загрузка...
загрузка...
На головну

Плацентаның төмен орналасуы

  1. Алыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
  2. Бастың бетімен орналасуы
  3. Бастың маңдайымен орналасуы
  4. Кезең шығындарына төмендегі шығындардың қайсылары жатады?
  5. Негізгі және қосымша сату нүктелерінің орналасуы
  6. Төмендегілердің қайсысы судагы негізгі фактор болап табылады?

Плацентаның төмен орналасуы - жүктіліктің ең жиі және ең қауіпті асқынуларының бірі. Оның жиілігі 0,4-0,6% аралығында. Әдетте плацента ұлпасы жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына, ішкі жатыр мойын тесігінен 5-7 см жоғары орналасады. Плацентаның төмен орналасуы деп плацента ұлпасының жатырдың төменгі сегментіне жапсырылып, оның ішкі мойын тесігін тұтас немесе жартылай жауып жатуын айтады. Плацентаның төмен орналасуының екі түрі бар.

1. Толық төмен орналасу;

2. Жартылай төмен орналасу.

Толық төмен орналасуында плацента ұлпасы жатырдың ішкі мойын тесігін түгелімен жауып жатады, бұл плацентаның орталық орналасуы деп аталады.

Плацентаның жартылай төмен орналасуында жатырдың ішкі мойын тесігі жартылай жабылып, тек қана бір іргелес жағынан плацента ұлпасы анықталады.

Плацента ұлпасының төмен орналасуының тағы бір сирек кездесетін түрі - оның төмен орналасуы (низкая плацентация). Мұнда плацента жатырдың төменгі сегментіне, жатыр мойнының ішкі тесігіне 5-7 см жетпей орналасады (74 сурет).

74 сурет. Планцентаның орналасу түрлері. а - толық төмен .орналасу б - жартылай төмен орналасу в - төмендеу орналасу

 
 


Себептері: бұл асқынудың пайда болуының негізгі себебі − жатырдың шырышты қабатының қабынуының салдарынан дегенеративтік өзгерістердің болуы. Осыған байланысты ұрық өзіне ыңғайлы орын іздеп, жатырдың төменгі бөлігіне қарай жылжып жабысады. Бұл асқыну көбіне (85-90%) бірнеше рет жүкті болған, көп түсік тастағанда, жүктілігін үзгеннен кейін жатыры қабынып ауырғанда, жатырында ісігі бар әйелдерде жиі кездеседі.

Белгілері:бұл асқынудыңең бір өзіне тән белгісі − жатырдан қанның кетуі көбінесе жүктіліктің екінші жартысында, әсіресе, 27-28-апталарында кездеседі. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың төменгі сегменті пайда болады. Жүктілік өскен сайын төменгі сегмент ұлғая береді де, плацента жатыр қабырғасынан бірітіндеп ажырап бөлінеді, сөйтіп, сол жерден қан кетеді. Егер қан тамыры түйіліп, тромб пайда болса, қан тоқтайды, бірақ біраздан кейін тағы қайталануы мүмкін. Аққан қанның мөлшері әр түрлі болады, аз уақыттың ішінде 1-2 л дейін жетеді немесе шамалы етеккір сияқты болады. Қанның мөлшері әрқашан ұлпаның орналасу түріне байланысты емес, бірақ көп қан кету көбіне плацентаның толығымен төмен орналасқан түрінде кездеседі. Толғақ басталған кезде қағанақ суы кеткеннен кейін, қан ағуы бірден тиылуы мүмкін, себебі нәрестенің басы төмен жылжып, қан аққан тамырларды бітейді.

Плацентаның төмен орналасуының келесі бір белгісі - жүктіліктің үзілу қаупі, нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы, оның жатырда дұрыс жатпауы (көлденең не қиғаш, не болмаса құйрығымен жатуы). Оның себебі − нәресте басының төмен қарай жылжып, дұрыс орналасуына плацента ұлпасы кедергі жасайды.

Сонымен қатар, төмендегідей қосымша белгілеріне де көңіл бөлген жөн:

1. Нәресте басының жамбастың кіреберіс жазықтығынан жоғары тұруы.

2. Қасаға сүйегінен жоғарғы жұмсақтау томпақшаны қолмен сипап анықтау.

3. Қынаптық зерттеу де жатыр мойыны ашылған жағдайда плацента ұлпасын анықтау.

Есте сақтайтын бір жағдай − қынаптық зерттеуді тек босану үйінде, операция бөлмесінде жүргізеді.

4. Ультрадыбысты қолданып, нақты мәлімет алуға болады.



  117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   Наступна

Мезгілінен бұрын босану | ХІХ ТАРАУ. ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ЖҮКТІЛІК | ХХ ТАРАУ. БОСАНУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АУЫТҚУЫ | ХХІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕНІҢ КӨЛДЕНЕҢ ЖӘНЕ ҚИҒАШ ОРНАЛАСУЫ | Жүктілікті және босануды жүргізу | ХХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕ БАСЫНЫҢ ШАЛҚАЯ ОРНАЛАСУЫ | Бастың маңдайымен орналасуы | Бастың бетімен орналасуы | Тар жамбас қуысының жіктелуі | Тар жамбас қуысын анықтау |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати