Головна

Жетілмей туған нәрестелердің күтімі

  1. Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
  2. Жаңа туған баланың бойын өлшеу
  3. Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
  4. Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
  5. Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
  6. Жетіліп туған бала және оның қүтімі
  7. Жетіліп туған нәрестелердің күтімі

Жетілмей туған нәрестенің ағзасы жетіліп туған нәрестенікіне қарағанда анағұрлым әлсіз, соның салдарынан неше түрлі жұқпалар мен ауруға шалдыққыш келеді. Сондықтан, өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап оның барлық мүшелерінің жұмысын қадағалап отыру қажет. Әсіресе, нәресте денесінің жылу алмасуын уақытында қалыпқа келтіру керек, себебі бала ағзасының өмірлік маңызды жүйелерінің бейімделуі осыған байланысты болады. Жетілмей туған нәресте дене тез суымен қатар, жылдам жылып та кетеді. Дене температурасының 360С төмен түсуі палатадағы ауаның салқындауына, суық, ылғалды жаялыққа орауына байланысты болады. Сол себепті жетілмей туған нәресте бірден жылытылған жаялыққа оралады. Алғашқы жуып-тазалуы да жылытылған бөлмеде және жылдам жүргізіледі.

Нәрестені ыңғайлы жылу, ылғалды және оттекті теңгерімін сақтау үшін арнайы кувезге орналастырады. Кувез қажетті температуралар параметрін орнатып отыратын арнайы датчиктермен жабдықталған болады.

Нәрестеге қажетті температура, ылғалдылық және оттек концентрациясын дәрігер белгілейді.

Жетілмей тууына байланысты, оларда сору әрекеті бұзылады, тамақтандыру үшін сүңгіні қолданады. Сүңгімен сорғалатып немесе тамшылатып тамақтандырады. Сүңгіні енгізу алдында залалсыздандырады, сонынан мұрын жолы немесе ауыз қуысы арқылы асқазанға түсіреді. Егер сүңгі қысқа болып, өңеште орналасса, құсу мүмкінділігі артады және одан әрі тұрақты құсу синдромы пайда болады. Ал ұзынырақ сүңгі ұлтабарға жетеді, ол жерде сүт жеткілікті түрде ыдырамайды және оның әсерінен де міндетті түрде құсық пайда болады. Тамақтандыру алдында медбике асқазан құрамын шприцпен сүңгі арқылы сорып алып, сүңгінің дұрыс орналасқанын мұқият тексеруі керек. Сорғалатып тамақтандыру кезінде сүттің қажетті мөлшерін шприцке құяды, ол тікелей асқазанға барады. Тамшылатып тамақтандыру кезінде сүт арнайы помпалы шприцке құйылып, сұйықтықтың асқазанға бару жылдамдығы реттеледі.

Тамақтандыру алдында және соңынан баланы 5-10 минут оттекпен дем алдырады. Тамақтандыру барысында құсудың және одан әрі өз құсығына тұншығудың алдын алу мақсатында баланың басын бір жағына бұрып қояды.

Жетілмей туған нәрестелерге көп мөлшерде сұйықтық (натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі) беріледі.



  68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   Наступна

Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру | Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі | Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы | Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау | СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРДІ ҰПАЙМЕН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ | Нәрестелерді клиникалық тексеру | Нәресте ағзасының табиғи ерекшеліктері | Күтімнің жалпы ережесі | Жетіліп туған нәрестелердің күтімі | Жаңа туған нәрестені тамақтандыру |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати