загрузка...
загрузка...
На головну

ТАҚЫРЫБЫ: ДАРА ОРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ - АУТЭКОЛОГИЯ

  1. Микроорганизмдердің қоректенуінің ғылыми принциптері.
  2. Микроорганизмдердің клеткалық массасының құрамы
  3. Организмдердің бір-бірімен байланысы. Экологиялық қуыс.
  4. Сабақ Лексикалық тақырып. Қазақстанның экологиясы
  5. ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
  6. ТАҚЫРЫБЫ: ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ
  7. ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ. АДАМНЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алғашқы экологиялық элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары: Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерімен және экологияның бөлімдерімен таныстырып және экология ғылымына кіріспе жасау.

Қаралатын сұрақтар:

1. Экологияның бөлімдері мен зерттеу бағыттары.

2. Экология ғылымының негізгі зерттеу әдістері.

3. Организмдердің тіршілік формалары.

4. Экологиялық факторлардың жіктелуі.

Экология - биология ғылымының бір тармағы ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындалғанмен, жеке ғылым ретінде осы ғасырдың соңында қалыптаса бастады. «Экология» терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы Эрнест Геккельдің еншісіне тиді. «Экология» гректің ойкосз- үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос- ғылым деген сөздердің қосындысынан құралған.

Ол экологияға төмендегідей анықтама берді: "Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немес қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз".

Гераклиттің (б.д.д. 530-470 жж), Гиппократтың (б.д.д. 460-370 жж), Аристотельдің (б.д.д. 384 - 322 жж) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып, талданады. Мысалы, Аристотель өзінің «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, түсін түстейді, мінез- құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірбиесі осылай жүзеге асады.

Теофраст Эрезийский (б.д.д. 372-287 жж) болса, қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістік бойынша өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауа райының тигізер әсерлерін баяндайды Қазіргі заманда экология бүкіл әлемдік ғылым мен әлеуметтік- экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.

Қазақ жерінде экологиялық бағыттағы зерттеулер ХХ ғасырдың орта тұсында Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуымен байланысты түбегейлі ғылыми жолға қойылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының география, зоология, ботаника, геология, т.б. ғылыми- зерттеу институттарының ғалымдары экология ғылымының озық тәжірбиелерін меңгере отырып, Қазақстан табиғаты туралы іргелі зерттеулер жүргізді Экологияның негізгі үш бөлімнен тұрады:

Аутэкология- (грекше - аут - өзім) жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі.

Аутэкология ұғымын ең алғаш рет Шретер обобьтар экологиясы үшін қолданылды. Аутэкология өлі материядан айырмашылығы: зат алмасу,өзгергіштік, өсуі мен дамуы, қозғалыс, бейімдеушілік қасиеттері бар тірішілік иелерін қарастырады.

Демэкология-(грекше-дем -халық) популяциялар экологиясы.

Популяция - түрдің табиғаттағы элементарлы структурасы болып табылады. Популяцияда үнемі тұқым қуалаушылық өзгерістері болып тұрады. Популяцияда тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу жүріп отырады, нәтижесінде берілген жағдайда пайдалы болатын өзгерістері бар, ұрпақтар өсіп жетіледі, дамиды.

Эволюция процесінің барысында әр бір түрде белгілі тіршілік ету орта жағдайларына бейімдеушіліктер пайда болады.

Синэкология- (грекше - син -бірге) қауымдастықтар экологиясы.

Экологиялық жүйе - құрамында белгілі территориядағы барлық организмдер кіретін және оның қоршаған.

Тіршілік формалары. Үнемі суда тіршілік ететін организмдерді гидробионттар деп атайды. Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады.

А. С. Мончадскийдің пікірінше, экологиялық факторлардың рационалды классификациясы бойынша ең алдымен, осы факторлардың әсеріне тірі организмдердің жауап реакцияларын ескеру керек. Бұл классификация бойынша барлық экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: бірінші реттік периодты, екінші реттік периодты және периодты емес.

Организмдердің бірінші реттік периодты факторларға бейімдеушілік өте ертеде қалыптасып, олардың тұқым қуалаушылық негіздерінде берік орнығып қалды. Температура, жарық, судың тасуы мен қайтуы бірінші реттік периодты факторлар болып саналады.

Бірінші реттік периодты факторлардың өзгеруі нәтижесінде екінші реттік периодты факторлар өзгереді. Ауаның ылғалдылығы температураға тікелей байланысты болатын екінші реттік периодты фактор. Тропиктер мен муссонды климатты аймақтарда жауын-шашынның түсуі, күн мен түн, не жыл мезгілінің периодына байланысты.

Периодты емес факторлар организмдердің тіршілік ету ортасында қалыпты жағдайда болмайды. Олар кенеттен пайда болады, сондықтан организмдер бұл фактор әсеріне беймделіп үлгере алмайды. Климаттық факторлар, шквалды желдер, найзағайлар мен өрттер жатады.

Экологиялық фактор- дегеніміз ағза бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық, антропогендік. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына, географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.

Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары. Оптимум және пессимум ережесі. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық факторлардың белсенділігі оптимум. Организмнің тіршлігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін аймақ пессимум. Сурет 1. Оптимум және пессимум ережесі.

Сурет 1. Оптимум және пессимум ережесі.

Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық шегін «төзімділік немесе толеранттық заңы» деп атаймыз. 1913 жылы американдық зоолог В. Шельфорд- төзімділік немесе толеранттық заңын енгізді. (максимум ережесі).

Ю. Либихтің 1840 жылы зерттеген шектеулі фактор немесе минимум ережесі. Мысалы: топырақта өсімдікке қажетті барлық минералды элементтер кездеседі, бірақ мырыш жетіспейді деп есептейік. Өсімдіктің өсуі нашарлайды.

Организмдердің экологиялық классификациялары: автотрофтылар, гетеротрофтылар және миксотрофтылар.

Автотрофтар грекше- (авто- өзім, троф- қорек) күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық минералды заттардан органикалық заттар синтездейтін организмдер. Бұларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофтылар: фототрофтылар және хемотрофтылар болып бөлінеді. Фототрофтылар органикалық заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса, хемотрофтылар химиялық байланыстардың энергиясын пайдаланады.

Гетеротрофтылар (грекше гетеро- басқа, троф- қорек) қорек ретінде автотрофтар синтездеген органикалық заттарды пайдаланады.

Қоршаған ортаның жағдайларына байланысты автотрофты және гетеротрофты қоректенетін организмдерді миксотрофтылар деп атайды.



  47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   Наступна

Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. | Мониторинг жүйесін топтастыру | Экологиялық аттестация және төлқұжат | Тұрақты даму түсінігі | Лекция№ 14 | Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ комиссиясы жасаған тұрақты | Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати