загрузка...
загрузка...
На головну

Мониторинг жүйесін топтастыру

  1. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  2. Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру.
  3. Гемодинамический мониторинг
  4. Глава 11. Мониторинг как научно обоснованное изучение педагогического процесса
  5. Глава 12. Диагностика в системе мониторинга
  6. Глава 13. Прогностический характер мониторинга
  7. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг схемасы 12.1 -ші суретте келтірілген.

15-ші сурет. Мониторинг схемасы

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.

Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық. Климаттық мониторинг: сейсмикалық, ионосферлық, Күн магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. с.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі - нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер өндірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағана байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:

- ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

- базалық (фондық) - жалпы биосфералык, табиғи құбылыстарды бақылау;

- ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар
арқылы жүргізілетін мониторинг;

- аймақтық, - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында
ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді
зерттеу арқылы бақылау;

- жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;

- импактылық- ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970 ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:

- қоршаған ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен
бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;

- мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету;

- атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның
ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.

Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.

Ғаламдык мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.

Локалды мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы қаласында атмосфералық ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.

Мониторинг жүйесін қолданылатын тәсілдерге (физикалык-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг - атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторинггің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалык процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық, мониторинг - қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралық) мониторинг - зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық космостық мониторинг.

Топтасгыру принципіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.

Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама (комплексті) экологиялық мониторингі.

Қоршаған ортаның құрама экологиялық, мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады:

- бақылау объектісін белгілеу;

- бақылауға белгіленген объектіні тексеру;

- бақылау объекгісіне информациялық модель құрастыру;

- өлшеуді жоспарлау;

- бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның
информациялық моделін ұқсастыру;

- бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;

- мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушьшарға тапсыру.

Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған мәліметтерді негізге алып:

1) адам тіршілік ететін ортаның және экожүйелердің жағдайын
сипаттайтын көрсеткіштер мен функционалдық бүтіндігінің
сақталуына баға беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын
бағалау;

2) осы көрсеткіштердің өзгеруі себептерін анықтау және осы
өзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік
ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді
түзетуге қажетті шараларды белгілеу ;

3) зиян тигізілмей тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын
алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамасыз ету.

Қазақстанда бірнеше ведомствалық мониторинг жүйелері қызмет атқарады, мысалы, қоршаған ортанының ластануын анықтайтын гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрылыстағы, көліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар.

Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтер дұрыс қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланатын жолдарды тауып іске асыруға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әр түрлі басқару органдардың қызметін біраз қиындатып отыр. Адам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеруге су объектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, т. б. объектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына қоршаған орта сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы - адам организмінің физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы қатаң белгіленген табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам кез-келген табиғи жағдайда өмір сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек қана физикалық жағынан ғана емес, сондай-ақ сол табиғат жағдайларына ыңғайлы тұрмыстық заттектер көмегімен де бейімделеді.

Экологиялық мониторингтің бірлестірілген жүйесін ұйымдастырған кезде оның құрамына кіргізуге қажетті негізгі элементтер мен тақырыптық мәліметтер 12.2-ші суреттерде келтірілген.

Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға бағытталған талаптарды күшейтумен қатар, белгілі жүйелердің нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам жасау арқылы қорғау шаралары жүйесін іске асыруға және экологиялық қауіп-қатерлілікті төмендетуге мүмкіндік туғызады.

16-ші сурет. Бірлестірілген экологиялық жүйенің құрылымы.

 



  40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   Наступна

Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. | Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы | Алдықтарды жіктеу | Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати