загрузка...
загрузка...
На головну

Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері

  1. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  2. Культураларды оттегімен қамтамасыз ету.
  3. ЛЕКЦИЯ. Тұрақты коэффициентті сызықты біртексіз теңдеулерді интегралдау
  4. Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ комиссиясы жасаған тұрақты
  5. Тұрақты даму түсінігі
  6. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері

Мақсаттық көрсеткіштерді анықтау «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын ҚР Президентінің ел халқына Жолдауының ережелеріне сәйкес мемлекеттік басқарудың жүйелік әдістерін қамтамасыз ету талаптары болып табылады. Ел басшысының ең маңызды стратегиялық бағыттардың бірі сандық мақсаттық көрсеткіштер негізінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады, бұл табиғи және әлеуметтік үдерістерді басқарудың маңызды құралы болып саналады.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасында мақсаттық параметрлер елдің дамуының индикативті жоспарлау үшін негіз болып табылады деп көрсетілген. Осы тұжырымдамаға сәйкес тұрақты дамудың базалық бекітілген пара- метрлері 2005, 2009, 2012, 2018 2024 жылдарға міндеттелген.

Тұжырымдамадағы мәліметтердің бекітілген параметрлерінің мәндері математикалық үлгілеу негізінде есептелген, жүйелік өзара байланыста болады. Осы жағдайда бекітілген парамет- рлер дәстүрлі көрсеткіштерден күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халық саны секілді, инновациялық критерийлерден (өмір сапасы) тұрады және ол есептеледі:

КЖ(0 = ТА(1)*ЩМ(1) (6),

Мұндағы

Кж(0 - халықтың өмір сапасы көрсеткіштері,

Та(0 - күтілетін нормаланған өмір ұзақтығы,

Щ1) - өмір деңгейі,

(1) - қоршаған орта сапасы.

Экологиялық тұрақтылық индексі қоршаған ортаға келетін антропогенді қысымды, әртүрлі экологиялық жағдайларды қарастырған. Тұжырымдаманың орнатылған параметрлері экологиялық саясат және заңдылық жөніндегі Йель университеті әдісімен есептелетін, сипаттайтын 76 параметрден тұратын көрсеткіштер берілген.

Осы үшін 2024 жылға арналған мақсаттық көрсеткіштер анықталды:

9,49 өмір сапасы көрсеткіштері үшін;

0,53 (53 %) ресурстарды тиімді пайдалану үшін;

18,18 миллион халық саны үшін;

73, 14 жыл өмір сүрудің орташа ұзақтығы үшін;

88 экологиялық тұрақтылық индексі үшін.

Бұл көрсеткіштер жиынтығы өзара байланысқан жүйелерден тұрады. Оларды:

ИЭУ = 32,5 + 103,8 ЭИР, (7)

деп көрсетуге болады

Мұндағы ИЭУ - экологиялық тұрақтылық индексі.

ЭИР - ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

Қорытынды мақсаттық көрсеткіштерді бекіту ҚР 2030 жылға дейінгі стратегиясының негізінде дайындалған. 2024 жылы өмір сапасы көрсеткіші 93,49 балл, яғни бұл бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің деңгейіне жету керек.

ҚР халық саны тұрақты дамудың маңызды критерийі болып табылады. Халықтың төменгі тығыздығы мелмекеттің дамуының тұрақсыздығын көрсетеді. Мемлекет аумағының бір бөлігі шаруашылық игеруге қолайсыз және Қазақстанның барлық ай- мақтарына бірдей орналастыру мүмкін емес, яғни экономикалық мүмкіндіктерді (еңбек нарығы ең алдымен), әлемдік көршілес ұлттардың арасында генетикалық мәдени әлуетті сақтай отырып, инфрақұрылым мен демографиялық теңсіздікті жеңе отырып, халық санын тұрақты деңгейде ұстап тұру қажет.

Осыған байланысты, елдің халық санын тұрақтандыру және өсіру қажеттілігі туралы мәселе бірнеше рет қойылған болатын. Халық санының мақсаттық көрсеткіштері «Қазақстан - 2030» (ҚР Президентінің стратегиясында да жан-жақты айтылған.

Тұрақты дамуға Қазақстан Республикасының өтуінің тұжырымдамасын жасау барысында (ХХІ ғасырдағы қазақстандық Күн тәртібі) халық саны бірінші рет экономика қажеттіліктерінен тыс үлгіленді. Осының негізінде қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жұмыс топтарымен 18 млн адамға жеткізу көзделінді.

Пайдаланылған үлгі ел халқының өсуін миграциялық тұрғыдан емес, табиғи тұрғыдан өсуіне сүйенеді. Қазақстанға шеттен келетін мигранттар ағымы бар, бірақ елдің экономикалық стратегиялық жобаларында миграциялық балансты екінші деңгейлі мәнді фактор деп есептелді.

Одан әрі жасалынған ұсыныстар барысында 2024 жылға дейінгі халықтың табиғи өсу параметрлері есептелді. Онда келесі үлгі қолданылды:

N = N0 х П (1+ Қ), (8)

Мұндағы

N - талап етілетін халық саны,

N -халық саны,

К.. - І болжамдау кезеңіндегі халықтың өсу қарқынының коэффициенті.

Егер халықтың табиғи өсу қарқыны сызықтық бойынша жылдан-жылға артса, онда:

Кі+1 = Қ +к, К0=8 (9)

деп жазылады. К параметрі бойынша үлгіні оңтайландыруға болады, және төменгі мәндерін табу керек, яғни талап етілген халық санына жету үшін (18 миллион) к=0,26 деп көрсетілген. 2023 жылға қарай халық санының 18 млн ға артуы 100 адамға шаққанда 2024 жылы 12,68 табиғи өсімді жеткізу көзделінген.

Тұжырымдамада ҚР халық санының өмір ұзақтығын арттырудың мақсаты қойылған. Кестеде адам дамуы есебін жасаушылардың болжамдары салыстырмалы түрде тұжырымдама бол- жамдарымен келтірілген.

6-кесте. 2012-2024 жылдарға арналған орташа өмір сүру ұзақтығының болжамдары

Жыл Тұрақты дамуға өту тұжырымдасының болжамы бойынша Адам дамуы есебі бойынша (2005)
70,05
72,51
74,27

2005 жылы ер және әйел адамдардың арасында орташа өмір сүру ұзақтығы 65,91 жылды құрайды, (ерлер 60.3, әйелдер 71,77 жас). Өмір сүру ұзақтығын яғни арнайы жобалар мен шаралар негізінде 68 жасқа ұзарту көрсетілген. Халық саны 18,18 млн болғанда өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін, ал экологиялық тұрақтылық 88 балдан кем емес.

Алдыңғы ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, қазақстан- дық тәжірибеде әртүрлі натуралды заттық-табиғи баланстар энергетикалық пайдалы құндылықтар бойынша бірыңғай бөліндіге келтірілді.

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамта- масыз етуді бұл ағымды өзгертпей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстанның экономикалық өсуі ресурстарды тұтынудың емес, керісінше пайдаланудың артуы есебінен.

Өмір сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингін болжамдық есептеу үлгілері жасалынды. Есепке сәйкес, біздің елдің өсу қоры ресурстарды тұтыну есебінен 15-20 жылда таусылуы мүмкін. Осыған байланысты, РТП деңгейінде ғана 2013 жылдан бастап, 37 пайыздан төмен емес, 2019 жылға дейін 43 пайызға арттыра отырып, дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік беру керек.

Қалған көрсеткіштер өндірілген болып саналады. РТП көр- сеткіштері жоғарыда келтірілген қатынас негізінде табылған ИЭУ=88. Екінші жағынан өндіріс үдерістерін үлгілеу мен тұтыну қуаттылығы технологиялық үдеріс есебінен жағдайында РТП=53 % жетеді деп көрсетеді.

Бекітілген параметрлер негізінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен тұрақты дамудың 37 мақсаттық көрсеткіштер берілді .

Бұл көрсеткіштер:

Тұжырымдаманың бекітілген параметрлерінің сәйкестігі

Қазақстанның дамыған елдер мен бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуды қамтамасыз ету;

Көрсеткіштердің ағымдық мәндері және ұтымды мүмкіндіктер принциптер бойынша анықталған.

Тұрақты дамуға өтудің мақсаттық көрсеткіштері Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық факторлардың баланстарын қамтамасыз етуге негізделген:

а) қоршаған ортаға антропогенді жүктемені төмендету;

ә) қоршаған орта жағдайын жақсарту (атмосфераның лас- тануының индексін төмендету);

б) институциональдық механизмдерді жетілдіру (ЕҚТА аумағын кеңейту, қоршаған ортаны қалпына келтіру шығындарын арттыру, ЖІӨ қатынасы негізінде, 180 14001 стандартымен кәсіпорындарды сертификаттау, халықаралық конвенция мен бағ- дарламаларға қатысу).

в) экономиканың энергосыйымдылығын төмендету (ЖІӨ бірлігіне шаққандағы энерготұтынуды төмендету);

г) демографиялық көрсеткіштерді тұрақтандыру және қауіпсіздікті деңгейін арттыру (өмір ұзақтығын және сапасын арттыру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес емес орындардағы еңбекті қысқарту және өлімді қысқарту);

ғ) экономика тиімділігін арттыру (ресурстарды өндіру мен тұтыну арасындағы дисбалансты жою).

Тұрақты дамудың мақсаттық көрсеткіштері тұрақтылық индикаторларынан ерекшеленеді, олар тікелей мақсаттар болып қарастырылады және сандық мәндерден тұрады, оған жету белгілі кезеңдерді қамтиды. Бұл өз кезегінде тұрақты дамудың индика- торлары қойылған мақсат пен мақсаттық көрсеткіштер қатынасы бойынша мониторинг үшін қосымша құрал болып табылады.

Тұрақты дамуға өтудің мақсаттық көрсеткіштерін қалыптастыру ұсынылады:

Тұрақты дамуға өтудің тұжырымдама құрамында Президент жарлығымен бекітілген параметрлер;

ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген тұрақты дамудың салааралық мақсаттық көрсеткіштері;

Қоғамның тұрақты дамуының әлемдік бастамалары

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, мемлекет халықаралық-құқықтық құрал ретінде халықаралық ұйымдар механизмдерін пай- даланып келеді. Осы мақсатта тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар (конференциялар) құрылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іскерлік жұмыстарды жүзеге асыру барысында халықаралық, үкіметаралық ұйымдар мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Одан басқа халықаралық ұйымдарды экологиялық мәселелерді қамту маз- мұны бойынша: табиғат қорғау бағытындағы ұйымдар (Халық- аралық табиғат қорғау кеңесі), табиғи ресурстық профильді ұйымдар (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы), арнайы табиғат қорғау профиліндегі ұйымдар (балық қорларын қорғау, өсімдіктерді қорғау, жеке жануарлар түрлерін қорғау) деп бөлуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады:

кезең. 1913 жылы Берн қаласында халықаралық табиғат қорғау Күніне арналған конференция өтті. Бұл үкіметтік емес ғылыми конференция болатын, оған әлемнің 18 елінен өкілдер қатысты. Конференция ақпараттық және ұйымдастырушылық си- пат алғандықтан, ешқандай шаралар жасалмады.

1923 жылы Парижде табиғатты қорғау жөніндегі І халықара- лық конгресс болып өтті. Бұл конгресс жалпы пікірталастармен шектелді. Жалпы халықаралық серіктестіктің бірінші кезеңінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жеке түрлерін қорғау жолын- да бірқатар табыстар болғанымен, оның барлығы да үкімет тарапынан ешқандай қолдау таппады.

кезең. Оның басталуы 1945 жылы Б¥¥ құрылуымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаны қорғау Б¥¥ жарғысында жазылған. Б¥¥ - халықаралық экологиялық бірлестікте маңызды рөл ойнайды. Б¥¥ міндеті - экономикалық және әлеуметтік өмір- дегі, денсаулық сақтау, өмір сапасын көтеру, адам құқығын қорғау секілді халықаралық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

кезең. 1960-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің басты оқиғаларына жататындар: Рим клубының құрылуы Стокгольмдегі Б¥¥ қоршаған орта және даму жөніндегі 1-кон- ференциясы; 1983 жылы құрылған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия, 1987 жылы «біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының шығуы.

А) Рим клубы. Тұрақты даму тұжырымдамасының пайда болып қалыптасуына Рим клубы шеңберінде өткен іс-әрекеттер көп ықпалын тигізді. Рим клубын құру идеясын қалыптастырған ита- льян экономисі, қоғам қайраткері, бизнесмен Аурелио Печчеи бо- латын. Ол Рим клубын 1968 жылдан 1984 жылға дейін басқарды. Рим клубының құрамына экологиялық дағдарыстың себептерін анықтайтын және одан шығатын жолды қарастыру үшін кең зерттеулерді жүргізетін ғалымдар енді. Осы жылдары А. Печ- чеи Рим клубының негізгі жұмыстарының саласын анықтады. Соның ішінде бастылары: Жер бетіндегі халық санының ар- туы және қайта қоныстану, әлеуметтік теңсіздік және аштық, жұмыссыздық пен инфляция, энергетикалық тапшылық, табиғи ресурстар қорының таусылуы және қоршаған ортаның ластануы, сауатсыздық және білім беру жүйесінің ескірген жүйесі, қылмыс пен күштеудің өсуі, моралдық құндылықтар төмендеуі және сенімнің жоғалуы, тұрақсыздықты сезіну және осы мәселермен олардың өзара байланысын түсінбеу.

Рим клубының зерттеген жобалары 30-дан асады және қоғамға кең таралды, соның ішінде бастылары: «Өсу шегі» (1972), «Адам- зат жол айрығында» (1974), «Халықаралық тәртіптіқайта құру» (1977), «Білімнің шегі жоқ» (1979), «Үшінші әлем - әлемнің үштен төрт бөлігі» (1980), «Болашаққа апаратын маршруттар» (1980), «Өсу шегіне» (1988), «Өсу шегі - 30 жылдан кейін» (2004) және т.б.

Рим клубының басты жұмыстарының бірі «Өсу шегі» баяндамасы, онда әлемнің тұрақтылығы мен өзгермейтіндігі жайында адамның көзқарастарын өзгертуге бағытталған. Планеталық жағдайдың өзгерісін бағалау туралы ғалымдар ресурстардың жағдайы және оларды тұтыну, өнеркәсіптік өндірістің көлемі, халық саны, тамақ өнімдерін өндіру көлемі, қоршаған ортаның ластануы, өмір ұзақтығы, жан басына шаққандағы тұтыну тауарларын өндіру көлемі, жан басына шаққандағы қызмет көлемі және т.б. көрсеткіштерді қолданды.

кезеңде Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ бесінші конференция- сы 1997 жылы өтті (РИО+5, 1997). Осы конференцияда ХХІ ғасыр Күн тәртібі идеясын тарату және әрбір мемлекет ХХІ ғасырдың Жергілікті Күн тәртібін жасау және ендіру жөнінде шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, тұрақты даму бойынша Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборге), Дания, өткізілген ірі және кіші қалаларды Тұрақты дамыту бойынша Еуропалық конференциясында қабылданған, 1994 жылғы 27 ма- мыр.

кезең. Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммит, Йо- ханнесбург, 2002 жыл.

Бұл конференцияға әлемнің 100 елінен 45 мың делегат келіп қатысты. Саммитті ұйымдастырушылар талқыланатын мәселелерді: су, энергия, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология сияқты бес топқа бөлді. Барлық жұмыстар осы тақырыптардың шеңберінде ұйымдастырылды. Конференция барысында әртүрлі акциялар, кездесулер, презентациялар, дөңгелек үстелдер жүргізілді. Саммит нәтижелері бойынша «Саммит шешімдерінің орындалу жоспары», «Саяси декларация» жөнінде құжаттар дайындалды. Онда тұрақты дамуға жетудегі тәжірибелік шаралар көрсетілді. Саммит шеңберінде «Жер Хартиясы» деп аталатын құжат ұсынылды. «Жер Хартиясы» - бұл адамның болашақта өмір сүруін қамтамасыз ететін тәртіп кодексі туралы құжат.

Б¥¥ Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы «Сәтті хикаялар» атты ақпраттық жинақтар шығарады. Оларда осы саладағы қа- лаларда іске асырылған сәтті жобалардың қысқаша сипаттама- сы беріледі. Әрбір жинақ ішінде әртүрлі елдерде іске асырылған ондаған жобалардың сипаттамасыбар. Бұл материалдар әлем бой- ынша үлгі алатын мысал ретінде таралады.



  45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   Наступна

Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. | Мониторинг жүйесін топтастыру | Экологиялық аттестация және төлқұжат | Тұрақты даму түсінігі | Лекция№ 14 |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати