загрузка...
загрузка...
На головну

Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы

  1. Бақылау және босануды жүргізу
  2. Босану ерекшеліктері
  3. БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАНУЛАР
  4. Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
  5. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
  6. Жүктілікті және босануды жүргізу

Әйелдің босанып, нәрестенің өмірге келуі табиғи заңдылық. Босану жоғарғы жүйке, нейро-гуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелеренің жыныс мүшелерімен қарым-қатынасының жұмылуынан пайда болатын күрделі физиологиялық құбылы. Жүктілік пен босану қалыпты жағдайда өту үшін орталық жүйке жүйесінің мыңызы зор. Себебі орталық жүйке жүйесінде «босану доминанты» қалыптасады. «Босану доминанты» пісіп-жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану кезеңдері өзінің физиологиялық жолынан ауытқиды.

Босанудан бірнеше күн бұрын мынандай белгілер пайда болады: қағанақ суы азайып, нәресте басы жамбас қуысының кіреберісіне тіреліп, жатыр түбі төмендейді, жыныс жолдарынан «шырышты тығын» аға бастайды, жатырдың жиырылу қабілеті артады.

Босанудың басы жүйелі толғақпен басталады. Бұл толғақтың алдында бірнеше сағат бұрын дайындық кезеңі болады, ол қалыпты жағдайда алты сағатқа созылады.

Прелиминарлық дайындық кезеңі деп жатырдың қозу қабілетінің артып, әлсін-әлсін жатырдың жүйесіз, ретсіз жиырылып, сирек толғақтың басталуы, жатыр мойнының қысқарып (1-2 см-ге дейін), жұмсарып, жамбас қуысының орталық бағытына сәйкес келіп, мойын өзегінің ашылып, жетілуі. Бұл кезең әйелдің мазасын алмайды, ұйқысын бұзбайды. Сөйітіп, жүйесіз сирек толғақ біртіндеп жүйелі босану толғағына көшеді.

Босану кезеңдерінің қалыпты жағдайда өтуі үшін мынандай шарттар қажет:

1. Жыныс мүшелерінің дұрыс дамып жетілуі және босану жолдарының дайындығы;

2. Күшті, жүйелі толғақ;

3. Нәресте салмағының орташа болып, оның жатырда дұрыс орналасуы.



  41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   Наступна

Тері қабаты | Жыныс мүшелері | Мәліметтер алу | Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау | Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау | Нәрестенің жатырдағы қалпы | Акушерлік тексеру әдістері | Тексерудің қосымша әдістері | Жүктілік мерзімін анықтау | ТӘРТІБІ МЕН ТАМАҚТАНУЫ |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати