Головна

Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері

  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
  3. Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
  4. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы.
  5. Атты дәрілік түрлер
  6. Аурулары кезіндегі жүктілік
  7. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға не әсер етеді?

Бір де бір дәрілік зат ұрық үшін 100% қауіпсіз болуы мүмкін емес. Бала жолдасының тосқауылы препараттардың көп бөлігін өткізеді, ал стресс кезінде оның өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Анасының кейбір аурулары кезінде (диабет, артериалды гипертензия) пайдаланылатын дәрілік заттардың ұрық ағзасына түскен мөлшерінің кері шығуы төмендейді. 2-ші кестеде жүкті әйелдің дәрілік заттарды қабылдауының қауіпті тобы келтірілген.

Қазіргі кезде тератогендік келесі топтардың препараттары зерттеу құралдары болып табылады: психофармацевтік заттар, антиконвульсанттар, антибиотиктер, әсіресе аминоглюкозидтер, хлорамфеникол (левомецитин), тетрациклиндер, гормондар.

Әдеби көрсеткіштер бойынша антиконвульсанттарды жүктілік кезінде пайдалану ұрық кемтарлығын 2-3 есе жоғарылатады. Эпилепсиямен, диабетпен ауыратын, анамнезінде түсіктер мен ұрық кемтарлығы бар 35 жастан асқан әйелдерге жүктілік қарсы көрсетілген.

Бақылауларға сәйкес эстрогендер мен прогестогендер жүктіліктің алғашқы 4 айында қабылданбауы тиіс. Сонымен бірге, құрамында белсенді компоненттері аз және сіңірілуі шектелген сыртқа қолданылатын дәрілік заттардың да (көз тамшылары, майлар) тератогендік әсерлері бар екендігін есте сақтаған жөн.

4 кесте.

Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (БДҰ мәліметтері)

Дәрілік заттардың тобы Препараттар атауы
1 топ Қолданғанда әрқашан да жасанды түсік тастауына себеп болатын дәрілер Цитостатиктер, иммуносупрессорлар.
2 топ Жүктіліктің 3- және 10-аптасында қолданғанда әрқашан да түсік тастауға себеп болатын дәрілер Антибиотиктер (аминогликозиттер, барлық тетрациклиндер, безгекке қарсы және де басқа антипротозойлық заттар). Аминохиноминдер (хинозид, примахин). Диабетке қарсы пероральді заттар. Этил спирті. Әсері тікелей емес антикоагулянттар. Хинин және оның тұздары. Аминоакридиндер. Диаминопиримидиндер. Триметоприм (бактрим, бисептол). Эмитин. Тырысуға қарсы заттар: ü Барбитураттар (фенобарбитал және т.б., бензонал, фалилепсин); ü Гидантоиндер (фенитоин, дифенин); ü Сукцинимидтер (этосуксимид, метсуксимид, пикнолепсин, суксилеп, триметин); ü Оксазолидиндер (параметадион, троксидон). Ацетазолоамид. Карбамазепин (гексамидин, майсомен). Вальпрой қышқылының туындылары (конвулекс). Литий және оның тұздары. Оксалинді қышқыл (грамурин). Стероидты гормондар және стероидты емес эстрогендер (таза гестагендерді қоспағанда), жүктіліктен сақтандыратын стероидтарды қосқанда. Психофармакологиялық заттар.
3 топ Жүктілік кезінде тағайындауға болмайтын дәрілер Нейролептиктер (фенотиозиндер, тиоксантиндер, /хлорпротексен/). Бутирофенондар (галоперидол), карбаматтар (мепробамат), трициклдік антидепресанттар (амитриптилин, имипраин және т.б.).

 



  40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   Наступна

Зат алмасу жүйесі | Тері қабаты | Жыныс мүшелері | Мәліметтер алу | Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау | Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау | Нәрестенің жатырдағы қалпы | Акушерлік тексеру әдістері | Тексерудің қосымша әдістері | Жүктілік мерзімін анықтау |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати