Головна

Эндокринді жүйе

  1. Азақстан Республикасының саяси жүйесі
  2. Ан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
  3. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  4. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
  5. Біртексіз сызықты жүйелер
  6. Біртекті сызықты жүйелер
  7. Есепке алу жүйесі

Жүктіліктің басталуы мен қалыпты ағымына қажетті жағдайларды туғызуда ішкі секреция бездері үлкен үлес қосады. Жүктіліктің басында аналық жұмыртқада жаңа без - сары дене жұмыс істей бастайды, ол прогестерон гормонын бөлу арқылы имплантацияны және плацентаның қалыптасуына дейінгі (10-16 апта) жүктіліктің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді. Одан әрі ол біртіндеп сорылады және жүктіліктің 16 аптасына қарай гормональді қызмет толығымен фетоплацентарлы кешенге көшеді. Плацента ұрық пе ана ағзасындағы байланысты жүзеге асыратын жаңа мүше болып табылады. Ол өте маңызды және басқа түрлі де қызметтерді, соның ішінде эндокринді қызметті де қамтамасыз етеді. Онда хориалды гонадотропин, эстрогендер, плацентарлы лактоген, прогестерон және басқа гормондар мен биологиялық белсенді заттар түзіледі. Жүкті әйел ағзасындағы гормондардың сандық арасалмағы жүктілік мерзіміне қарай ауысып отырады. Айталық, жүктілік кезінде жатырдың өсуі мен дамуына, оның қозбаушылығына жағдай жасайтын прогестиндер саны артық болатын болса, жүктілік мерзімінің соңына қарай эстрогенді гормондар құрамы өсіп, жатырдың қозғыштығы артады.

Гипофиздің алдынғы бөлігі сары дененің қызметін ынталандыратын гонадотропты гормондарды өндіреді. Осымен қатар, онда сүт бездерінің, қалқанша бездің қызметін, бүйрек безі мен өсу гормондарын ынталандыратын гормондар өндіріледі. Гипоталамуста өндірілетін окситоцин жатырдың қысқару әрекетіне жағдай жасайды.

Қалқанша без өзінің әрекетін жүктіліктің ІІ жартысында төмендетеді, ал ол болса зат алмасуға әсер етеді.

Парақалқанша бездер жүктілік кезінде артатын кальций алмасуға әсер етеді, себебі кальций ұрықтың құрылымына кетіп отырады. Бүйрек бездері ақуызды, көмірсу және минералды алмасуды реттейтін гормондардың түзілуін арттырады.

Плацента (бала жолдасы) - жаңа қосымша ішкі секреция безі, ол ана қанына күрделі гармондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарады. Жүктіліктің ерте мезгілінде-ақ қанға көп мөлшерде хориональды гонодотропин бөліп шығарады. Ол сүт бездерінің өсуіне, қалқанша бездер қызметінің күшеюіне себеп болады.

Екінші белокты гормон плацентарлық лактоген белсенді иммунологиялық қасиеті бар өсу гормоны. Лактоген сүт бездерінің өсуіне әсерін тигізеді, жүктілік кезінде біртіндеп өсіп, 37- 38-ші апталарында мөлшері жоғарылайды. Сонымен қатар плацента стероидты гормондардың түзілуіне қатысады. Гормондар түзілу процесінде плацентаның қатысуы оның өте белсенді қасиетіне байланысты. Плацентаның өзіне тән ферменттік жүйесі бар. Бірақ ұрық пен плацентаның ферменттік жүйелері әртүрлі.

Жүктілік кезінде эстрогендердің өнімі едәуір артады. Олардың үш фракциясы бар - эстрадиол, эстрон, эстриол. Әсіресе эстриол фракциясы әжептәуір көбейеді. Эстрогеннің зәрдегі тәуліктік мөлшері - ұрық плацента жүйесі қызметінің көрсеткіші болып табылады.

Прогестерон жүктілік кезінде аналық бездегі сары денеден шығып, мөлшері көбейеді. Ал 14-16 апта мезгілінде оның қажеттілігін бала жолдасы дамытады. Эстрогендік гормондар жыныс мүшелеріндегі барлық морфологиялық элементтердің өсіп-өнуін күшейтеді. Әсіресе жатырға күшті әсерін тигізіп, оны жігерлендіріп, оның қан айналысын жақсартады.

Жүктілік кезінде жатырдың салмағы 50-100 г дейін, көлемі 520-550 есе өседі, ал жатыр қуысының аумағы 940 см2-қа жетеді. Жатыр етінің талшықтары ұзынынан 10 есе, қалындығы 5 есе ұлғаяды. Тамыр жүйелері де үлкен өзгеріске ұшырап, жүктіліктің соңғы мерзімінде жатырдағы тамыр жүйелерінің көлемі 600-800 мл-ге теңеледі. Сөйтіп өзіне тән жаңа қан айналасын түзеді. Бұл өзгерістердің 6-7 см 36-37 см-ге дейін, ал көлденеңі 3-4 см 25-26 см-ге дейін өседі. Сонымен қатар сыртқы жыныс мүшелері мен жамбас қуысының түбі де көпсіп, ұлғаяды.

 



  27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   Наступна

Жыныстық толығу кезеңі | Йел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы | Етеккір кезеңінің гигиенасы | ІІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖАМБАС СҮЙЕГІНІҢ АНАТОМИЯСЫ | Кіші жамбас қуысы | Йел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы | ІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ | Рықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер | Жетілген нәрестенің бас сүйегі | Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати