загрузка...
загрузка...
На головну

Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ комиссиясы жасаған тұрақты

  1. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  2. ЛЕКЦИЯ. Тұрақты коэффициентті сызықты біртексіз теңдеулерді интегралдау
  3. Тұрақты даму түсінігі
  4. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері
  5. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері
  6. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы

даму индикаторлары:

тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілерінің индикаторалры;

тұрақты дамудың экономикалық аспектілерінің индикаторлары;

тұрақты дамудың экологиялық аспектілерінің индикаторлары (су, құрлық, атмосфера, және басқа да табиғат ресурстары мен қалдықтарды қосқанда);

тұрақты дамудың институциональдық аспектілерінің индикаторлары (саясатты жоспарлау және бағдарламалау, ғылыми жобала;

халықаралық-құқықтық құралдар, ақпараттық қамтамасыз ету, халықтың негізгі топтарының рөлін күшейту) сияқты төрт негізгі топтарға бөлінген.

Индикаторлар мақсаттық бағыттылығы бойынша үш категорияға бөлінген:

жылжымалы күш индикаторы, мұнда тұрақты дамуға ықпал ететін үрдістер, адамдық іс-әрекеттер сипатталады;

ағымдық жағдайдағы индикаторлар, мұнда тұрақты дамудағы әртүрлі аспектілердің ағымдық жағдайы сипатталады;

реакциялық индикатор - ағымдық жағдайды өзгертуге бағытталған саяси және басқа да құралдарды (әдіс-тәсілдер) жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Стратегиялық шешімдерді қабылдауцдағы жинақталған қорытындыларды алу мүмкіндігі тұрақты дамудың интегрлі көрсет- кіштеркіштерін жасау мен қолдануды талап етеді. Бұл тұрақтылықтың деңгейін жалпы бағалауға толық мүмкіндік беруі мүмкін.

Мұндай көрсеткіштердің ішінде келесіге тоқталып өтейік.

Ең алдымен, Д. Медоуздың ғаламдық даму алгоритмін атап өтуге болады.

I = р*Т*А, (5)

Мұндағы

I - қоршаған табиғи ортадағы жүктеме;

А - игіліктер, Р - халық; Т- технология.

Көрсетілген формула табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің принципті аспектілерінің маңыздылығын бейнелейді, параметрлерді өзгерту арқылы табиғаттағы қоғамның тіршілік формаларын өзгертуге, табиғаттың мүмкін шарттарының шектерін таңдау үшін кеңістікті бейнелейді.

Интегралды көрсеткіштердің ішінде экологиялық тұрақтылық көрсеткішін атап өтуге болады. Оны Йель және Колум- бия университеттерінің мамандары 2001 жылы ойлап тапқан. Индекс мәндері 5 үлкен бөлімге бөлінеді, 22 индикатор бойынша есептеледі. Әр индикатор 2-5 өзгермелі орташа мәндердің есептеулерімен анықталады. Барлығы 67 өзгермелі мән берілген.

Басқа көрсеткіштер ретінде табиғи ортаға келетін қысымды (экологиялық іздер) атап өтуге болады. Ол аумақ секілді ресурстың тұрақты даму мәндерін анықтайды.

Осы индикатор көмегімен халықтың азық-түлікті тұтынуы мен теңіз аумағы және Жердің биологиялық өнімділігі аумағы эквивалентілігі өлшенеді. Дамыған елдерде тұратын орташа тұтынушының экологиялық ізі табысы төмен елдерге қарағанда, 4 есеге артып отыр.

Экологиялық ізді есептеу әдісі ассимилляциялық үдерістер мен табиғи ресурстардың әлуетті қорлары көзқарасы тұрғысынан табиғатқа келетін нақты қысымды салыстыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жеке есептеулермен планетадағы халықтың қысымы әлуеттік мүмкіндіктен 30 пайызға артып отыр. Де генмен, басқа зерттеулер көрсеткендей, ғаламдық ауқымда мүмкін экологиялық іздердің шектерін нақты есептеу үшін планетаның табиғи сыйымдылығына қатысты білім жоқ.

Интерглі көрсеткіштердің ішінде халықаралық қолданысқа кеңінен енген және тиімді қолданылатын көрсеткішке адам дамуы индексін жатқызуға болады. Бұл көрсеткіш Б¥¥ даму бағ- дарламсы аясында жүзеге асырылады. Маңызды құрамдас адам дамуының көрсеткіштерін сипаттайды: халықтың сауаттылығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемінің есептеу, өмір ұзақтығы. Аталған үш құрамдас көрсеткіштер арнаулы формула көмегімен жалпы есептеулерге енгізіледі, нәтижесінде адам дамуының интегрлі индексі алынады, ол шамамен, ең жоғары 1,0 дамыған және

00 жалпы кестеде төменде тұратын мемлекеттерді сипаттайды.

Тұрақты дамудың индикаторларының тұрақтылығы ол аумақтық басқару үшін билік органдарымен жоспарланатын басқару шешімдерінің нақты типтеріне негізделген ғылыми жасаулар мен негіздемелердің интеграциясын қамтамасыз етеді. Ғылыми негізделген және нақты индикаторлар ды таңдаудан алға қойылған мақсатқа жету тиімділігі тәуелді болады.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасына өтуінің негізгі ережелері

Қоршаған ортаның жағдайы кез келген мемлекеттің дамуындағы алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі болуы тиіс. Яғни, экономика мен экология арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйткені бүгін экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, нәтижесінде экономиканың салдарынан келетін залалды жою үшін он, тіпті, жүз есе артық қаржы жұмсауға әкеп соғатын мы- салдарды адамзаттың даму тарихынан келтіруге болады.

Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайда- ланудың шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ, әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен си патталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіп- сіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің эколо- гиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің эколо- гиялық мәселелері, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономика- лық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Бұл өкім 2003 жылы күшін жойып, оның орнына 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ор- таны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды. Сондықтан да Қазақстан Республика- сы әлеуметтік, экологиялық, экономикалық ұйымдастырушылық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында Рио-де-Жанейрода өткен конференцияда қабылданған әлем елдерінің тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес, 2007-2024 жылдарға арналған тұ- рақты даму тұжырымдамасын қабылдады. 2007 жылы Қазақстан Республикасының қабылданған тұрақты даму тұжырымдамасы жөнінде Нью-Йорктегі Б¥¥-ның штаб-пәтерінде өткен 15-сес- сиясында презентация өткізілді.

2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуде тұрақты даму тұжырымдамасы негізгі рөлді атқара- ды. Оған қоса, тұрақты даму тұжырымдамасы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына енуге де жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы (ҚР) ХХІ ғасыр Күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл), мыңжылдық Саммиті (Нью-Йорк, 2000) Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммит (Йоханнес- бург, 2002) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау үшін әлемдік қауымдастықтың тең құқылы қатысушы болып табылады. Оған қоса, «Еуропадағы қоршаған орта», «Азиядағы қоршаған орта және тұрақты даму» Б¥¥ тұрақты даму жөніндегі комиссиясының, «Тұрақты дамудағы кәсіпкерлердің Бүкіләлемдік Кеңесі аймақтық еуропалық желісінің» белсенді мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасында дамушы мемлекет ретінде 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, 2010 жылға дейінгі ҚР дамуының стратегиялық жоспарын, 2015 жылға дейінгі индус- триялық-инновациялық даму стратегиясын, 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын қабылдады, сонымен қатар ҚР Тұрақты даму Кеңесі және 2006 жылы «Қазына» тұрақты даму қоры (қазіргі таңда бұл қор Самұрық-Қазына деп аталады) құрылды.

Қазақстан Республикасы Еуропа мен Азия арасын эконо- микалық, саяси, мәдени тұрғыдан байланыстыратын негізгі көпір болғандықтан, Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді атқарады. Дегенмен ре- спублика шеңберіндегі экологиялық мәселелер еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге біршама қиындықтар туғыздырып отырғаны белгілі (ҚР экологиялық мәселелері қарастырылған).

Әлемдегі болып жатқан қоршаған орта мен адамзат арасын- дағы шиеленістің артуына байланысты адамның қоғамдағы әлеуметтік түр ретінде ғана емес, биологиялық түр ретінде жойы- лып кету қаупі төніп тұр. Сол себепті, қоршаған орта мен адамзат баласының өзара байланысуын үйлесімді тұрғыдан қамтамасыз ету үшін әлем елдері бірлесіп маңызды шешімдерді қабылдау қажет. Осындай маңызды шешімдердің қатарына тұрақты даму тұжырымдамасы жатады. Қазақстан Республикасы үшін тұрақты даму тұжырымдамасының маңызы өте зор. тұрақты даму тұжырымдамасы республиканың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, саяси дамуына оңтайлы түрде ықпал ете отырып, әлемнің бәсекеге қабілетті, дамыған елдерінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

ҚР әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талдау барысы көрсеткендей, оның негізінде күрделі тарихи дисбаланс жа- тыр, мемлекет ресурстарды өндірумен салыстырғанда, теңдік жағдайында пайдаланбайды. Ресурстарды пайдалану тиімді- лігінің көрсеткіштері 31 пайызды құрайды. Бұл орташа әлемдік деңгейден 24 пайызды, бірақ әлемнің экономикалық дамыған елдерінен төменгі көрсеткіштер: Жапония 36, АҚШ 34, Германия 33 пайыз. ҚР-дағы маңызды мәселе - еліміздегі ресурстарды өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтықтың болуы. Егер гигаваттпен (ГВт) өлшенетін қуатты - энергетикалық пайдалы құндылықты өлшеу үшін өлшемнің жалпы бірлігіне елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін келтіретін болсақ, онда тұтыну мен өндіру ара- сындағы алшақтықты, ысырапшылдықты бағалауға мүмкіндік туады. 2005 жыл бойынша республикада 29,4 ГВт көлеміндегі жиынтық өндірілген өнімді алу үшін 94,85 ГВт көлеміндегі ресурстар тұтынылған болатын. Яғни жыл ішінде 65,45 ГВт қорлар толық пайдаланылмады. ҚР-дың ресурстарды, технологияларды, өндірістің пайдалы әсерінің орташа коэффициенті әлемдік көрсеткіштен жоғары (әлемдік көрсеткіште 24%) 31%, дегенмен, әлемнің Жапония (36%), АҚШ (34%), Германия (33%) секілді технологиялық дамыған елдеріне қарағанда, төменгі дәрежеде.

Нидерландыдағы «Қоғамның тұрақты даму қоры» әлемнің 193 мемлекетінің ішінен статис- тикалық мәліметтері бар қолайлы 151 мемлекеттеріне кезекті, екінші рет қоғамның даму деңгейіне зерттеулер жүргізді. Алғаш- қы рейтинг 2006 жылы жүргізілген болатын. Индекс: жеке даму, экологиялық орта, қоғамның теңесуі, табиғи ресурстарды пайда- лану және әлем жүйесіндегі елдің тұрақтылық жағдайы сияқты 5 категорияға топталған 22 индикатор бойынша анықталды. Инди- каторлар 10-баллдық шкала бойынша бағаланды: мұндағы 10 - толық тұрақтылық көрсеткіші. Рейтингтегі алдыңғы үштікте Швеция, Швейцария (7,0 балл) және Норвегия (6,9) елдері енді.

балдық жоғары көрсеткіш дәрежесіне ешқандай мемлекет көтерілмеді. ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш Грузия (6,5) мемлекетінде және рейтингте 8 орында тұр. 20 орынға Мол- дова, 40 орынға - Белорусь, 52 орынға - Украина. Ресей Федера- циясы 88 орында (5,6), Казақстан 121 орында (5,2), Тәжікстан 93 орында (5,6), Түрікменстанда ең төменгі көрсеткіш- 4,1 балл (150 орында).

Қазақстан Республикасындағы қоғамның тұрақтылық индексі

5,2 балл (орташа бағалаудан төмен) - Сьерра-Леоне, Алжир, Ботсван, Либерия және Әзірбайжан елдеріндегі бағалаумен тең. «Жеке даму» категориясы бойынша ҚР -ның көрсеткіші - 8,7. Бұл категория бойынша бағалау өте жоғары (санитария, гигие ҚР-дағы маңызды мәселе - еліміздегі ресурстарды өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтықтың болуы. Егер гигаваттпен (ГВт) өлшенетін қуатты - энергетикалық пайдалы құндылықты өлшеу үшін өлшемнің жалпы бірлігіне елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін келтіретін болсақ, онда тұтыну мен өндіру арасындағы алшақтықты, ысырапшылдықты бағалауға мүмкіндік туады. 2005 жыл бойынша республикада 29,4 ГВт көлеміндегі жиынтық өндірілген өнімді алу үшін 94,85 ГВт көлеміндегі ре- сурстар тұтынылған болатын. Яғни жыл ішінде 65,45 ГВт қорлар толық пайдаланылмады. ҚР-дың ресурстарды, технологиялар- ды, өндірістің пайдалы әсерінің орташа коэффициенті әлемдік көрсеткіштен жоғары (әлемдік көрсеткіште 24%) 31%, дегенмен, әлемнің Жапония (36%), АҚШ (34%), Германия (33%) секілді технологиялық дамыған елдеріне қарағанда, төменгі дәрежеде.

Нидерландыдағы «Қоғамның тұрақты даму қоры - ЗизІаіпаЫе 8осіе1у Ғоипйаііоп» әлемнің 193 мемлекетінің ішінен статис- тикалық мәліметтері бар қолайлы 151 мемлекеттеріне кезекті, екінші рет қоғамның даму деңгейіне зерттеулер жүргізді. Алғаш- қы рейтинг 2006 жылы жүргізілген болатын. Индекс: жеке даму, экологиялық орта, қоғамның теңесуі, табиғи ресурстарды пайда- лану және әлем жүйесіндегі елдің тұрақтылық жағдайы сияқты 5 категорияға топталған 22 индикатор бойынша анықталды. Инди- каторлар 10-баллдық шкала бойынша бағаланды: мұндағы 10 - толық тұрақтылық көрсеткіші. Рейтингтегі алдыңғы үштікте Швеция, Швейцария (7,0 балл) және Норвегия (6,9) елдері енді.

балдық жоғары көрсеткіш дәрежесіне ешқандай мемлекет көтерілмеді. ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш Грузия (6,5) мемлекетінде және рейтингте 8 орында тұр. 20 орынға Мол- дова, 40 орынға - Белорусь, 52 орынға - Украина. Ресей Федера- циясы 88 орында (5,6), Казақстан 121 орында (5,2), Тәжікстан 93 орында (5,6), Түрікменстанда ең төменгі көрсеткіш- 4,1 балл (150 орында).

Қазақстан Республикасындағы қоғамның тұрақтылық индексі

5,2 балл (орташа бағалаудан төмен) - Сьерра-Леоне, Алжир, Ботсван, Либерия және Әзірбайжан елдеріндегі бағалаумен тең. «Жеке даму» категориясы бойынша ҚР -ның көрсеткіші - 8,7. Бұл категория бойынша бағалау өте жоғары (санитария, гигиена, ауыз судың жеткіліктігі, білім алуға мүмкіндігі). Табиғат ре- сурстарын тұрақты пайдалану» категориясы бойынша (2,5), мұнда Жер қойнауын экстенсивті өңдеу және таусылудың жо- ғары деңгейі, ал су ресурстары бойынша көрсеткіштер жаман болмағанымен, қалдықтарды қайта өңдеу, жаңартылатын энергияны пайдалану индикаторлары төмен. Әлемдік жүйедегі елдің тұрақтылық жағдайы (4,7), мұнда парникті газдардың ауаға та- сталу көрсеткіштері ықпал еткен, әлемдік ынтымақтастықтағы осы көрсеткіш жоғары бағалаған (8,7). «Қоғамның теңесуі» категориясы бойынша (6,3), заңның билік ету индикаторы (3,8) және жұмысбастылық (4,8), мемлекеттік қарыз көрсеткіштері орташадан жоғары (9,3). Экологиялық көрсеткіштер жиынтығы орташадан жоғары (7,1). Білім беру индексі 0,96 тең. Ресейде бұл көрсеткіш 0,95.

Рейтингте Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша 79-орында, ал Ресей - 65-орын.

ҚР өмір сүру сапасы бойынша әлемнің дамыған елдерінен артта қалып отыр. Өмір сүру сапасы өмір сүру ұзақтығымен, әлеуметтік деңгейімен, табиғи қоршаған ортаның жай-күйімен анықталады. Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті - 3,83, Ресей

1,57, Қытай - 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан 1,17 коэффици- ентпен 78-орында тұр.

Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыс- тырғанда, елеулі түрде артта қалып отыр. Бірақ, 2005 жылмен салыстырғанда, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2008 жылы 5% артып, 67,11 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды.

Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының(Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық тұрақтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финлян- дияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.

Республикада өлім деңгейі 2007 жылы салыстырғанда 5%-ға төмендеді. Бүгінде бұл көрсеткіш мың адамға шаққанда 9, 74. Со- нымен қатар елде АҚТҚ инфекциясы артқаны байқалады, 2008 жылы 18% құрады.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасында - 25,5-ті құрайды, ал Ресей Федерациясы үшін - 4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4.

Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша 2007 жылғы елдер рейтингінде (0.804) 82-орынға ие. 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық Тұрақтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасында халықтың орналасу тығыздығы төмен, 193 мемлекеттің ішінде 182-орында (5,6). Республика аумағының басым бөлігінде шаруашылық жүргізуге едәуір қиыншылықтар туғызды және бірқатар аймақтарды халықты орналастыру мүмкіндігі жоқ. Осыған қарамастан, халықтың саны белгілі деңгейде ұстап тұру да тұрақты даму тұжырымдасының басты міндеттерінің бірі.

Халық санын арттыру біздің республикадағы көрсеткіш бойынша 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу деп көрсетілсе, Б¥¥-ның мәліметтері бойынша 2050 жылы Қазақстан осы көрсеткішке қол жеткізу керек дееп көрсетіледі. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда кем дегенде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға азаюға тиіс.

Бұл көрсеткіштер біздің еліміздің алға жылжу қажеттілігін көрсетеді. 2020 жылға дейін Қазақстандағы өмір сапасы деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, тұрақтылықққа қол жеткізу үшін ең алдымен түбегейлі міндеттерді шешу керек:

ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін арттыру;

өмір ұзақтығын арттыру;

экологиялық тұрақтылық индексінің артуын қамтамасыз ету.

2013 жыл мен 2018 жылдар аралығында РТП-ЭИР көрсет-

кіштері 43 пайыздан төмен болмауы керек, ал одан шығу ЭИР 53 тең болуы керек. Б¥л жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдаланудың орнына тиімді технология есесбінен артуы мүмкін.

Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығын 2024 жылға қарай 73 ұзарту көзделінуде, әйел мен ер адам арасындағы өмір ұзақтығындағы алшақтық қазіргі таңда 11 жылды құраса, 2024 жылы 7,5 жылға кеміту көрсетіуде. Осы жағдайда тұрақты дамудың маңызды критерийі болып халық табылады. Халық саның оңтайлы мақсаттық деңгейі 2024 жылға қарай 18 млн адамға жету көзделінген. Бұл мақсатқа жету үшін халықтың табиғи өсімін 1000 адамға шаққанда, 12,68 көтеру керек ал қазір бұл көрсеткіш - 8,0.

Экологиялық тұрақтылық индексінің артуы экологиялық та- лаптарды арттыру көмегімен, қоршаған ортаға келетін антропогенді қысымды төмендету есебінен 2024 жылы 88 баллға дейін жеткізу көзделінген.

ҚР Тұрақты даму тұжырымдамасына көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Әр кезеңде атқарылатын іс-әрекеттер параметрлері де қатар көрсетілген. Тұрақты дамуға өту: дайындық кезеңіне бірінші, екінші және үшінші кезеңдерге бөлінеді.

Дайындық кезеңі (2007- 2009 жылдар) - Тұрақты даму принциптерін қоғамдық және саяси іс әрекеттердің барлық салаларына ендіру, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға жылжуды жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасау.

Бірінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - ҚР-ның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді қамтамасыз етуге негізделген.

Екінші кезең (2013 - 2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық Тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Үшінші кезең (2019 - 2024 жылдар) - Тұрақты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.

ҚР Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы оңтайлы бекітілген параметрлерді есептеуді, математикалық үлгілеуді, мәліметер базасын қалыптастыруды қосатын ғылыми әдістемелер негізінде жасалынған.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тұрақты экономикалық даму деп нені түсінесіз?

Тұрақты экологиялық даму деп нені түсінесіз?

Тұрақты дамудың негізгі принциптері мен көрсеткіштерін атаңыз?

Тұрақты даму барысында қандай индикаторлар есепке алынады?

 



  44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   Наступна

Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. | Мониторинг жүйесін топтастыру | Экологиялық аттестация және төлқұжат | Тұрақты даму түсінігі |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати