Головна

Жыртылу ерекшеліктері

  1. Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
  2. Биомеханизм ерекшеліктері
  3. Босану ерекшеліктері
  4. Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
  5. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  6. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
  7. Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі

Бұл ана мен бала өміріне өте қатерлі. Оның жиілігі соңғы жылдары артуда, себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру көрсеткіші жоғары.

Ерекшелігі клиникалық белгілері жасырын өтеді.

Белгілері: іштің төменгі жағы ауырады, тыртықтың орны қолмен ұстағанда ауырсынады.

Жүктілік кезеңі жүктіліктің ара қашықтығына, операциядан кейінгі кезеңнің ағысына байланысты.

Осы кезеңде жүктіліктің үзілу қаупі мен нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы жиі кездеседі.

Кесар тілігінен кейінгі тыртықты зерттеу үшін УДТ-мен жатырдағы плацентаның орнын анықтайды.

Дәрігерлік амал - кесар тілігі. Кейбір жағдайларда кесар тілігінен кейінгі 2-жүктілікте әйелдің өзін босандырады. Кесар тілігінен кейінгі жүктілікте әйелді 3-4 жұма бұрын босану үйіне жатқызып, клиникалық тексеруден өткізеді.

Бұтаралықтың жыртылуы.Ең жиі кездесетін жарақат.

Себептері: 1. Жасы келген жүкті әйелдер (30-дан асқан), бұтаралығы бірнеше рет жыртылған, бұтаралығы өте жоғары әйелдер. 2. Нәресте басының дұрыс орналаспауы (шалқақ, үлкен бас). 3. Акушерлік операция (қысқаш салу). 4. Жедел босану. 5. Босану әрекетін дұрыс жүргізбеу.

Аралықтың жыртылуындағы белгілері: аралық көгеріп, ісініп, терісі түссізденеді, мұндайда аралықты кесу керек.

Аралық жыртылуының үш дәрежесі бар:

І. Тек терісі және қынаптың төменгі жағы жыртылады

ІІ. Жамбас қуысы түбінің көк еттері жыртылады, мұны жартылай жыртылу дейді.

ІІІ. Толық жыртылуы, бұл жағдайда тік ішек те қоса жыртылады.

Емі тігіс салу.

Жарақаттың сирек кездесетін түріне аралық орталығының жыртылуы жатады. Ол аралық орталығының жыртылуымен сипатталады. Бұл кезде нәресте жыныс қуысынан емес, аралық орталығында түзілген қуыстан туылады.

Жыныс жолдарының жұмсақ ұлпаларының, сонымен қатар аралықтың жыртылуы инфекцияның кіруімен қауіпті болып саналады. Сондай-ақ аралықтың кішкене болса да жыртылуы жыныс мүшелерінің төмен түсуіне және шығып қалуына жағдай жасайды.

Аралықтың қандай да болсын жыртылуына тігіс салынуы керек.

Аралық жыртылуын тігу.Аралыққа тігісті бала жолдасы туғаннан кейін салады. Жыртылу мен тігу арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, солғұрлым жараның инфекциялану қаупі жоғары болады. Бала жолдасы туғанға дейін аралықты тігу ұсынылмайды, себебі ол кезеңнің қалай өтетіні белгісіз (жатырға қолды енгізу мүмкіншілігін ескеру қажет).

Аралық асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып тігіледі: операциялық алаң мен операция жасаушының қолы қажетті ережелерге сәйкес өңделеді. Өздігінен жұмыс жасайтын акушерге бірінші және екінші дәрежелі жыртылуға тігіс салу рұқсат етіледі; үшінші дәрежелі жыртылуды тек дәрігердің өзі салады.

Қажетті құралдар: қынап айналары (2) және көтергіштер (2), корнцангтар (2-5), пинцеттер (3-4), қан тоқтатын қысқаштар (4-5), қайшылар, ине ұстағыш, әр түрлі инелер (3-4), металдан жасалған катетер, анестезияға арналға инесі бар шприц. Стерильді материалдар қажет (тампондар, салфеткалар). Терең салынатын тігістер үшін кетгут, беткейлі тігіс үшін жібек қажет.

Тігіс салу кезде босанған әйелдің жамбас аймағы кереуеттің шетінде орналасады, аяқтары тізе және жамбас-сан буындарында бүгіліп, іш қуысына қарай тартылады және жазылады. Тігіс салудың алдында айналар көмегімен жараны ашып, жарақаттану дәрежесін анықтайды. Егер акушер жалғыз жұмыс істесе, сол қолымен жараны ашып, оң қолымен жараны құрғатып, тігістер салады. Қолайлы болу үшін қынап қабырғасында орналасқан жараның жоғары бұрышына кетгут жібімен бір тігісін салып, жіптің соңын қысқышпен ұстатып, жоғары қарай тартып қояды. Содан кейін қынап кілегейінің аралық терісіне өту аймағындағы жара шеттеріне екі қысқаштар салады; тігіс пен екі қысқаштар көмегімен жараны ашып, тампонмен құрғатып, жыртылу сипатын анықтайды. Жараның салбыраған бөліктерін кеседі.

Бірінші дәрежелі жыртылу кезінде қынаптың кілегей бетіне кетгут тігісін салады, сосын аралық терісіне жібек жіптерден тігіс салады. Тігістер арасында 1 см алшақтық болу керек. Инені жаралы беттің астынан өткізеді. Кері жағдайда қалып қойған саңылауларға қан жиналып, жазылуды тежейді. Байлаған кезде жара шеттері бір-біріне тығыз жабысуы тиіс.

Аралықтың екінші дәрежелі жыртылуының тігіс салу тәртібі келесідей. Алғашында жараның жоғары бұрышына I дәрежедегідей тігіс салады, содан соң бірнеше терең кетгут тігістермен аралықтың жыртылған бұлшық еттерін бір-біріне қосады (бұл тігістер теріге де, кілегейге де салынбауы тиіс). Осыдан кейін қынаптың кілегей қабатына ернеулердің артқы бітескен жеріне дейін кетгут жіптерін салады. Соңғы тігісті жоғары тартады, бұл аралық терісін тігуге қолайлы жағдай жасайды. Аралық терісіне жібек жіптерін салып, олардың соңдарын кеседі. Тігілген жараны йодпен өңдейді.

Үшінші дәрежелі жыртылу кезінде әуелі тік ішектің бұзылған қабырғаларын тігеді, содан соң жыртылған сфинктердің шеттерін тауып, оларды тігістермен біріктіреді. Одан кейінгі тігістерді екінші дәрежелі аралық жыртылуындағыдай етіп салады.

 
 

 
 

Операциядан кейінгі күтім. Аралықтың жыртылуы кезіндегі күтім жара бетін таза күйінде сақтауға бағытталған. Жараға залалсыз мәрлі таңғыштын салып, оны әрбір 3-4 сағат сайын ауыстырып тұрады (таңғышты салмауға да болады). Босанған әйел жуыну кезінде тігістер маңайын жумайды, оларды тек залалсыз тампонмен құрғатып, 5% йод тұңбасымен немесе бриллиант жасылымен өңдейді. Әрбір кіші дәреттен кейін сыртқы жыныс мүшелердің қосымша тазалап, тігістер маңайын құрғатып отырады. III дәрежелі жыртылу кезінде антибактериалды терапия тағайындаған жөн.

Диета: тәтті шай, шырындар, сорпа және жеңіл қорытылатын тағамдар. 4 тәулік бойы үлкен дәрет болмауы керек. 4-ші тәуліктен кейін тазалау клизмасын кояды немесе іш өткізетін дәрілер береді. Аралықтың терісіндегі жібек тігістерді 5-6 тәулікте алады. Босанған әйелге тұруға тігісті алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ғана рұқсат етіледі. Аралықтың жарақаттану дәрежесіне байланысты әйелге босану үйінен шыққаннан кейін біршама уақыт отыруға тыйым салынады.

Клитор және жыныс еріндері аумағындағы жыртылуы едәуір қан кетумен қатар жүреді; клитордың үңгірлі денесінің жыртылуы көп кан кетуді тудырады. Барлық жыртылуларды тігеді; клитор аумағына тігіс салу кезінде байқаусызда тігіс салынбауы үшін уретраға металдан жасалған катетер енгізеді.

Қынаптың жыртылуы. Қынаптың жыртылуы әр түрлі жағдайларға байланысты болады: оның қабырғаларының жеткіліксіз созылуында, инфантилизмде, оперативті босануларда, нәресте басы ірі болғанда, т.б. Жыртылулар жиі қынаптың төменгі үшінші жартысында байқалады, олар әдетте аралықтың жыртылуымен бірге жүреді.

Қынапқа тігісті кетгут жіптерімен салады. Қынаптың төменгі үшінші бөлігін оның қабырғаларын сол қол саусақтарымен жаза отырып, тігуге болады.

Жатыр мойнының жыртылуы.Тұңғыш босанғандарда 28%, босанып жүрген әйелдерде - 2,5%. 104 сурет

Себептері: 1. Жатыр мойнының қабынуы, жарақаттануы (ЭКС-тен кейін). 2. Жамбас қуысының тарлығында, жылдам босанғанда, акушерлік операцияларда.

Белгісі: қан кету.

Жатыр мойнының жыртылуының үш дәрежесі бар:

І дәрежелі жыртылуы - 2 см:

ІІ дәрежелі жыртылуы - 2 см артық;

ІІІ қынап күмбезіне дейін жетеді.

Емі хирургиялық. 105 сурет

Алдын алу - босану әрекеттерін дұрыс жүргізу.

 
 

 
 

Қасаға буынының ажырауы

Негізінде, мұндай ажырау акушерлік операциялар кезінде, жамбас қуысының тарлығында кездеседі. Белгісі: босанғаннан кейінгі 2-3-күні қасаға үсті қолмен басқанда қатты ауырады.

Емі: 1. Төсек ережесін сақтау. 2. «Гамак» қалпы жасалады.

Қуық-жыныс және ішек-қынап жыланкөзі жамбас қуысы тарлығында босану ұзаққа созылғанда, акушерлік операцияларда кездеседі.

Клиникалық белгілері зәр шығарудың бұзылуы, үлкен дәреттің қынап арқылы шығуы.

Емі - дұрыс босандыру.

Хирургиялық операция - 6 айдан кейін жасалады.



    127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   Наступна

Тар жамбас қуысын анықтау | Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері | Плацентаның төмен орналасуы | Емі және дәрігерлік амалы | | Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету | Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны | Геморрагиялық шок | Алдын алу амалдары | Бұл процесске қарамастан жатыр мойны өте баяу ашылады, аранның жиектері тығыз, енгізілген саусақтармен күшпен созылады. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати