загрузка...
загрузка...
На головну

Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу

  1. Алыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
  2. Бақылау және босануды жүргізу
  3. Бала жолдасының бөліну кезеңі.
  4. Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
  5. Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
  6. Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау

Босанудың үшінші кезеңінде бала жолдасының жатыр қабырғасынан бөліну процесі жүреді. Бұл процесс қалыпты жағдайда 250 мл-ден аспайтын қан ағумен сипатталады. Бала жолдасының бөліну кезеңіндегі физиологиялық қан ағудың бұзылысы патологиялық қан ағуға алмасуы мүмкін. Сондықтан, әйел бұл кезеңде үнемі акушер қарауында болуы керек.

Бала жолдасының бөліну кезеңі қатаң бақылауда болады. Дәрігер мен акушер әйелдің жалпы жағдайын, тері, кілегей қабаттарының түсін бақылап, қан қысымын, тамыр соғысын өлшеп отырады. Әйелдің кіші дәретін арнайы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.

Бала жолдасының бөлінуін жүргізу кезеңінде плацентаның бөліну белгілерін білу және оның көрінген уақытын белгілеу керек.

Жатыр пішіні мен оның түбінің деңгейінің өзгеруі - Шредер белгісі.Нәресте туғаннан кейін жатыр көлемі дөңгеленіп, түбі кіңдік деңгейіне орналасады. Егер плацента толығымен бөлінген болса, жатыр созылып, түбі кіндік тұсынан жоғары көтеріледі және жиі ортаңғы сызықтан оңға қарай қисаяды.

50 сурет . Шредер белгісі.

Кіндік сыртқы бауының ұзаруы - Альфельд белгісі. Плацента мен оның қабығы жатыр қабырғасынан толығымен бөлінгеннен кейін бала жолдасы жатырдың төменгі сегментіне түседі де, кіндік бауының сыртқы ұзындығы ұзарады. Кіндік бауға салынған қысқыш 10-12 см төмен түседі.

 
 

Чукалов-Кюстнер белгісі. Егер де алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқан жағдайда плацента жатыр қабырғасынан бөлінген болса, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды. Ал егер плацента толығымен бөлінбеген болса, кіндік бауы керісінше, кері қарай тартылады.

 
 

Довженко белгісі - әйел терең дем алған кезде бала жолдасының кіндігі жоғары тартылмаса, бала жолдасының бөлінгені деп есептеледі.

Бала жолдасының қалыпты бөліну кезеңінде нәресте туғаннан кейін плацентаның бөліну белгілері байқалады, 1-2 күшенуден кейін бала жолдасы туады. Егер де плацента бөлінуі кешігіп, қан кетулер болмаса және әйелдің жағдайы жақсы болса, бала жолдасының бөлінуін 1 сағатта күтуге болады.

Плацента толығымен бөлінген жағдайда бала жолдасы өздігінен түспейтін болса, келесі тәсілдер қолданады:

Абуладзе тәсілі. Қуықты босатқаннан кейін жатырды сипалап, уқалап, содан кейін құрсақ еттерін ұзынынан бүктеп көтеріп, әйелді күшендіреді. Бұл ретте жатыр қабырғасынан бөлінген бала жолдасы тез түсе қалады.

 
 

       
 
52 сурет. Абуладзе тәсілі.
 
53 сурет. Гентер тәсілі.


Креде-Лазаревич тәсілі. Қуықты босатқаннан кейін дәрігер жатырды уқалап, оның деңгейін ортасына келтіреді. Акушер босанған әйелдің сол жағынан тұрып (бетімен аяғына бұрылып), оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, ал алақанды жатыр түбіне орналастырып, жатыр түбін алға және төмен қарай басады. Осы әрекет арқылы бала жолдасын тудырады.

       
   

Бала жолдасының бөліну ағымының қалыпты кезеңінде бала жолдасы түгелімен туылады. Нақты болу үшін дәрігер бала жолдасының бөлшектері мен қағанақ қабықшаларын түгендеуі қажет. Ол үшін бала жолдасын кіндік бауынан ұстап жоғары көтеріп, оның жатырдан ажыраған жерін, олардың бүтіндігін тексереді, сонымен қатар плацентаның қосымша бөліктеріне көңіл аударады. Қабықшаны тексергеннен соң, плацентаны қарайды. Алдымен бала жолдасына қараған бетін, соңынан аналық бетін қарайды. Аналық бетін қарау үшін қағанақ қабықшасын жыртып, бала жолдасының үстіне ұйыған қандарды алып тастап, мұқият тексереді. Плацентаның аналық беті қалыпты жағдайда тегіс, жылтыр, күрең қызыл түсті болуы керек.

 
 



  50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   Наступна

ТӘРТІБІ МЕН ТАМАҚТАНУЫ | Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері | Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы | Санитарлық өңдеу | Ынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу | Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау | Шүйде сүйегінің алға қарап тууы | Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері | Нәрестенің біріншілік туалеті | Бала жолдасының бөліну кезеңі. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати