталмаса, бүйректің қан тамырлары түйіліп, ісініп, тәуліктік зәр бөлу қызметі бұзылады.

Кеш сатының клиникалық белгілерінде қан қысымы қатты төмендейді, әйелдің дем алысы жиіленіп, ентікпе пайда болады, бет әлпеті шамалы көгеріп, аяқ-қолдары мұздай бастайды. Әйел әлсін-әлсін есінен танады. Әрбір тілген және дәрі жіберген жерлердің бәрінен қан аға бастайды. Қан ұйымайды. Тәуліктік зәр қатты төмендеп, бірден болмай қалуы мүмкін.

Септикалық шоктың ерекшеліктері:

1. Шоктың кенеттен пайда болуы;

2. Аурудың ағымы инфекцияның түріне, қабілетіне, күшіне байланысты;

3. Тәуліктік зәрдің азаюы немесе тоқтап қалуы.

Емдері.Септикалық шоктың негізгі емдері ағза мүшелерінің қызметтерін жақсартуға және аурудытуғызатын инфекциядан, негізгі инфекция ошақтарынан арылуға бағытталған . Бұғанаасты көк тамырға катетер енгізеді. Ауруды туғызатын негізгі ошақтың бірі - жатыр, сондықтан оның қуысын қалақшамен тазарта отырып, инфекцияға қарсы әр түрлі антибиотиктер жіберіп, қан айналымындағы қан мөлшерін түсірмеу үшін (гемодез, реополюглюкин, альбумин, плазма) эритроцитарлық массаны кеңінен қолданады. Гепаринді қолдану арқылы қанды сұйылтып, ұюдан қорғайды; бүйрек үсті без гормондарын (гидрокортизон - 200-300 мг, преднизолон 60-120 мг) әр 2-3 сағат сайын жібереді, қан тамырларының түйілуін төмендетіп, тоқтату үшін дибазол, папаверин, эуфилин, адельфан, клофелинді кеңінен қолданады. Қолданған емдерден 8-10 сағат ішінде көмек болмаса, жатырды түтіктерімен, мойнымен қоса алып тастайды. Ал егер бүйректің қызметі нашарлап, тәуліктік зәр бөлінбесе, 3-4 күн аралығында науқастың жағдайы түзелмесе диализ жасау керек.



  139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   Наступна

Аралықты кесу | Классикалық (біріктірілген) сыртқы - ішкі бұру. | Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу | Шаптан тартып шығару | Акушерлік қысқаш | Акушерлік қысқашты салу тәсілі | Басты тесу операциясы | ХХҮІІ ТАРАУ. КЕСАР ТІЛІГІ | Жиілігі, қажеттілігі (тұрақты, тұрақсыз), шарты, жансыздандыруы | Кесар тілігінің тәсілдері |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати