загрузка...
загрузка...
На головну

Лекция№ 14

  1. Лекция№3
  2. Лекция№8

Тұрақты даму принциптері мен даму тарихы

Тұрақты даму индикаторлары мен негізгі заңдылықтары

Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасына өтуінің негізгі ережелері

«Тұрақты даму» термині ең алғаш рет табиғатты пайдалануда, соның ішінде балық және орман шаруашылығында пайда болды. Тұрақты даму терминімен алғашында таусылмайтын және табиғи ұдайы өндірілуге мүмкіндігі бар табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі деп түсіндірілген.

Адамның экономикалық және т.б. қызметтерінің негізі болып табылатын табиғат ресурстарының шектеулілігі, қоршаған ортаның ластануы секілді мәселелерге арналған ғылыми жұмыстар ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін пайда бола бастады. Осыған байланысты Жердегі ғаламдық үрдістерді зерттеуге бағытталған жобалы зерттеулер институтының халықаралық федерациясы (ЖЗИХФ), Рим клубы, Жүйелік талдаудың ха- лықаралық институты, КСРО-да жүйелік зерттеулердің бүкілодақтық институты секілді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алып келді.

Тұрақты даму түсінігіне өз үлесін қосқандар 1968 жылы құрылған Рим клубының ғылыми баяндамалары, соның ішінде «Өсу шегі» баяндамасы, онда экспоненциальды экономикалық өсуден «ғаламдық динамикалық теңдікке», сандық өсуден «органикалық (сапалық)» және «жаңа әлемдік экономикалық тәртіпке» өту идеялары ұсынылды. 1970 жылдардың ортасында ЮНЕП «бұзбай даму», «экодаму» секілді түсініктерді кеңінен қолдана бастады.

1980 жылы табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық Кеңесі ұсынған «табиғатты қорғаудың бүкіл әлемдік стратегиясында» даму тұрақты болуы үшін, тек қана экономикалық аспектілерді ғана емес, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді де ескеру керек деп көрсетілген. 1980 жылдарда экология және дамумен байланысты мәселелер АҚШ- тың Бүкіләлемдік вахта зерттеу институтының ғылыми еңбектерінде белсенді түрде талқыланып отырды.

1983 жылы желтоқсан айында Б¥¥ Бас хатшысының қол- дауы бойынша қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оның басшысы болып Норвегияның премьерминистрі Гро Харлем Брундтланд сайланды.

ҚОДХК-ның алдына келесі міндеттер шешу қойылды:

Табиғат пен қоғам арасындағы қатынастардағы ғаламдық мәселелерге талдау жасау.

Осы мәселелердің пайда болу себептерін айқындау.

Әлемдік қауымдастық алдына қойылатын мақсаттарды қалыптастыру.

Ғаламдық мәселелерді шешу стратегиясы мен тұжырым дамасын ұсыну.

1987 жылы 20 қазанда ҚОДХК «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндаманы дайындап, Б¥¥ Бас Ассамблеясының 42-Сессиясына ұсынды.

ҚОДХК негізгі қорытындылары:

Соңғы жүзжылдықта өмір тіршілігін қамтамасыз ететін адам мен планета арасындағы өзара қарым-қатынастар түбірімен өзгеріп, Жердегі өмір мен өркендеуге қауіп төнді.

Соңғы жүзжылдықта тұтыну қарқыны, экономикалық өсу жылдам қарқынмен өсе бастады. Өндіріске қаншама ресурстар тартылды.

Табиғи орта мүмкіндігімен келіспей өскен экономикалық өсу планета мен адам баласының ұзақ уақыт бойы өмір сүрмеуіне негіз қалайтын тенденцияның пайда болуына айналды.

Экономикалық өсу табиғи ортаны бұзып, экологиялық дағдарысқа алып келеді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуді қысқартады және т.б.

Гро Харлем Брундтланд басқарған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия «тұрақты даму деп - болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігіне зиян келтір мей, бүгінгі ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру» деген анық- таманы ұсынды (1987 - біздің ортақ болашағымыз).

ҚОДХК-ның тұрақты дамуға өтудегі алдына қойған міндеттеріне:

Өсу үрдісін жандандыру;

Өсу сапасын өзгерту;

Негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру

Халық санының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету

Технологияларды қайта бағыттау

Шешім қабылдау үрдісіндегі экологиялық және эконо- микалық аспектілерді интеграциялау кіреді.

Брундтланд комиссиясы екі негізгі категорияға: өмір сүруге қажетті мүмкіндіктері мен қажеттіліктер түсінігі шектеу түсінігіне назар аудару қажеттілігіне тоқталып өтті.

Қажеттілік пен шектеуді бағалау негізінде «Қоршаған ортаның Кеңістік тұжырымдамасы» жасалды. Бұл тұжырымдама бойынша, адамның мекен ету ортасын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші сала - экологиялық максимум саласы, мұның шең- берінде адамның барлық іс-әрекеттері табиғат ресустарын артық тұтынуға және таусылуға алып келеді. Табиғаттың да «шыдамдылық» шегі бар. Мысалы, қоршаған ортадағы қалдықтар экологиялық үрдістердің нәтижесінде қайта өңделіп, екінші бір ағза үшін «тағам» болып табылады. Ал адам қолымен жасалған қалдықтардың да біраз бөлігі өңделуі мүмкін, бірақ басым бөлігі табиғаттағы экологиялық теңдікті бұзады. Экологиялық теңдіктің бұзылуының салдарынан Жердегі тіршіліктің жойылу қаупі де бар.

Екінші сала - әлеуметтік минимум саласы, мұның шеңберінде кедейшілік пен жоқтық билік етеді. Экологиялық максимум тұрғысынан адам табиғатқа зиян келтіріп жоятын болса, әлеуметтік минимум шегінде адамзат баласы тамақ, су және т.б. жетіспеушілігінен өзін-өзі жояды. Әрине табиғатты өзімізге зиян келтіре отырып, мысалы, аз су ішіп, аз тамақтану арқылы қорғауымызға болады, бірақ мұның өзі адамзат баласының жойылуына алып келеді. Тәжірибе көрсеткендей, жоқтық табиғатты сақтауға қабілетті емес, ал керісінше тұрақты табиғат пайдалануға зиян келтіреді. Мысалы, кедей адам өз жанұясын асырау үшін табиғатқа қарсы әрекеттерге барады. Екінші саладан үшіншіден өткенде көптеген даулы мәселелер туындайды. Мысалы, еуропалық стандарттарды пайдаланатын болсақ (төменгі тұтынушылық деңгей), онда ол жоғары болып табыла- ды. 1968 жылы Англияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің ұсынысы бойынша үлкен адам үшін килокалория шамасы 2500-нан 3500-ға ккал Күніне (бұл Жерде кәрі адамдар (1900-2100 ккал) мен жас балалар (800- 1800) есепке алынбайды. Одан басқа, бұл нормативтер әйел және ер адам жынысына байланысты әртүрлі болуы да мүмкін). Егер адам тәулігіне тұтынған тағамында көрсетілген ккал саны төмен болса, онда бұл әлеуметтік минимум саласын көрсетеді. Егер де еуропалық стандарт бойынша тамақтанатын болсақ, ғалымдардың пікірінше, онда жақын арада біз планетаны «жеп қоюымыз» мүмкін.

Үшінші сала - Тұрақты даму саласы, оның шеңберінде адам мен табиғаттың үйлесімді өзара байланысы қарастырылады. Мұнда кедейшілік пен тұтыну арасындағы шек қойылып, адамзаттың ұзақ әрі қолайлы өмір сүруіне негіз қалайды.

Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың «Өсу шегінде» атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған.

Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру. Өнім құнына қоршаған ортамен байланысты ұтымды шығындарды қосып, Ж¥Ө секілді экономикалық көрсеткіштерді қайта қарастыру, яғни табиғи капитал табысы мен тозуы, игілікпен тұтыну көлемі, пайдамен шығындарды араластырмас үшін қажет.

Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын ала жоспарлау керек (мүмкіндігінше, оның пайда болуын алдын ала болжамдауды үйрену керек) оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек. Әрбір адамнан сынмен ойлауды, икемділікті, саналылықты, физикалық және әлеуметтік жүйені қайта құруға қабілетті болуды талап етеді. Осы сатыда компьютерлік үлгілеу, жалпы жүйелік ойлау көмекке келеді.

Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгіденгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.

Жанартылатын ресурстардын бұзылуынын алдын алу. Топырақ құнарлылығы, жерүсті және жерасты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек. Бұл ресурстарды тұтыну қарқыны өзін-өзі қайта қалпына келу қарқынынан аспауы шарт. Мұндай әдіс ресурстарды шамадан тыс пайдаланған жағдайда экономикалық тұрақтандырғыштар немесе қатаң айыппұлдар және қалпына келтіру қарқыны туралы ақпараттарды талап етеді.

Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану.

Жоғары тиімділікке жету техникалық ұтымды және экономикалық тиімді. Егер де біздер өз мақсатымыз ретінде қазіргі және болашақ ұрпаққа қауіп-қатер әкелмейтін бүгінгі өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жоғары тиімділік қажет. 6. Физикалық капитал менхалық санынын артуын баяулату жэне қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарас- тырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек.

Тұрақты даму тұжырымдамасы: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық сияқты үш негізгі кеңістіктің бірігуінің нәтижесінде пайда болды:.

Экономикалық кеністік. Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экономикалық әдіс Хикс-Линдальдің жиынтық табыстың жоғары ағымы теориясына негізделген. Мұнда шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану және экологиялық - табиғи- ,энерго-, және материал үнемдейтін технологияларды пайдалану, экологиялық қолайлы өнімдерді құру, қалдықтарды қайта өңдеу, төмендету және жою мәселелері қарастырылады. Экономикалық әдіс тұрақты даму тұжырымдамасының өзегі болып табылады. Тұрақты даму тұжырымдамасы «экономикалық тиімділік» түсінігіне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кеңістік. Тұрақты дамудың әлеуметтік көзқарасы адамға бағытталған және әлеуметтік, мәдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Бұл әдістің маңызды аспектісі игіліктерді әділдікпен бөлу. Тұрақты дамуға жету үшін қазіргі қоғам тарихи тәжірибені ескеретін шешім қабылдаудың тиімді жүйелерін құруы қажет. Адам дамуының тұжырымдамасы шеңберінде адам дамудың нысаны емес, субъектісі болып та- былады. Тұрақты даму тұжырымдамасы бойынша, адам өзінің өмірінде қалыптасатын салаларға ғана емес, дұрыс шешім қабылдау үрдісі мен оны жүзеге асыруға, орындалуын бақылауға да қатысуы керек.

Экологиялық кеңістік. Экологиялық көзқарас тұрғысынан тұрақты даму биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің біртұтастығын қамтамасыз етуі керек. Мұнда экожүйенің өмірлік қабілеттілігінің маңызы зор. Табиғи ресурстардың деграда- циялануы, қоршаған ортаның ластануы, биологиялық алуандылықты жоғалту экологиялық жүйелердің қайта қалпына келу мүмкіншілігін жояды.

Бұл үш тәсілдің бір-бірімен өзара байланысуы тұрақты дамуға жетудің маңызды құралдары болып саналады. Экономикалық және әлеуметтік элементтер бір-бірімен байланыса отырып, халықтың кедей бөлігіне жан-жақты көмек беру және әділдікке қол жеткізу секілді жаңа міндеттерді туындатады. Экономика- лық және экологиялық механизмдер бір-бірімен байланыса отырып, қоршаған ортаға сыртқы әсерлерді бағалау туралы идея- ны қалыптастырды. Әлеуметтік және экологиялық элементтер халық арасындағы теңдік, болашақ ұрпақтың құқығын сақтау, шешім қабылдау үрдісіне халықтың қатысуы секілді мәселелерге қызығушылықтарды тудырды.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың барлық бөлігі өзінің физикалық және рухани қабілеттіліктерін дамытуға құқығы бар. Сондықтан тұрақты даму тұжырымдамасында халықтың барлық бөлігін осы тұжырымдаманы жүзеге асыруға шақырады. Сонымен бірге, әлемде кеңінен орын алған жасы, жынысы, ұлттық белгілері бойынша шектеулерді жоюға барлық күшті салу тұрақты дамуға өтудің алғышарты болып табылады. Табиғи ортаның бұзылуы мен ластануынан көбіне әйелдер мен балалар зардап шегеді, сондықтан да бала мен әйел қорғау туралы халықаралық келісімдердің орындалуына барлық мүмкіндіктерді беруге шақырады (Рио-92).

Тұжырымдаманың маңызды кезеңі тұтыну құрылымын өзгерту, яғни мұнда басты рөлді тұтынушылар атқарады. Эколо- гиялық таза өнім және экологиялық таза ортада мекен етуде тұтынушылар құқығын қолдау әлемдік қауымдастықтағы стандарттарға сәйкес болуы керек. Тұрақты даму идеясы адам құқығын нығайтуды, қазіргі және болашақ ұрпақтың табиғатпен үйлесімді байланысқа түсуіне негіз қалайды.

Тұрақты даму индикаторлары мен негізгі заңдылықтары

Тұрақты даму индикаторларын жасау қажеттілігі 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Конференцияда қабылданған «ХХІ ғасыр Күн тәртібінде» көрсетілді. Тұрақты даму мақсатына жетуді басқару, осы үрдістерді бақылау, пайдаланылатын құралдарды бағалау тиімділігі, алға қойылған мақсатқа жету деңгейі - тұрақты дамудың индикаторларын жасауды талап етеді.

Әлемде тұрақты даму индикаторлары мен критерийлерін жасау жолында Б¥¥, Әлемдік Банк, мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ЭЫД¥), Еуропалық Комиссия, Қоршаған орта мәселелері жөніндегі Ғылыми комитет секілді жетекші халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыстар атқарылды.

Дегенмен, тұрақты даму индикаторларын жасау ісі әлі де толық аяқталмағанмен де, индикаторлар ғаламдық, аймақтық, ұлттық, Жергілікті, салалық және жеке тұрғын пункттері мен кәсіпорындарды да қамтиды. Тұрақты даму индикаторларын жа- сау кешенді және ақпараттың көп бөлігін қажет ететін, қымбат бағаланатын үрдіс. Жүйеге енген индикаторларды көптеген елдерде статистикалық мәліметтердің жоқтығына байланысты пайдалану қиындық тудырады. Индикатор деп экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар мен өзгерістер туралы талқылауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айтады. Индикаторлармен қатар тәжірибе жүзінде индекстер жасалынып, қолданылады. Индекс - бірнеше басқа индикаторлар мен мәліметтерге негізделіп, өлшенетін индикаторлар.

Индикатор қоршаған табиғи ортаның жағдайы мен ондағы құбылыстар туралы сипаттайды. Бүгінгі шешім қабылдауда болашаққа қатысты ақпараттардың маңыздылығы жоғары. Жасалып жатқан индикаторлар болашақ жайында ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Мысалы, қандай да бір шараны ұйымдастыру барысында біздер ауа райына назар аударамыз: яғни болашақ ауа райының индикаторы болып табылатын барометрге қараймыз, ауа қысымын өлшейміз. Болмаса, инвесторлар үшін нарықтағы акцияның ертеңгі бағасын анықтау.

Болашақтың индикаторлары Күнделікті шешімдерді қабылдауда міндетті болып табылады, бірақ олардың да өздеріне тән кемшіліктері, жетілдірілмеген тұстары бар.

Индикаторлардың қажеттілігі:

Индикаторлар сандық бағалаудағы тікелей шешімдерді негіздеу үшін пайдаланылады.

Индикаторлар өзгерістерді айқындауға мүмкіндік береді.

Индикаторларды пайдалану табиғат пайдаланудағы кемшіліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Индикаторлар пайдаланушылардың әртүрлі категорияларына ақпараттардың жеткілікті қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Индикаторлар ғылыми-техникалық ақпараттар алмасуын жеңілдетеді.

Шешімдерді жоспарлау және қолдауда индикаторлар коммуникативті қызмет атқарады. Мысалы, индикаторлар қоршаған ортаның жағдайы туралы қоғамдық топтарға хабарлап, белгілі шешім қабылдау қажеттілігін көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеде тұрақты даму индикаторларын жасау құрылымында екі әдістің бар екендігін көрсетеді:

Индикаторлар жүйесін құру, оның әрқайсысы тұрақты дамудың жеке аспектілерін көрсетеді. Жалпы жүйе шеңберінде келесі көрсеткіштер бөлінеді:

әлеуметтік;

экономикалық;

экологиялық;

институционалдық.

2) Интегральды индикаторларды құру әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының деңгейі туралы талдауға мүмкіндік береді. Интегральды индикатор көрсеткіштерді:

экологиялық-экономикалық;

экологиялық-әлеуметтік-экономикалық;

экологиялық сияқты үш тобы негізінде жүзеге асырылады.



  43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   Наступна

Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. | Мониторинг жүйесін топтастыру | Экологиялық аттестация және төлқұжат |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати