загрузка...
загрузка...
На головну

Жыныстық қатынас

  1. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
  2. Жыныстық толығу кезеңі
  3. Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
  4. Тақырып. Механикалық берілістер. Жалпы мағұлматтар. Негізгі кинематикалық және күштік қатынастар.

Жүктілік кезеңі мен толғағы асқынбаған жағдайда әйел босанған соң, екі айдан кейін жыныстық қатынасты жалғастыруына болады. Ал бұл айтылған мерзімнен бұрын жыныстық қатынас жасауға мүлдем болмайды, өйткені жатырдың ішкі жағы әлі жазылып үлгірмейді, сонымен бірге босанғанда пайда болған жарақаттарға микробтар түсіп, әйелді ауруға шалдықтырады, оның үстіне жатырдан қан кетуі де ықтимал.

Босанған әйелдің етеккірі орта есеппен 4-8 айдан соң келе бастайды. Әйелдердің көпшілігі бала емізіп жүрген кездерінде жүкті болып қалуы ықтимал. Осыған байланысты әрбір ана жүктіліктен сақтанудың тәсілдерін де білуі тиіс. Бала көтеруден сақтанудың көптеген тәсілдері бар.

Әрбір әйел өз жыныс мүшелерінің ерекшеліктеріне қарай жүктіліктен сақтанудың қандай тәсілдерін қолдану қажеттігін тек дәрігермен ақылдасып шешуі керек. Жүкті болудан сақтану тәсілдері мен құралдары ерлі-зайыпты адамдарға да, олардың болашақ ұрпағына да зиянсыз болуы қажет. Әйелдердің біразы бітіп қалған баланы түсіру үшін жатырларына дәрі-дәрмектер жібереді. Бұл өте зиянды, өйткені осындай әрекеттерден кейін жатырдың қабынып, ағзаға қолданылған дәрілерден қатты улануы мүмкін.

Жүкті болудан сақтанудың химиялық, биологиялық, физиологиялық, хирургиялық тәсілдері бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі - физиологиялық тәсіл. Оны әрбір әйел білуге тиіс. Әйелдің бала көтеруге қолайлы күндері болады. Ол жыныс жасушасының аналық бездерден шығып, жатырдың түтігіне жететін күндері. Бұл кезең «овуляция» (ұрықтану) деп аталады, етеккірдің 12-16-күндеріне тең келеді. Оны екі етеккір аралығындағы дененің температурасын өлшеу арқылы айыруға болады. Ол үшін таңертең төсектен тұрмас бұрын тік ішікке термометр салып, оның көрсеткішін бір ай бойы жазып отырса, овуляциядан кейін 1-2 күн өткен соң әйел денесінің қызуы 0,4-0,6 градусқа жоғарылайды. Сөйтіп, етеккір айналымы дұрыс өтіп жатқан әйелдің дене қызуы бала бітерде 37,0-37,4 градус аралығында ауытқиды.

Еркектің шәуһеті (сперматозоид) өзінің тіршілік және ұрықтандыру қабілетін әйелдің жыныс мүшелерінде екі-үш күнге дейін сақтайды. Сондықтан әйел дәрігермен бірлесе отырып етеккірдің келу мерзімін анықтап, бала бітуге қолайлы күндерді белгілеп алуы керек. Мысалы, етеккір айналымы 28 күнге тең болса, онда етеккір басталғаннан кейінгі 10 күн бойына бала бітпейді, бұл күндері ешбір сақтану шарасын қолданбауға болады.

Сонымен, босанғаннан кейін еңбек ету, тамақтану, демалу, жыныстық қатынас ережелері толық орындалғанда ғана ана денсаулығы дұрыс сақталады.

Босанған әйелдерді бақылау. Әйелдер кеңес орнының міндеттерінің бірі - босанған ананы үй жағдайында бақылау. Дәрігер үй жағдайында сәбиге және анасына дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әсіресе, жас босанған, жүрек, бүйрек, қан тамыры ауруларымен ауыратын әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Босанғаннан кейін 10-12 күндері және 6-8 жұмадан кейін дәрігердің қабылдауында болуы керек. Содан кейін үш ай сайын, кейін жылына бір рет қабылдауда болады. Учаскелік дәрігер босанған әйелді бірінші рет қабылдаған кезде оның 113-ші нөмірлі анықтама картасы арқылы босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ағысымен танысады. Әйелдің шағымын тыңдай отырып, оның қан қысымын, ден қызуын, салмағын анықтайды. Емшек бездерінің, жыныс мүшелерінен бөлінетін сұйықтықтың сипатына көңіл бөледі. Сонымен қатар босанғаннан кейінгі кезеңде гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек екенін ескертеді. Ал қынаптық тексеру тәсілін босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынуында қолданады.

 



  56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   Наступна

Шүйде сүйегінің алға қарап тууы | Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері | Нәрестенің біріншілік туалеті | Бала жолдасының бөліну кезеңі. | Бақылау және босануды жүргізу | Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу | ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері | Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру | Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати