загрузка...
загрузка...
На головну

Ерте гестоздар

Ерте гестоздар жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады.

Жүкті әйелдің құсуы. Бұл жиі кезедеседі. Әйелдердің 80-85% жүктілік кезінде таңертеңгі мезгілде жүрегі айнып, анда-санда құсатын болады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Бұл гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептеледі. Ал гестоз кезінде әйел тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Клиникалық белгілеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жеңіл; 2) орташа; 3) ауыр.

Жеңіл түрінде күніне 3-4 рет құсады (көбіне тамақ ішкеннен кейін). Тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді. Жалпы жағдайы өзгермейді.

Орташа түрінде әйел тәулігіне 10 және одан да көп рет құсады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе, жедел құсып тастап отырады. Содан әлсіреп, жүдей бастайды. Сонымен бірге жүйке жүйесінде, зат және көмір сутегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді. Уақытында дұрыстап емделмесе, келесі ең ауыр түріне көшеді.

Құсықтың ауыр түрін тоқтатусыз құсық деп те атайды. Бұнда құсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айнитыны сонша, тамақты ойлағаннан, иісінен құсатын болады. Кейде бұған сілекей ағу қосылады. Соның салдарынан ағза сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кг дейін кемитін болады. Ағзада зат алмасуының ақырына дейін тотықтырылмаған қалдықтар көбейіп, қанда мочевина, қалдық азот және креатиннің мөлшері көбейеді, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, ол 100-120-ға дейін жетеді. Дем алғанда аузынан ацетонның иісі шығып, әйел есінен тануы (кома) мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты болады.

Емдеу жолдары.Гестозды, әсіресе, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.

1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.

2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.

3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.

Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.

Жүкті әйелдің дерматозы әйел денесінің әр жері, әсіресе, сыртқы мүшелері, қолы, аяғы, кеуде терісі қышып, қасынғаннан қотырлар пайда болады. Кейде денеде эритема, болмаса экземаға ұқсас бөртулер шығады. Дененің қышуы әйелдің мазасын алады, түнімен дұрыс ұйықтатпайды.

Емдеу жолдары.Кофеин, бром дәрілері беріледі. Десенсебилизациялайтын дәрілерді, дәруменнің көптеген түрлерін қолданады.

Жүкті әйелдің сары ауруы. Бұл ауруды әсіресе басқа көп аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек, т.б.) айырып, анықтап алу қажет. Кейде бұл ауру құсықпен не болмаса кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Қалай да болмасын, жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі болып есептеледі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызу керек.

Бауырдың сарғайып солуы. Бұл ауру жеке, көбіне құсудың асқынған түрлерімен қосылып кездеседі. Жасушалардағы алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Әйел сарғайып кетеді, жағдайы күрт нашарлап, жүйкесі қозып, бауыр комасынан өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан, тез арада жүктілікті үзу керек.

Остеомаляция - сүйектің жұмсаруы. Бұл фосфор-кальций алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын дерт. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектердің пішіні өзгеріп, бұлшық ет жұқарады. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріп-тұруы қиындайды. Бір қуантары, бұл ауру сирек кездеседі. Бірақ қазіргі кезде оның жеңілдеу түрі - остеопатия жиі кездесіп жүр. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе, жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді.

Бұл ауруды кейбір ғалымдар әйел ағзасында көптеген дәрумендердің жетіспеушілігіне байланысты деп болжайды.

Емдеу жолдары.Ол үшін дәрумен құрамдарын қолданады.Әсіресе, Д дәруменін (15-20 тамшыдан күніне 3 рет), балық майын (1 қасықтан күнінен 3 рет), УФО және фосфор-кальциі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.



  83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   Наступна

Биомеханизм ерекшеліктері | Босану ерекшеліктері | Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу | Цовьянов әдісі | Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі | ХІІІ ТАРАУ. КӨПҰРЫҚТЫ ЖҮКТІЛІК | Көп ұрықты жүктіліктің ағымы | Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау | Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу | Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати