загрузка...
загрузка...
На головну

Тұрақты даму түсінігі

  1. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  2. ЛЕКЦИЯ. Тұрақты коэффициентті сызықты біртексіз теңдеулерді интегралдау
  3. Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
  4. Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ комиссиясы жасаған тұрақты
  5. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері
  6. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тәжірибелері

Тұрақты даму тұжырымдамасының пайда болуы: экономикалық өсу, кедейшіліктің артуы, өмір сүру, өзара байланысты дағдарыстар секілді негізгі төрт принциптерге негізделеді.

Экономикалық өсу. Адамзат тарихында табиғи ресурстарды тұтыну, әсіресе, энергетика тәулігіне 2500 ккал-дан 250000 ккал- ға дейінгі аралықты құрайды. Қазіргі уақытта әр адамға орташа есеппен, 100 көзге көрінбейтін «құлдар» жұмыс істейді. Соңғы 100 жылда тұтыну қарқыны жылдам артып, өндіріске қаншама ресурстар тартылды.

Әлемде жылдық өндіру көлемі Еуропаның барлық тарихын- дағы тұтынудың жалпы көлеміне тең. Экономикалық өсу қар- қыны жылына 3 пайызды құрайды. Тірі заттардың өнімділігінің өсу қарқыны жылына 1 пайыз. Осы қарқын сақталса, онда 50 жылдан кейін дағдарыстық жағдай сипат алуы мүмкін. Одан әрі келісілмеген экономикалық өсу Жердегі барлық тіршілік пен өркендеуді қатерге толтырады.

Кедейшіліктің артуы. Табиғи ресурстарды тұтыну өсу қарқынының субъектілері - ең бастысы энергетикалық өнер- кәсіптік дамыған елдер. Ресурс әлсіз дамыған мемлекеттерден тар- тылады. Ресурстарды таратудан түскен табыс әділетсіз бөлінеді: 80-90 пайызы өнеркәсіптік дамыған елдерде, 10-20 пайызы әлсіз дамыған елдерде. Осы жағдайда дамыған елдерде халық саны 1,2 млрд, әлсіз дамыған елдерде 5 млрд адам. Табыстың әділет- сіз бөлінуінің барысында осындай жағдай жалғасып келеді: жыл сайын 1-1,5 адам аш, 1,3 млрд адамға тұщы су жетпейді, 2 млрд адам антисанитарлы ортада өмір сүреді.

Әрбір 40 жыл сайын Жер бетіндегі халық саны артып отыр. Егер қазір 6,9 млрдқа жуық халық бар деп есептелсе, Б¥¥ мәліметтері бойынша 2040 жылы халықтың өсуі 12 млрд жетеді деп күтілуде. Оның ішінде 10 млрд әлсіз дамыған елдерде, 2 млрд дамыған елдерде.

Кедейшілік мәселелері күрделеніп отыр. Кедейшіліктің артуы барысында қоршаған ортадағы жүктеме артады, яғни кедей адам орманды кесуге мәжбүр болады: себебі тамақ жеу, жанұясын асырау және т.б. факторлар ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық өсуді шектейді. Сондықтан экономикалық және эколо- гия бір тізбектегі бай және кедей адамдарды байланыстырады.

Өмір сүру. Экономикалық өсу қоршаған табиғи орта жағдайын төмендету мәселесін тудырды: СО2 мөлшерінің артуынан климаттың өзгеруі, атмосфералық ауаның бұзылуы адам үшін апатты жағдайды туындатуда. Сонымен қатар, ауаның ластануы, орманның жойылуы, су қоймаларының токсинді қалдықтармен ластануы, биоалуандылықтың азаюы, ядролық соғыстың қауіптілігі, планетадағы тірі заттардың физикалық жойылуы және т.б. Жалпы осы теріс әсерлер табиғи орта қуаттылығын азайтады. Бұл ресурстардың өнімділігін төмендетуге, экономикалық базис пен экономикалық жағдайды төмендетуге алып келеді.

Өзара байланысты дағдарыстар. Экономикалық өсу табиғи ортаны бұзады, ал экологиялық тозу экономиканы төмендетеді. Бұл іргелі байланыстар 80-жылдардың ортасында ғана байқалды. Яғни экономика мен экология арасында қарама-қайшылықтар пайда болды. Егер бұрын қоршаған ортадағы экономикалық өсудің салдары жайында айтылса қазіргі таңда экологиялық қысым жағдайы қызу талқылануда.

Бұрынғы кезде экономикалық өзара тәуелді елдердің өсуі орын алса, ал қазір экологиялық өзара тәуелді елдердің жедел дамуы байқалуда. Экология және экономика бір-бірімен: жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламдық деңгейде байланысып жатыр.

Егер ресурстық база тозуға ұшыраса, онда даму жүзеге аса алмайды.

Таза экологиялық немесе экономикалық мәселе болуы мүмкін емес, адамды қоршаған табиғи ортаның жалпыға ортақ мәселесі бар. Сондықтан:

Экономикалық аспектілер:

мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншіктің халық шаруашылығында, өркендеген тауарлы-нарықтық экономикада өзара үйлесу;

өндірушілер мен сатушылар арасындағы еркін бәсеке және демонополизациялау;

ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді өндіру, планетаның барлық тұрғындарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті деңгейде мәдени игіліктермен қамтамасыз ету;

халықтың пайдалы іс-әрекеттерін тұрақтандырудың тиімді құралдары.

Экологиялық аспект:

табиғат пен қоғамның, адам мен биосфераның коэволюциясын, олардың арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету,

қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкін қажеттіліктерін сақтау;

табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әдістерін тәжірибелік жүзеге асыру және теориялық жасау;

ноосфералық дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтама- сыз ету;

биотехнологияның дамуы арқылы қалдықсыз технология мен аз қалдықты технологияны дамыту,

органикалық отынды жағуға негізделген энергетикадан энер- гияның жаңартылатын көздерін пайдаланатын баламалы энергия көздеріне өту (Күн, жел, су биомасса энергиялары);

табиғатты қорғаудың әкімшілік, экономикалық, құқықтык әдістерін жетілдіру,

биосфераның түрлік алуандылығын тұрақты сақтауды қам- тамасыз ету;

халық, әсіресе, жастар арасында жүйелік экологиялық-тәрбиелік жұмыстар, яғни азаматтардың табиғатқа деген ұтымды қатынастарын сақтау;

экологиялық-адамгершілік кодекс талаптарын сақтау және жасау.

Әлеуметтік аспект:

жер бетіндегі аштық пен жетіспеушілікті жою;

балаларға, кәрі адамдарға, ауруларға көмек беру,

мектепке дейінгі және мектептерде жалпы орта білім беру, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу;

орта және жоғары оқу орындарын дамыту.

Халықаралық аспект:

әлем үшін күрес, жаңа әлемдік соғыстар мен аймақтық жан- жалдардың алдын алу, барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешу;

өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, пен ғылым сала- сындағы біржақты және көпжақты іскерлік байланыстарды қамтамасыз ету;

экономикалық дамудың әртүрлі аспектілері әлсіз дамыған елдерге жан-жақты көмек беру,

әлемдік және табиғат қорғау іс әрекеттеріне Б¥¥-ның бел- сенді қатысуы.

Ақпараттық аспект:

ғылым мен техниканың дамуының жоғары деңгейі және оны тәжірибеде жүзеге асыру;

табиғи және қоғамдық ғылымдар арасындағы айырмашылықты жою және біртұтас әлеуметтік-табиғи ғылыми теория ретінде қалыптастыру;

ақпарат құралдары мен халықтық білім берудің кең таралуы және әділеттілігі;

барлық халық шаруашылығы мен мәдениетті кибернетикалау және ақпараттандыру;

идеологиялық жұмыстарда электрондық құралдарды жаппай пайдалану, соның ішінде тұрақты даму стратегиялық табыстарын насихаттау;

заттық-энергетикалық ресурс алдында ақпараттық ресурс- тардың бағыттылық орнын жылжыту;

адамдардың ғылыми көзқарастарын жетілдіру, тұрмыстан тыс қалу саналарын жою.

«Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамадағы орыс тілінде «устойчивое развитие» деп аударылған. Біздің қазақ тілінде қазіргі қолданы- лып жүрген «тұрақты даму - Тұрақты даму» термині осы орыс тіліндегі терминнің тікелей аудармасы.

1990 жылы құрылған Тұрақты дамудың халықаралық ин- ституты (ИИСД, Виннипег, Канада) «тұрақты даму термині халық игілігі, экономикалық тиімділік және қоршаған ортаның біртұтастығын білдіреді» деп анықтады.

Б¥¥ Конференциясының шешімдерін жүзеге асыру үшін құрылған Жер Кеңесі (Сан-Хосе, Коста-Рика) Рио-де-Жаней- родағы конференциядан кейін тұрақтылықтың келесідей анық- тамасын ұсынды: «Тұрақтылық - қарапайым тұжырым: біздің экологиялық мүмкіндіктеріміз шеңберіндегі әділеттілікпен өмір сүру. Бұл терминнің мазмұнында екі императив бөлінеді: экологиялық тұрақтылық императиві және әлеуметтік-экономика- лық тұрақтылық императиві. Экологиялық тұрақтылық императиві - біздің мүмкіншіліктеріміз шеңберінде өмір сүру: адамның табиғатқа деген талаптары оның мүмкіндіктерін басып озады, адамзат тұтыну және өндіру қалдықтарын қысқарта отырып, табиғат ресурстарын тұтынуды төмендету керек. Әлеуметтік- экономикалық тұрақтылық императиві әділдікпен өмір сүру: әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктен пайда болатын ішкі дағдарыстарды төмендету, экономикалық құралдармен өмір сүру».

2002 жылы Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммитте Жер планетасының өмірлік қамтамасыз ету жүйесін сақтауда негізгі адамзаттық қажеттіліктерді ұзақ мерзімді қанағаттандыру үшін әлемнің барлық мемлекеттері тұрақты даму идеяларына көшуі қажет деп қорытындылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Әлем елдерінің тұрақты дамуға өтуінің негізгі алғышарттары.

Тұрақты даму тұжырымдамасы қай жылы қабылданды?

Тұрақты даму терминін ғылымға енгізген кім?

Тұрақты дамудың негізгі үш аспектілері және олардың өзара байланыстары.



  42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   Наступна

Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. | Мониторинг жүйесін топтастыру |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати