загрузка...
загрузка...
На головну

Геморрагиялық шок

  1. Геморрагиялық васкулит

Әйел ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі - қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі.

Қан шығынына қарсы әйел ағзасындағы реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5% (250-350 мл) болып есептеледі. Мұндай қан шығыны кезінде әйел ағзасында ешқандай өзгерістер болмайды. Егер әйелде анемия болса физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3% құрайды.

Ал, патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8% аралығында. Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел ағзасы әр түрлі реакциялар береді. Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.

Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан көлемінің (ҚК) 10% (450-500 мл) болып есептелінеді. Әйел ағзасы бұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен жөндейді.

Негізгі бейімдеуші қабілеттері:

1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.

2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көк еттері, т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.

4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.

Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гемостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында әйел ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10% артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді.

Бұл жағдайда ағза өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды. Әйел ағзасында әр түрлі патологиялық құбылыстар, сонымен қатар геморрагиялық шоқтың белгілері пайда болады.

Геморрагиялық шок үш сатыдан тұрады, олардың белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.

11 кесте

Саты-лары Клиникалық белгілері Қан шығыны, айналымдағы қанның көлемі, %
І Әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді. Қан қысымы с.б.б. 100 астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғысы минутына 80-90. НВ-90 г/л және одан жоғары. 15% дейін ( 750 мл)
ІІ Әйелдің жалпы жағдайы орташа, басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы с.б.б. 80-90 мм. Тамыр соғысы минутына 110-120. НВ-80 г/л және одан төмен. 25% дейін (1200 мл)
ІІІ Әйелдің жалпы жағдайы өте ауыр, есінен танып, дене терілері өте қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы с.б.б. 60-70 мм. Тамыр соғысы минутына 130-140 дейін әлсірейді. Әйелдің зәрі азаяды (олигурия). 30-40% дейін (1200-2000 мл)
ІҮ Әйел ес-түсінен айырылады. Қан қысымы, тамыр соғысы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, дем алуы төмендейді зәрі тоқталады (анурия). 40% артық (2000 мл артық)

Әйелдің жағдайын анықтауда «шокты индекс» көмектеседі. «Шокты индекс» - тамыр соғуының систолалық қан қысымына қатысы. Әдетте, тамыр соғысы бір минутта 60, ал систолалық қан қысымы с.б. б. 120 мм болады, ал шокты индекс 0,5-ке тең. ҚҚ 20-30% болған жағдайда шоктік индекс 1,0 тең. Егер ҚҚ 30-35% жетсе, шоқты индекс - 1,5 тең болады.



  122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   Наступна

ХХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕ БАСЫНЫҢ ШАЛҚАЯ ОРНАЛАСУЫ | Бастың маңдайымен орналасуы | Бастың бетімен орналасуы | Тар жамбас қуысының жіктелуі | Тар жамбас қуысын анықтау | Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері | Плацентаның төмен орналасуы | Емі және дәрігерлік амалы | Алыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі | Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати