загрузка...
загрузка...
На головну

Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу

  1. Бақылау және босануды жүргізу
  2. Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
  3. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
  4. Жүктілікті және босануды жүргізу
  5. Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
  6. Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу

Босанғаннан кейінгі кезең қалыпты жүргенде босанған әйелді сау деп санауға болады. Дегенмен ол жыныс мүшелерінің дұрыс инволюциясына, жараланған жыныс жолдарының тез жазылуына және ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне жағымды әсер ететін ерекше тәртіпті қажет етеді.

Босанған әйел күтімін ұйымдастыру барысында асептика және антисептика ережелерін сақтаудың маңызы зор. Жатырдың жараланған беті, кіші жараланулар, босану жолдарының жұмсақ тіндерінің ажырауы инфекцияның кіру жолдары болып табылады. Сондай-ақ сүт бездері ұштарының жарылуы да қауіпті. Бұл жолмен енген жұқпалар сүт безінің қабынуы маститті тудырады.

Сондықтан босанғаннан кейінгі кезеңде палатаның, төсек-орынның және барлық күту құралдарының қатаң тазалығы ерекше маңызды. Әйелдің жыныс мүшелерімен және сүт бездерімен қатынаста болатын барлық құралдар, материалдар және күту заттары залалсыз болуы қажет. Босанған әйелге күтім жүргізер алдында медициналық қызметкер қолы жақсылап жуылып, дезинфекциялануы шарт. Медициналық қызметкер мен босанған әйелдің жеке бас гигиена ережелері қатаң сақталуы міндетті.

Босанғаннан кейінгі кезең ағымы дұрыс өтуі үшін босанған әйелге тыныш жағдай жасалғаны дұрыс. Сондықтан, әйелге қалыпты ұйқы жағдайы жасалып, уайым, жағымсыз, теріс эмоциялардан аулақ ұсталынады. Дұрыс тамақтану, қуық пен ішек жұмысын реттеу, белсенді қозғалыстар жасалу да үлкен маңызға ие.

Босанған әйелдер жататын бөлмелер жағдайы. Босанған әйелдердің бөлмелері жарық және кең болуы керек. Әрбір әйел төсегіне 8 м2 аудан бөлінуі тиіс. Бөлмелерді тәулігіне 2 реттен кем емес ылғалды тазалап, көп рет желдетіп отырады. Әрбір 5-6 күннен кейін бөлмелер босатылып (босанған әйелдер шыққаннан кейін), мұқият жуып-жиналып, қабырғалары, едендері, жиһаздары дезинфекцияланады. Босанған әр әйел шыққаннан кейін төсек-орын мен клеенка сумен және дезинфекциялаушы ерітіндімен жуылып, матрац, жастық пен жамылғылар бір тәуліктен кем емес желдетеді. Температурасы жоғарылап, безгегі ұстаған босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейін олардың төсек жабдықтары дезинфекцияланады.

Босанған әйел қатаң бақылауға алынады: а) жалпы жағдайы мен өзін сезінуі (ұйқысы, тәбеті, көңіл-күйі) байқалады; б) пульсін санап, күніне 2 реттен кем емес дене температурасы өлшенеді; в) сүт бездерінің қатаю дәрежелері, емшек ұшының жарылулары және т.б. анықталады; г) жатыр түбі деңгейі, консистенциясы тексеріледі, жатырды сипалағанда ауырсынудың бар-жоқтығы білінеді; д) сыртқы жыныс мүшелері қаралып, бөлінділер сипаты мен мөлшері анықталады; е) қуық пен ішек жұмыстары туралы сұрастырылады. Сұрастыру және объективті тексеру тәсілдері арқылы алынған барлық мәліметтер босанған әйелдің босану тарихына жазылады.

Босану бөлмесінен ауыстырылған босанған әйелді таза төсек-орынға жатқызады. Босанған әйелдің төсегі келесі ретпен дайындалады. Матрац үстіне ақ жайма жайылып, оның бір бөлігінің ортасында клеенка салынады. Клеенка үстінен тәулігіне 2 реттен кем емес ылғалды тазалықтан кейін ауыстырылып отыратын жаялық (шамамен 1 х1 м) төселеді. Қалған төсек және дене киімдері ластану жиілігіне байланысты ауыстырылады. Жуылған төсек жабдықтары мен дене киімдері автоклавқа салынады.

Әрбір төсек жанында қайнатылған жеке дәрет ыдысы болуы керек, олар әйелдің әр қолданысынан кейін сумен және дезинфекциялаушы ерітіндімен (деохлор) жуылады.

Босанудан кейінгі ауырсынған толғақ кезінде ішке, ректальді және парентеральді түрде ауырсынуды басатын дәрілер тағайындайды. Жатырдың баяу инволюциясы (субинволюция) кезінде оның жиырылуын күшейтетін заттар беріледі.

Жатырдың дұрыс инволюциясына қуық пен ішектің уақытында босауы тікелей әсер етеді.

Қиындаған зәр бөлу кезінде босанған әйелдің жамбасының астына жылытылған дәрет ыдысы қойылады. Зәрді рефлекторлы жолмен шақыртуға да болады (су ағынын жіберу және т.б.). Егер бұл көмектеспесе, қуыққа катетеризация жасалынды, оны барлық асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып (катетерді қайнату, қолды жуу, уретра аймағын әлсіз дезинфекциялық ерітіндімен жуу) орындайды. Қуықтың катетеризациясы дизуретикалық бұзылыстарды, бұрын болған қабыну процестерінің өршуін тудыратынын естен шығармаған жөн.

Іш қатқан кезде босанудан кейін 3-күні тазалау клизмасын немесе іш өткізетін дәрілерді тағайындайды.

Үлкен ауырсынатын геморроидальді түйіндер болғанда аралыққа мұзды мұйық қою (мұзды мұйықты заласыз жаялықпен орау) немесе геморроидальді балауыздар қою ұсынылады. Босану физиологиялық түрде өтсе, босанғаннан кейінгі кезең белсенді жүргізіледі: 6 сағаттан кейін тұруға болады, баланы отырып емізуге рұқсат етіледі.

Аралық жыртылғанда әйелге босанудан кейін алғашқы тәуліктің соңында тұрып, жүруге болады, тазалау клизмасын жасағаннан кейін 5-тәулікте тігістерін алады.

Тамақтануы. Дені сау әйел ерекше диетаны қажет етпейді. Босанғаннан кейінгі алғашқы күндері жоғары каллориялы, жеңіл қорытылатын тамақ беріледі. 3-күннен бастап жалпы үстел тағайындалады. Дәрумендерге бай көкөніс, жидектер беріліп, ащы тағамдарды, шұжық, ішімдікті пайдалануға тыйым салынады.



  54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   Наступна

Ынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу | Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау | Шүйде сүйегінің алға қарап тууы | Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері | Нәрестенің біріншілік туалеті | Бала жолдасының бөліну кезеңі. | Бақылау және босануды жүргізу | Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу | ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ | Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати