загрузка...
загрузка...
На головну

Экологиялық аттестация және төлқұжат

  1. Ағза және тіршілік ету жағдайы
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  3. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  4. Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
  5. Аттестация государственных служащих и перемещение по службе
  6. Аттестация как управленческая деятельность и фактор профессионального роста педагогов
  7. Аттестация на право получения квалификационного аттестата аудитора и основания его аннулирования

Экологиялық аттестация жөне төлқұжаттау объектілердің (территориялар, территориялық-өндірістік жүйелер және шаруашылық объектілер) табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекетіне құжаттарға сүйене отырып экологиялық-экономикалық сипаттама беру болып табылады.

Осы мақсатта кәсіпорындарға (өндірістік бірлестіктерге), территорияларға арналған экологиялық құжаттар үлгілері мен төлқұжаттандыруды жүргізу әдісі жасалған (Т. А, Акимова, В. В. Хаскин, 1994).

Экологиялық төлқұжат - объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті-техникалық құжатының жаңа түрі.

Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер:

- кәсіпорында қолданылатын технологиялар;

- пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары;

- шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы;

- қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділердің,
қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалары;

- кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және
отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері.

Экологиялық төлқұжатта берілетін мәліметтер табиғатты қорғауға бағытталған мынадай мәселелерді шешуге арналған:

- шығарылатын зиянды заттектердің (төгінді, қалдықтар) және
өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін
әсерін бағалауға және табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің
мөлшерін анықтауға;

- қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттектерге негізделіп
кәсіпорын үшін шекті рауалы шығарынды (төгінді) нормасын
белгілеуге;

- кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалауға және
олардың тиімділігін бағалауға;

- кәсіпорынды қайта құруға арналған жобаларды сараптауға;

- кәсіпорынның коршаған табиғи ортаны қорғауға, ұтымды
пайдалануға бағытталған зандарды сақтауын бақылауға;

- табиғи және материалдық ресурстарды, энергияны және
қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға.

«Кәсіпорында түзілетін қалдықтардың сипаттамасы»- істегі класификаторға сәйкес қалдықтардың нақты аталуы, олардың қауіптілік класы және мөлшері, негізгі химиялық элементтер және өрттік жарлу қауіптілігі, агрегаттық күйі ( шлак, ұнтақ тәрізді,ірі кесекті, ұсақты, сұйық, және т. с.), ерігіштігі, ылғалдылығы. Бұл бөлімде кәсіпорын территориясында немесе сырт жерде ұйымдастырылған оларды сақтайтын (көметін) орындардағы қалдықтардың мөлшері; есеп беріліп отырған кезде сақталған жерден алынып пайдаланылған қалдықтар көлемі; басқа мекемелерге әрі қарай қолдану үшін жіберілген қалдықтар мөлшері, кәсіпорынның өзінде өнім шығаруға қолданылған және жойылған қалдықтар массасы көрсетіледі.

«Қадлықтарды көмуге (жинауға) арналған полигондар мен жинайтын жердің сипаттамасы» бөлімінде кәсіпорын балансындағы қалдықтарды жинайтын жерлердің, полигондардың саны, орналасқан орны, олардың алып жатқан жерлерінің көлемі, санитарлық қорғау аймағының көлемі мен ауданы, ашылған жылы мен жоспарлық жабылу жылы беріледі. Бұл бөлімде сүзілуге қарсы қолданылатын экрандар (бетон, темірбетон, топырақ қабаты, үлпек және т. б.), объекті орналасқан жердегі қоршаған ортаның жағдайын анықтап отыратын бақылау жүйесі және қалдықтарды жинау мен көмуге және объектіні ұстауға жұмсалатын қаражаттың көлемі көрсетіледі.

"Бұзылған жерді рекулътивациялау мен топырақтың бұзылған қабатын алу" бөлімі статистикалық есептілік мәліметтер негізінде толтырылады. Бұл тікелей тау-кен өндіру өнеркәсіптеріне және кәсіпорынды салғанға, қайтадан жақсартып жөндегенге қатысты. Жылына бұзылатын жөне қалпына келтірілетін жердің жалпы ауданы, оның ішінде ауылшаруашылығына, жайылымға, орман егуге, су қоймаларын ұйымдастыруға және басқа мақсаттарға пайдаланылған мөлшері көрсетіледі.

"Кәіпорын көлігі" деген бөлімде көлік және олардың, есептеу арқылы анықталған, жылына қоршаған ортаға шығаратын негізгі зиянды компоненттері туралы мәліметтер келтіріледі.

"Шығарынды, төгінді, қоршаған ортада зиянды заттектері бар қалдықтарды орналастыру үшін төленетін төлем" деген бөлімді қоршаған ортаны әртүрлі зиянды заттектердің түрімен ластағанда алынатын істегі төлем көлеміне сәйкестіріп дайындайды.

Кәсіпорын құрастырған экологиялық төлқұжат жергілікті табиғатты қорғау органдарының талабына қарай сараптауға жіберілуі мүмкін.

Экологиялық төлқұжат шаруашылық объектілерді экологиялық аттестациядан өткізуге мүмкіндік береді, оған сүйене отырып кәсіпорынның шекті рауалы техногендік жүктеме және территорияның техногендік сыйымдылық талаптарына сәйкестігін анықтауға болады.

Территорияның экологиялық төлқұжаты дегеніміз табиғи жүйенің, әлеуметтік-демографиялық құрылымның, табиғаттық және өндірістік негізінде территорияның экологиялық төлқұжаты әкімшілік аудандар территориясына арналған, бірақ та оны басқа территориялық құрылымдарға да пайдалануға болады. Бұл төлқұжат бірнеше мыңдаған әртүрлі бағыттағы көрсеткіштерді келесі бөлімдер арқылы қамтиды:

- территория туралы жалпы мәліметтер (әкімшілік жағдайы және бөлінуі, тұрғындар, елді мекендер, жерге орналастырушылық);

- табиғи жағдайлар (географиялық сипаттама, геологиялық құрылыс, жер бетінің көрінісі (ландшафт), ауа райы, жер беті мен жер асты сулары, топырақ, өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі);

- шаруашылық құрылымы мен экономикалық сипаттама (шаруашылық бағыттары, өнеркәсіп, энергетика мен жылуды қамтамасыз ететін жүйе, тау-кен өнеркәсібі, транспорт пен коммуникация, су шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, аңшылық пен балық шаруашылығы, негізгі қорлардың жағдайы);

- табиғи ортаның ластануы (ауа бассейні, топырақ, табиғи сулар, ауылшаруашылық өнімдері, ортаның ластануына байланысты халықтың ауру-сырқауы, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуінің тежелуі, кейбір түрлерінің жойылуы);

- табиғи жүйелерді (комплекстерді) қорғау (қорғалатын территориялар - қорықтар, заказниктер, тұқым қоры, дем алу зоналары).

Территорияның экологиялық төлқұжатына қосымша картографиялық мәліметтер және территорияның жалпы картасы қоса беріледі. Құжаттың соңында экологиялық жағдай туралы қорытынды, басқаша айтқанда, территорияның экологиялық аттестациясы жасалады. Төлқұжатта экологиялық тепе-тендікті бұзбай және табиғат игіліктерін қоса пайдаланатын бір шаруашылықтың басқа шаруашылық салаларына зиян келтірмей алатын және қолданылатын аумақтағы табиғи ресурстардың мүмкіндік көлемін, сонымен қатар табиғи жүйенің сыртқы әсерден туған өзгерістерге төтеп беріп, қайтадан бұрынғы қалпына келу қабілеттілігін есепке алу да қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері

2. Мониторинг жүйесін топтастыру.

3. Экологиялық аттестация және төлқұжат.

Әдибиеттер:

1. Ж. Ақбасова ., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.



  41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   Наступна

Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму | Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати