загрузка...
загрузка...
На головну

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  1. ІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ
  2. ІІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖАМБАС СҮЙЕГІНІҢ АНАТОМИЯСЫ
  3. ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ
  4. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
  5. Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер
  6. Тарау. Адренорецепторларға (адренергиялық заттар) әсер ететін

Акушерлік ғылымы - жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы.

Ол француздың accoucher - босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел ағзасындағы физиологиялық, патологиялық құбылыстарды және жүктіліктің, босанудың асқынуларын, емін, алдын алу шараларын зерттейді.

Ерте кезде ел арасында жүкті әйелдерге көмек көрсететін «ақ қолды» аналар болған; босануды жеңілдету мақсатымен жүкті әйелді керілген арқанға асылдырып босандырған. Жаңа туған сәбиді қырық күнге дейін «кіндік шеше» өз қамқорлығына алған.

Қазақстанда акушерлік ғылымы 1920-1921 жылдардан бастап қалыптасты, осы кезге дейін халыққа мемлекет тарапынан акушерлік-гинекология көмектері көрсетілмеген. Тек 1921 жылы Денсаулық сақтау халық комитеті құрамында ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімшесі ашылған болатын.

Тұңғыш әйелдер кеңес орны 1921 жылы Орынбор қаласында, ал 1928 жылы Алматыда ашылды. Республиканың қазақ аудандарында акушерлік пунктерді ұйымдастыру басталды. Қалалар мен селоларда босану бөлімдері ашылып, әйелдер кеңес орны жұмыс істей бастады. Денсаулық халық комиссариаты 1925 жылы акушерлік техникумдар ашуды ұйымдастырды.

Осы жылдары Орал, Орынбор, Семей, Алматы қалаларында мәдени-ағарту жұмыстары жүргізіліп, дәрігерлер жүктілік гигиенасы, жүктілік асқынуларының алдын алу турасында дәрістер оқи бастады.

Алматыда 1932 ж. «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институты ашылды, бұл институтта өндірістік факторлар мен жұқпалы аурулардың жүкті әйелге, нәрестеге тигізетін әсері зерттеліп, жайлаудағы әйелдерге акушерлік-гинекология көмегін көрсету жөнінде қажетті шаралар белгіленді. Институт жұмысын жақсартып, оның ғылыми бағытын белгілеуде институттың директоры, медицина ғылымының кандидаты доцент А. Б. Бисенова көп еңбек eттi. Осы жылдары Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Семей медицина институттарында жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Қазақстанда акушерлік-гинекология ғылымы саласына ғылыми жұмыстарымен және іс-тәжірибелік еңбектерімен өз үлесін қосқан ғылыми қайраткерлер бар, солардың біpi медицина ғылымының докторы, профессор К. Д.Өтегенова.

К. Д.Өтегенова 1958-1978 жылдары Алматы медицина институтының акушерлік-гинекология кафедрасының меңгерушісі болды. Қазақстан мемлекеттік медицина институтының тұңғыш түлегі, 1936 жылы бітipiп, алғашқы еңбек жолын Шымкент облысының Ащысай руднигінде, 25 төсектік емханада бастаған.

К. Д.Өтегенова 1937-1938 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының клиникалық ординатурасын бітipiп, 1938-1941 жылдары аға лаборант болып жұмыс жасаған, 1941-1946 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының ассистенті болып, 1945 жылы «Аналық без обырының клиникалық және гистологиялық байланысы» туралы диссертация қорғап, 1946 жылы доцент атағына ие болған. Ал 1952-1958 жылдар аралығында педиатрия факультетінің акушерлік-гинекология кафедрасын меңгерген. К. Д.Өтегенова 1955 жылы докторлық диссертациясын қорғаған, 1956 жылы профессор атағы берілген.

К. Д.Өтегенова талантты, жоғары дәрежелі клиницист, хирург, педагог болған. Сол кездегі кафедраның негізгі ғылыми бағыты - ана мен ұрық арасындағы табиғи байланыстарды зерттеу және ана мен перинаталды өлімді азайту жолдарын табу. К. Д.Өтегенова осы ғылыми бағытта 26 ғылым кандидатын дайындап, 122 ғылыми еңбекті жарыққа шығарған. 1954-1965 жылдары ҚазССР денсаулык сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы болып қызмет жасаған және көптеген қоғам жұмыстарына қатысқан.

1958-1977 жылдары акушер-гинекологтар қоғамының төрайымы, "Акушерство және гинекология" журналының редколлегия мүшеci, облыстық кеңестің депутаты болған.

К. Д.Өтегенова 1954 жылы Финляндиядағы, 1961 жылы Азия, Африкадағы, 1978 жылы VII халықаралық конгреске қатысқан.

Қазақстанда акушер-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда еңбек ciңipген ғалым, м.ғ.д., профессор Х. Е. Мырзалиева. Көп жылдар бойы Алматыда дәрігерлердің білімін жетілдіру кафедрасын меңгерген.

Қ.Қ.Құдайбергенов - м.ғ.д., профессор, 1976-1978 жылдар арасында Ақтөбе облысының бас акушер-гинекологы қызметін атқара отырып, көп жылдар бойы акушерлік-гинекология кафедрасын меңгерген. Негізгі ғылыми бағыты: босанғаннан және жасанды түсіктен кейінгі септикалық аурулардың алдын алу және емдеу.

Қ.Қ.Құдайбергеновтың 100-ге жуық ғылыми жұмысы, 6 рационалдық ұсынысы бар.

Профессор, м.ғ.д. Р. С. Аманжолова көп жылдар бойы Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің кафедра меңгерушісі болған, балалар дәрігерлерін дайындауда көп еңбек сіңірген.

Ж. Ш. Исалиев - м.ғ.к., Алматыда 1975 жылы ашылған акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры болған, институттың ашылуына және оның ғылыми бағытының дамуына көптеген үлес қосқан. Акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының көлемі ұлғайып, 1991 жылы "Ана мен бала денсаулығын қорғау" жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы болды.

Орталықта кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын ғылыми кеңес жұмыс істейді

Орталықтың ашылып, дамуына көп еңбек сіңірген ғылым докторы, профессор, халық депутаты Н. А. Каюпова.

Н. А. Каюпова 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіріп, дәрігерлік қызметін № 1 перзентханада бастады. 1965-1970 жылдары ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, ал 1971-1981 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының доценті болды. 1981-1983 жылдары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары және ҚазССР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы болып тағайындалды. 1983 жылдан бастап акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры (Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы).

Н. А. Каюпованың 200-ге жуық ғылыми еңбектері бар. 33 ғылым кандидатын, 12 ғылым докторын дайындады. Ғылыми еңбектерінің бағыты - жоғары "қауіп-қатер" тобындағы жүктiлepдi бақылау тактикасы және Қазақстанда ана өлімін төмендетудің әдістері.

Н. А. Каюпова шет мемлекеттермен де ғылыми байланыс жасауда; 20 жыл бойы акушер-гинекологтардың Ұлттық қауымдастығын басқарады және Еуропалық қауымдастықтың мүшесі.

"Жанұяға" жоғары дәрежеде көмек көрсету мақсатымен тұңғыш рет Алматыда 1988 жылы "Әлеуметтік медициналық көмек көрсету" емханасы ашылып, онда УДЗ диагностикасы кеңінен қолданылады. Ал 1995 жылы адам репродукциясының қалалық Орталығы ұйымдастырылып, тұңғыш рет "Экстракорпоральді ұрықтандыру" тәсілі енгізілді.

Аналарға акушерлік көмекті жоғары дәрежеде ұйымдас-тыруды, нәpecтeнi түрлі "қауіп-қатерден" қорғау жолдарын негіздей отырып, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы 1991 жылы Перинатология орталығын ашты. Орталықтың мақсаты: жоғары "қауіп-қатер" тобындағы аналар мен мерзімінен ерте босанушыларды және "шала" туған нәрестелерге реанимациялық көмекті жоғары дәрежеде көрсету және екінші сатыда толық сауығып шығуын қамтамасыз ету.

Алматыда жүкті, босанатын, босанған аналарға көмек көрсететін №1, №2, №3, №4, №5 перзентханалар бар.

Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерлік-гинекологиялық көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру мақсатымен, дифференциалды 5 сатылық зерттеу, ем жүргізу жүйесі енгізілді.

Бірінші саты - ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт) және АДА (ауылдық дәрігерлік амбулатория).

ФАП - дәрігерлік көмекке дейін бірінші рет ауыл тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медициналық мекеме. Ауыл тұрғындарының арасынан жүкті әйелдерді, гинекологиялық науқастарды анықтап, олардың денсаулығын бақылайды.

АДА - тұңғыш рет жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін мекеме.

Екінші саты - БӘКО (базалық әйелдер кеңес орны), КДО (кеңестік-диагностикалық орталық).

БӘКО - әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін арнайы мекеме. Бұл мекеме жеке немесе перзентхананың, орталық аудандық аурухананың, кеңестік-диагностикалық емхананың бөлімі болады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге екінші сатыда арнайы көмек көрсетеді.

КДО (кеңестік-диагностикалық орталық) - "Жанұяда" болатын ауруларға (бедеулік, т.б.) кеңестік, емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медициналық мекеме.

Үшінші саты - ОАА (орталық аудандық аурухана). Бұл мекемеде төмен дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге мамандандырылған дәрігер көмек көрсетеді.

Төртінші саты - қалалық және облыстық перзентханалар: орта дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге арнайы акушерлік көмегі көрсетіледі.

Бесінші саты - ПО (перинатальдық орталығы), акушер-гинекологиялық кафедралардың клиникалары, РАБДҚҒЗО (Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы).

ПО - кеңестік, әдістемелік және оқу мекемесі. Қала және облыс аумағындағы жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмектер көрсетеді. Акушер-гинекология кафедрасының қызметкерлері оқу барысын жүргізумен біpгe, клиниканың дәрігерлеріне әдістемелік нұсқау, жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге кеңес береді.

РАБДҚҒЗО - Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы. Бұл Орталық Қазақстан Республикасында акушер-гинекологиялық көмекті жоғары сатыда ұйымдастыратын, емдеу-алдын алу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаратын, жоғары дәрежелі мамандар дайындауды және шет мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін бас мекеме.

Әйелдерге арнайы акушерлік-гинекологиялық көмектер көрсететін мекемелер: әйелдер кеңес орны, перзентхана, ауруханалардың акушер-гинекологиялық бөлімшелері.

Әйелдер кеңес орны - әйелдерге емдеу-алдын алу көмегін көрсететін негізгі мекеме. Өз жұмысын диспансерлік бақылау және учаскелік принциппен жүргізеді.

Әйелдер кеңес орнының учаскелік принциппен жұмыс жасауының маңызы зор, ceбебі акушер-гинеколог сол учаскедегі басқа дәрігер мамандармен (терапевт, эндокринолог, т.б.) байланыса отырып, өз мезгілінде жүкті әйелдерді есепке алып, оларға алдын ала емдеу жүргізеді.

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

АКУШЕРЛІК | МАЗМҰНЫ | АЛҒЫ СӨЗ | АУІПСІЗ ЖҮКТІЛІК | ПЕРИНАТАЛЬДІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ ҰПАЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ | АНА ӨЛІМІНІҢ «ҚАУІП-ҚАТЕР» ТОПТАРЫ | Көмектің ұйымдастырылуы | Көмектің ұйымдастырылуы | Перзентхананың құрылысы мен жұмысы | Жанұяны жоспарлау |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати