загрузка...
загрузка...
На головну

Ызметшілерді тексеру

  1. Акушерлік тексеру әдістері
  2. Нәрестелерді клиникалық тексеру
  3. Тексерудің қосымша әдістері
  4. Ынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу

Науқасты қызметшілермен байланыста болдырмау мақсатында жұмысқа орналасу кезінде мамандармен тексеру мәліметтері және тапсырылған анализ нәтижелері көрсетілетін санитарлық паспорт (медициналық кітапша) басталады. Қаралу қолданыстағы бұйрықпен қарастырылғандай жүйелілікте қайталанады.

Бұнымен қатар, қызметшілерді күнделікті тексеру журналы болады. Онда көрсетілген ауысым қызметкерлерінің жұмысқа келген кездегі денсаулық жағдайы белгіленеді (дене температурасы, респираторлық аурулардың болуы, терідегі іріңді жаралар, т.б.).

Босану стационарына жұмысқа келген қызметшілер жуынып, киімдерін, аяқ киімдерін ауыстырып, таза халат, бас киім киюлері керек, ал тұмау індеті кезінде - әр 2 сағат сайын бет перделерді ауыстырып отырулары қажет.

Жаңа туған нәрестелер бөлімшесінің медбикелері, акушерлері өз бөлімшелерінің халаттарымен шығуға құқықты емес. І және ІІ босану бөлімшелерінің жұмыс тәртіптері әр түрлі. ІІ босану бөлімшесінде жүктілер мен босанушылар арасындағы қарым-қатынас рұқсат етілмейді. Обсервациялық бөлімшедегі әйелдер ортақ дәретханамен, гигиена бөлмесімен, асхана, демалыс бөлмесімен қолдана алмайды, себебі бір босанушыдан басқа босанушыларға жұқпа таралуы мүмкін.

Босанудан кейінгі кезеңнің немесе жүктілік кезеңнің қандай да болсын асқынған ағымында әйел физиологиялық бөлімшеден обсервациялық бөлімшеге ауыстырылуы керек. Нәрестеде асқыну анықталған кезде, ол нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылады.

Босану және босанудан кейінгі кезеңде жұқпалы асқынулардың пайда болуын және таралуын ескертетін нормативтерді сақтау дені сау ұрпақ әкелуге және ана мен бала өлім-жітімін азайтуға қызмет етеді.


ІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ

АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.

       
   

Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері, шүрті, қынап сағасы, Бартолин бездері, қыздық перде, несепағардың сыртқы үрпісі және бұтаралық (сурет 1).

Қасаға екі шаттың арасында, құрсақтың төменгі жағында орналасқан томпақтау үш бұрышты түкті бөлік.

Үлкен және кіші жыныс ернеулері - қасағаның төменгі жағына қатаралас орналасқан. Үлкен жыныс ернеулерінде Бартолин бездері мен қан тамырлары, жүйке жүйелері бар. Бұл бездерден қынапты үнемі дымқылдандырып тұратын сұйық зат бөлініп тұрады. Жыныс сезімі шүртіге жинақталған, оған көптеген қан тамырлары келеді.

Қынап сағасы - алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен, жақтаудың ішкі жағынан кіші жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік. Қынап сағасының түбін қыздық құрайды.

Қыздық - қынаптың ішкі жарғақ сияқты кілегей қабығы, оның ортасында бір немесе бірнеше тесік болады. Одан етеккір келген кезде қан ағады. Ал жыныс қатынасы кезінде қыздық бұзылады. Сонымен қатар қыздық ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы есебінде.

Бұтаралақ деп ұлкен жыныс ернеуінің жабысқан жері мен тік ішектің сыртқы тесігінің аралығын айтады. Ол - тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады. Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, себебі босану кезінде оның көкеттері созылып жыртылуы мүмкін.

Ішкі жыныс мүшелеріне: қынап, жатыр, жатырдың қосалқы бөліктері, аналық бездер жатады (сурет 2).

 
 


Қынап (vagina) -орташа ұзындығы 8-10 см-дей ұзынша келген бұлшықетті-фиброзды түтік болып табылады. Ол кіші жамбас қуысында орналасқан, алдынан- зәр шығару каналымен қуық, артынан-тік ішек арасында жатады. Қынаптың қабырғалары өзара жанасады, жатыр мойны үстіңгі жағынан қынап қуысына кіретіндіктен, мойын айналасында күмбез деп аталатынын кеңістік пайда болады.Қынаптың алдыңғы , артқы, оң және сол жақ күмбездерін ажыратады. Ең тереңгі артқы күмбезде қынаптың сұйықтық, ал жыныстық қатынас кезінде-шәует жиналады. Қынап қабырғалары шырышты қабықтан, бұлшық ет қабатынан және айналасындағы клетчаткадан құралады. Қынаптық шырышты қабаты ал-қызыл түсті, босану кезінде қынаптың созылмалылығын қамтамасыз ететін көптеген көлденең жолақты қатпарлары бар, көп қабатты жалпақ эпителимен қапталған, өзіндік өзгерген тері қабықшасы бар. Қартайған кезде шырышты қабат жұқарады, ал оның қатпарлары жойылады.

Қынаптың шырышты қабықшасында бездер болмайды, қан және лимфа тамырларының, қынап эпителийдің микроорганизмдері және лейкоциттері бөлінгіш клеткалары сияқты мойын өзегі және жатыр бездерінің секретінің қосылуы нәтижесінде қынап ылғалда дымқыл түрде болады. Бұл бөлінділер сау әйелде жалқаяқ текстес, сүт түстес, өзіне тән иісі және қышқылды реакциялы болып келеді. Қынап сұйықтығының мұндай ортасы қынапты бацилаларымен таяқшалардың өмір сүру процесінің нәтижесінде пайда болатын сүт қышқылымен сипатталады. Таяқшалар сау әйел қынабының қалыпты флорасы болып табылады. Олар қынаптың шырышты қабығының эпителий жасушаларының гликогенін сүт қышқылына дейін ыдыратады.

Қышқылдық реакция қорғаныштық, физиологиялық барьер қалыптастырады, сондықтан сыртқы ортадан келген патогенді микроорганизмдердің дамуына кедергі жасайды. Бұл процесс қынаптық өзара тазартылу деп аталады.

Микрофлораның мінездемесіне қарай қынаптық тазалықтың 4 дәрежесін ажыратады:

І дәреже - ортасы қышқыл, құрамында тек қана таяқшалар және бөлек эпителиалды жасушалар.

ІІ дәреже - таяқшалар азаяды, аз көлемді де сапрофиттер, бөлек кокктар, бірлікті лейкоциттер, реакциясы қышқыл болып қалады.

ІІІ дәреже - көп көлемде лейкоциттер, кокктар және т.б. түрлі бактериялар. Реакция қышқылдан сілтігі ауысады.

IV дәреже - қынап таяқшалары жоқ, ал құрамында әртүрлі микрофлора табылады (кокктар, ішек таяқшалары, трихомонадтар және т.б.) көп көлемде лейкоциттер.

І және ІІ дәреже қалыпты болып саналады, ал ІІІ және IV дәрежеде патологиялық процестердің дамуына жағдай жасалады.

Жатыр (uretus) - үш бөліктен тұрады: жатыр денесі, мойыны, мойын өзегі. Жатырдың сырт бейнесі алмұрт сияқты, салмағы 50г, ұзындығы 7-8 см. Денесі мойын өзегімен жоғары орналасқан, оның жоғарғы бөлігі - жатыр түбі. Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі - шырышты, ортаңғы - етті, сыртқы - сір қабық.

Жатыр өзегі (isthmus) - бұл жатыр денесі мен мойнының аралығындағы диаметр 1 см жіңішке өзекше. Жүктіліктің соңғы айларында одан жатырдың төменгі сегменті пайда болады, бұл оның ең жұқа бөлігі, осыған байланысты босану кезеңдерінде жыртылуы мүмкін.

Жатыр мойыны (cervix uteri). Жатырдың мойын бөлігі қынап пен жатыр денесінің арасында орналасқан, ұзындығы 3-4 см. Мойынның жіңішке қуыс түтігі мойын өзегі деп аталады. Оның жоғарғы жағындағы тесігін жатырдың ішкі мойын тесігі, ал төменгі қынапқа жалғасқан жерін сыртқы мойын тесігі дейді. Жатырдың сыртқы мойын тесігі тұңғыш босанған әйелдерде дөңгелек, ал босанып жүрген әйелдерде ұзынша саңылау түрінде болады.

Әдетте, жатыр жамбас қуысында денесімен алға еңкейіп, жатыр мойынымен доғал бұрыш құрайды (anteflexio- versio).

Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары жатырдың жоғарғы жағындағы екі бұрыштан жамбас қуысына қарай кетеді, ұзындығы 10-12 см, дм 0,5 см. Жатыр түтігінің қабырғасы: ішкі - шырышты қабық (түкті эпителиймен қапталған, осы эпителий түтікке түскен шәуеттің жылжуына үлкен әсер етеді), ортаңғы - бұлшықет қабығы, сыртқы - сір қабықтан тұрады.

Ұрық жолдары негізі үш бөліктен тұрады: жатыр бөлігі (жатырмен ұштасқан жері), орта мойынша бөлігі, шеткі кең салпыншақ бөлігі.

Аналық без (оvarium) - жатырдың екі жағында, жатыр түтіктерінің артына орналасқан жұп ағза. Мұны ішкі секреция бездері деп атайды. Мұнда түзілген эстроген, прогестерон гормондары тікелей қанға өтеді, сонымен бірге бұл бездерде ұрық клеткалары да түзіледі.

Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы

және лимфа жүйесі.

Жыныс органдары қан және лимфа тамырларымен өте жақсы қамтамассыздандырылған. Жыныс органдарын ең басты қанмен қамтамассыздандыратын ол жатыр мен аналық без артериялары, олардың соңғы бөлімдері өзара анастамозданады. Жыныс органдарының барлық артериялары аттас тамырлармен қатар келеді. Жыныс органдарынан шығатын лимфа тамырлары лимфаны шат, мықын, бел, сегізкөз артерияларына және де басқа да лимфа түйіндеріне апарады.

Жыныс органдарының иннервациясына симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесімен жұлын, ми жүйкелері жатады.

Жыныс органдарының жүйке аяқталулары интерорецепторларға жатады, ал қозуды ішкі ағзалардан қабылдап, оны жүйке талшықтары және жоғары жатқан жүйке жүйесінің орталықтарына жеткізеді. Бұл орталықтар әр түрлі деңгейде орналасады: жұлын-миында, ми қыртысының астында және бас ми қыртысынжа. Жыныс ағзаларының жұмысына жоғарға жүйке орталықтары әсер етеді.



  9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   Наступна

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ | Йелдер кеңес орнының құрылысы мен жұмысы | АУІПСІЗ ЖҮКТІЛІК | ПЕРИНАТАЛЬДІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ ҰПАЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ | АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Көмектің ұйымдастырылуы | Көмектің ұйымдастырылуы | Перзентхананың құрылысы мен жұмысы | Жанұяны жоспарлау | АКУШЕРЛІКТЕГІ АСЕПТИКА МЕН АНТИСЕПТИКА |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати