На головну

Мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері мен баптары

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындар және оларды жіктеу
  2. Болашақ кезең шығындарының есебі
  3. Жалпы және әкімшілік шығындар есебі
  4. Кезең шығындары ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарының құрамына қосылады ма?
  5. Кезең шығындарына төмендегі шығындардың қайсылары жатады?
  6. Конфигурация объектілері
  7. Мал шаруашылығында шығындар есебі қандай шығын баптарына қарай ұйымдастырылады?

Мал шаруашылығы саласында шығындар мен өнім шығымы есебі 8110/2 «Мал шаруашылығы» операциялық-калькуляциялық шотында жүргізіледі, шоттың дебеті бойынша барлық шығындар, ал кредиті бойынша алынған өнім құны көрсетіледі.

Бұл шот бойынша шығындар есебінің объектілері ретінде саладағы мал топтары не болмаса мал түрлері алынады. Демек, мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері болып келесілер саналады:

Ірі қара шаруашылығы. Ірі қара мал - сүт бағытындағы: негізгі табын, бордақылауға қойылған барлық жастағы мал мен ересек мал, өсірудегі сиырлар мен қашарлар (өсіру бағыты бойынша мамандандырылған шаруашылықтарда). Ірі қара мал - ет бағытындағы: негізгі табын, 8 айдан жоғары жас мал және өсірудегі ересек мал. Бұқалар - бұқалардың негізгі табыны, бордақылауға қойылған барлық жастағы бұқалар мен ересек бұқалар. Өгіздер - өгіздердің негізгі таыны, бордақылауға қойылған барлық жастағы өгіздер мен ересек өгіздер.

Шошқа шаруашылығы. Шошқалардың негізгі табыны, 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, бордақылауға қойылған 4 айдан жоғары торайлар мен ерексек шошқалар. Мамандандырылған шаруашылықтарда шығындар есебі жалпы сала бойынша жүргізіледі.

Қой шаруашылығы. Биязы, жартылай биязы, ұяң жүнді, жартылай ұяң жүнді бағытындағы негізгі табын, өсімдегі және бордақылаудағы ересек қойлар мен жас төл топтары (3 айдан жоғары жастағы қозылар) және қаракөл бағытындағы қой шаруашылығы болып саналады.

Жылқы шаруашылығы. Қолдағы жылқы шаруашылығы - қолда өсірілетін жылқылардың негізгі табыны, қолдағы жас төлдер (тууылған жылдары бойынша). Пайдаланылатын жылқы шаруашылығы (сүт және ет бағытындағы) - негізгі табын, анасынан айырған барлық жастағы жас жылқылар. Жұмыс жылқыларын өсіру бойынша шығындар есебі 8310 «Көмекші өндіріс» шотына ашылған «Жұмыс малдарын өсіру» аралық шотында жүргізіледі.

Түйе шаруашылығы мен бұғы шаруашылығы. Шығындар есебі негізгі табын және бордақылауға қойылған барлық жастағы жас малдар мен ересек малдар бойынша жүргізіледі.

Мал шаруашығында өсімдік шаруашылығымен салыстарғанда шығындар есебі объектілерінің сан алуан түрлері жоқ. Негізінде шығындар есебінің объектілері бойынша талдамалық шоттар мал түрлері немесе олардың жас топтарына байланысты ашылады. Бірақ, кейбір жағдайда талдмалық шоттарды басқа да белгілер бойынша ашуға тура келеді. Мысалы, өнімнің өзіндік құнын дұрыс калькуляциялау үшін ілеспе өнім түрлері бойынша шығындардың талдамалық шоттары ашылады. Айт кету қажет: қаракөл шаруашылығында қойларды қырқу және қаракөл терілерін алуға байланысты екі талдамалық шот ашуға болады. Қойларды қырқу бойынша талдамалық шотта қой қырқу пукнтерін күтіп-ұстау шығындарын, қырықтықшылардың еңбек ақыларын, жүнді сорттау, тасымалдау шығындардың есебі жүргізілсе, ал екінші талдамалық шот бойынша қаракөл қозыларын сою, терілерді алғашқы өңдеу, тұздау, тасымалдау шығындарының есебі жүргізіледі.

Сонымен қатар мал шаруашылығында ашылған арнайы талдамалық шоттарда азық дайындайтын цехтардағы мал азығын дайындау бойынша шығындар есебі жүргізіледі. Белгіленген уақытта бұл шоттардағы жинақталған шығындар дайындалған мал азығының көлеміне пропорционалды жолмен малдарды күтіп-ұстау шығындары бойынша есеп объектілеріне таратылып, есептен шығарылады.

8110/2 «Мал шаруашылығы» шотына ашылған талдамалық шоты бойынша шығындар есебі төмендегі шығын баптарына қарай ұйымдастырылады:

- материалдар;

- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары;

- еңбек ақыдан аударымдар;

- үстеме шығындар.

1. «Материалдар» бабы бойынша малдарды азықтандыруға жұмсалатын өзіндік өндірісте дайындалған және сатып алынған азық түрлері, малдарды емдеуге немесе алдын-алу жұмыстары бойынша дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялық құралдардың құндары, мал астына төселетін пішеннің, азық ұнтағының құндары, өзі өндірген және сатып алынған малды, құсты және басқа жануарларды азықтандыруға пайданылатын жем-шөпке жұмсалатын шығындар есепке алынады. Олардың әрбір атауы бойынша жұмсалатын жем-шөптің есебі жем-шөп шығынын жазатын «Есеп журналында» жүргізіледі.

Жем-шөпті тұрақты сақтау орындарына жеткізуге байланысты шығындар оларды шаруашылықтың қоймаларына жеткізу жөніндегі шығындар тиісті баптар бойынша малдың белгілі бір түлігіне немесе тобына жатқызылады. «Жем-шөп шығысының ведомостісі» негізінде жемшөп шығыны жем-шөптің бір өлшемімен және қорытылатын протейнімен көрсетіледі.

«Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары» бабы бойынша мал шаруашылығында малды тікелей күтіп-бағумен айналысатын жұмысшылардың (сауыншылардың, бақташылардың, бригадирлердің, ауысым жұмысшыларының, шопандардың, осы саладағы машиналар мен механизмдерді жүргізушілердің) негізгі және қосымша еңбек ақылары есепке алынады. Бұл бапта сонымен қатар, тарифтік бағалар бойынша еңбек ақылар, малдардың өнімділігін жоғарылату мен сапалы өнім үшін қосымша төлемдер, өнімнің сапасы мен мал басын аман сақтағаны үшін төлем ақылар, жайылым жерлерде малдарды бағып-күту және бірнеше мамандағы қызметті қатар атқарғаны үшін үстеме ақылар есепке алынады. Егер жұмысшылар бір уақытта малдардың бірнеше есеп топтары бойынша жұмыс жасайтын болса, онда оларға есептелінген еңбек ақы әртүрлі шығын объектілері арасында бағып-күтудегі малдардың санына не болмаса әрбір есептік топтағы жұмсалынған азық-күніне пропорционалды жолымен таратылып отырылады.

«Еңбек ақыдан аударымдар» бабы бойынша ҚР-ның Салық Кодексіне сәйкес жұмыс берушінің еңбек ақы қорынан есептелетін міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік салықтар есебі жүргізіледі.

«Үстеме шығыстар» бабы бойынша тікелей шығындарға жатпайтын, мал шаруашылығынан алынатын өнім түрлеріне кешенді қатысы бар және өнім түрлері немесе шығындар есебінің объектілері арасында арнайы бөлу базаларының негізінде таратылып отыратын шығындар есепке алынады. Оларға мал шаруашылығында мынадай шығын түрлерін жатқызуға болады:

- мал шаруашылығында пайдаланылатын негізгі құралдардың (ғимараттар мен құрылыс жайлардың, сауын құрылғыларының, қолдан ұрықтандыру құрылғылары мен пукнтерінің, көлік құралдарының және т.б. негізгі құралдардың) амортизациясы. Шығын объектілері арасында есептелінген амортизация сомасы әрбір топтағы мал алып отырған алаңға пропорционалды жолымен бөлінеді;

- мал шаруашылығында пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу шығындары (жөндеу шығындары өз алдына бірнеше шығын элементтерінен құралатын кешенді шығын болып саналады. Оған жөндеушілердің еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары, қосалқы бөлшектер, жөндеу материалдары және т.б. жатады). Сондықтан, жөндеу шығындарын алдын-ала 8310 «Көмекші өндіріс» шотында жинақтап, содан соң мал шаруашылығына тиісті шығындарды арнайы бөлу базаларының негізінде шығын объектілері арасында таратуға болады.

- малдарды қолдан ұрықтандыру шығындары (малды ұрықтандырушылардың еңбек ақылары, қолдан ұрықтандыру пукнтерін ұстау шығындары);

- өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар бригадаларда, фермаларда, цехтарда және өндірістік бөлімшелерде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және жалпы басқару жөніндегі шығындар, яғни бригадалық (фермерлік), цехтық үстеме шығындар.

- басқа да үстеме шығыстартікелей өнім өндірумен байланысты, жоғарыда көрсетілген баптардың ешқайсына жатпайтын шығындар.Бұл бап бойынша фермаларды қоршау, кедергісіз жабдықтар, санитарлық өткізгіштер және мал дәрігерлік-санитарлық шаралармен байланысты басқа да объектілерді салу жөніндегі шығындар; малдың белгілі бір түлігі мен тобына төселген төсеніштер, күзетшілерге және басқа қызмет көрсетуші қызметкерлерге берілетін арнаулы киім - кешектердің құны, ықтырмалар, қоралар және жаппалар және жануарлар үшін басқа да күрделі емес сипаттағы құрылыстар салуға арналған шығындар, мал шаруашылығы кешендерін, құс фабрикаларын игеруге байланысты алғашқы іске қосып, жолға қою жұмыстарына арналған шығындар, ыдысқа және өнімді буып - түюге арналған шығындар; осы өндіріске байланысты ғылыми зеттеу жұмысына, техникалық насихат пен стандарттауға байланысты шығындар.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал, шошқа, қой шаруашылықтары бойынша есепті жылдың соңында аяқталмаған өндіріс қалдығы қалмайды. Яғни, әрбір күнтізбелік жылдағы шығындар есепті жылы алынған өнімдердің өзіндік құндарына қосылуы қажет. Дегенмен де, құс шаруашылығы, түйе шаруашылығында жылдың соңында аяқталмаған өндіріс қалдығы қалуы мүмкін. Мысалы, құс шаруашылығында есепті жылдың желтоқсан айында инкубаторға салынған жұмыртқалардың құны келесі есепті жылға көшіріледі. Сол сияқты түйе шаруашылығында буаз аналық түйлерді күтіп-бағу шығындары болашақ жылдың шығындарына көшіріледі.



  32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   Наступна

Сімдегі және бордақылаудағы малдардың бухгалтерлік есебі | Басқа жақтан сатып алынған жас төлдер бухгалтерлік есепте қандай бағамен көрсетіледі? | Негізі мен міндеттері | Объектілері мен баптары | Сімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндіріс пен бөлінетін шығындар есебі | Сімдік шаруашылығында алғашқы, талдамалық және жиынтық есепті ұйымдастыру | Шығындар есебі | Сімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау | Сімдік шаруашылығындағы шығындар есебі қай шотта жүргізіледі? | Сімдік шаруашылығында негізгі құралдарды күрделі жөндеуге байланысты шығындар есебі қандай шоттар жүргізіледі? |

© um.co.ua - учбові матеріали та реферати