Головна

Жыныс мүшелері

  1. Жыныстық қатынас
  2. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
  3. Жыныстық толығу кезеңі
  4. Йел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
  5. Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
  6. Сөйлем мүшелері

Жүктілік әйелдің барлық ағзасында өзгеріс тудырады, дегенмен неғұрлым көбірек өзгерістер жатырда болады. Жүктілік кезінде жатырдың көлемі, қалпы, орналасуы, құрамы және қозғыштығы өзгереді.

Жатыр жүктіліктің барлық кезеңінде қарқынды түрде үлкейіп отырады. Жүкті емес жатырдың ұзындығы - 7-8 см, жүктілік соңына қарай 38 см жетеді. Көлденең өлшемі 4-5 см-ден 25-26 см-ге дейін ұлғаяды. Жүкті емес жатырдың салмағы 50-100 г, жүктілік соңына қарай 1000-1200 г болады. Жүктіліктің соңында жатыр қуысының көлемі 500 есе үлкейеді. Жатырдың ұлғаюы ең алдымен жатырдың бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы (өлшемдерінің ұлғаюы) мен гиперплазиясына (санының ұлғаюы) байланысты болады.

Әр бұлшық ет талшығы шамамен 10 есе ұзарып, 4-5 есеге дейін жуандайды; бір уақытта бұлшықет талшықтары көбейіп, жаңа түзілген бұлшықет элементтерінің өсуі жүреді.

Бұлшықет талшықтарының гиперплазиясы жүктіліктің бірінші жартысында, ал жүктіліктің соңғы кезеңдерінде жатырдың өсуі негізінен іштегі баланың өсуіне байланысты, яғни жатыр қабырғаларының созылуы есебінен болады. Жатырдың байланыстырушы ұлпалары көптеп өсіп, қопсиды. Созылмалы талшықтар саны өседі. Жатырдың шырышты қабаты едәуір өзгеріске түсіп, децидуальді (бөлінуші) қабыққа айналады.

Жатырдың тамырлы жүйесі бірқатар ұлғаяды. Жатырдың күре тамырлары мен көк тамырлары ұзарады және кеңейеді: әсіресе көк тамырлар саңылауы ұлғаяды. Жүктілік кезінде жатыр тамырлары арқылы жүретін қанның мөлшері бірнеше есе көбейеді.

Жүкті әйелдің жатырының жүйке элементтері өседі, лимфа тамырлары ұзарып, кеңейеді, жатырдың серозды қабаты қалыңдайды. Жүкті әйелдің жатыр қабырғасында босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетіне қажетті жиырылдырушы ақуыз (актомиозин), кальций, гликоген және фосфокреатинин құрамы ұлғайды.

Жүктілік кезінде жатыр мойны қопсып, жұмсақ, созылмалы болады. Мойын маңайындағы тамырлар ұзарып, көктамырлар күрт кеңейеді, қанға толады; жатыр мойны көкшіл түске енеді.

ІҮ айға дейін ұрық жұмыртқасы жатыр ішінде болады. ІҮ айдан бастап ұрық жұмыртқасының төменгі өсуші кеңістігі жатыр өзегін созып, оныі ішіне орналасады. Осы мезеттен бастап жатыр өзегі ұрық орналасатын жер құрамына кіреді және жатыр денесінің төменгі бөлімінің бөлігімен бірге жатырдың төменгі сегментін құрайды.

Жатыр мойнының сыртқы және ішкі өзегі алғаш жүктілерде босануға дейін жабық болады; ал босанғандардың жатыр мойнының өзегі жүктіліктің соңғы айларында ашылып, саусақ өтетіндей болады.

Сонымен қатар жүкті жатырдың сыртқы қалпы өзгереді. Жүктіліктің ерте кезеңінде жұмыртқа имплантациясы жүрген жатыр бұрышында томпаю байқалады. ІІІ айдан бастап жатыр жұмырланып шар тектес, ал одан әрі жұмыртқа тектес болады.

Өсуіне байланысты жатырдың орналасуы да өзгереді. Жүктіліктің ең басында жатырдың иілуі алға қарай ұлғаяды, ал одан әрі жатыр мойны мен денесі арасындағы бұрыш жоғалады, жатыр тегістеледі, сирек оңға қарай сәл еңкейіп, сол жақ қабырғасымен аздап алға, оң жағымен артқа бұрылады. ІІІ айдан кейін жатыр түбі кіші жамбасқа ену жазықтығынан биік көтеріледі, ал ІХ ай соңында қабырға астына жетеді. Жүкті әйелдің жатыры консистенциясы жұмсақ болады; жұмсақтық әсіресе жатыр өзегі аумағында қатты байқалады.

Ж а т ы р т ү т і к т е р і жуандайды. Жатырдың өсуіне орай түтік жүктілік соңына қарай жатыр қабырғалары бойымен төмен салбырап тұрады.

А н а л ы қ б е з біршама ұлғаяды, жұмсақ болады, овуляция тоқтайды, аналық бездің біреуінде жүктіліктің сары денесі орналасады. Жатырдың өсуіне байланысты аналық бездер кіші жамбастан көтеріліп, іш қуысында орналасады.

Жатыр т ү й і н д е р і ұзарады және жуандайды.

Жүктілік кезінде ж а м б а с к л е т ч а т к а с ы қопсыған, шырынды, жеңіл соғылғыш болады.

Қ ы н а п жүктілікке байланысты едәуір өзгеріске түседі. Қынап қабырғаларының қанмен жабдықталуы күрт артады, барлық қабаттары серозды сұйықтықты сіңіреді. Қынап қабырғалары қопсып, шырынды және созылғыш болып келеді.

Жүктілік кезінде қынаптың бұлшықетті дәнекерлеуші-ұлпалы элементтерінің гиперплазиясы мен гипертрофиясы байқалады; осыған байланысты қынап ұзарады, кеңейеді, шырышты қабаттары айқын білінеді.

Қопсу салдарынан қынаптың шырышты қабатының сіңіру қабілеті артады. Сол себепті жүктілік кезінде улы заттар ерітінділерімен қынапқа шашырату жасау, түрлі бактерицидті заттар енгізу өте қауіпті болады.

С ы р т қ ы ж ы н ы с м ү ш е л е р і жүктілік кезінде қопсиды, қынапқа кіреберістің шырышты қабаты цианозды болады. Қайталай жүктілердің сыртқы жыныс мүшелерінде кейде варикозды түйіндер түзіледі.

 



  31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   Наступна

Кіші жамбас қуысы | Йел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы | ІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ | Рықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер | Жетілген нәрестенің бас сүйегі | Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі | Жүкті әйел ағзасындағы жалпы өзгерістер | Эндокринді жүйе | Ан және жүрек-қан тамырлар жүйесі | Зат алмасу жүйесі |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати