загрузка...
загрузка...
На головну

Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу жөне көму

  1. Микробиологиялық аппараттарға ауыстырудың жалпы заңдылықтары. Микробиологиялық өндірістің негізгі технологиялары
  2. Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.
  3. Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.
  4. Чистка базы» өңдеуі

Қатты қалдықтарды қолдануға бағытталған процестерді қиындататын олардың кейбір қолайсыз қасиеттері 11.2-ші суретте берілген.

14-ші сурет. Қалдықтарды меңгеруге бағытталған жолдар.

Қалдықтарды зиянсыздандыру төрт әдіс: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі жылуфизикалық қасиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы арналған қондырғылардың конструкциялары жасалған. Кейбір өнеркәсіптерде жағу процесі қазандықтың күш беретін қондырғыларында жүргізіледі. Жағу алдында өңдеу арқылы қалдықтарды көп жылу шығаратын қасиет беріп жанғыш затқа айналдырады. Жанғыш қалдықтардың бәрі жағылады. Қалдықтарды жағуды 1000-1200 °С шамасында жүргізген орынды, себебі бұл жағдайда атмосфераға бөлініп шығатын ластаушы заттардың көлемі минимумға дейін төмендейді.

Бірқатар елдерде қауіпті қалдықтарды жағуға өте жоғары температураны ұстай алатын цементтік пештер қолданылады. Негізінде цементтік пеште химиялык тазартуға пайдаланылған өнеркәсіп ерітінділері, баспа бояулары, бояу сұйылтқыштары мен олардың қалғындылары, колданылған майлар және жанғанда көп жылу бөлетін органикалық қалдықтар жағылады. Қалдықтарды көмудің орнына жою үшін жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі оларды жаққанда бөлінген жылуды цемент шығаруға пайдаланса, осыған жұмсалатын біраз отынның мөлшері қысқартылады.

Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2-ші және 3-ші кластық қалдықтарды зиянсыздандыру оларды тығыздап қалыңдығы 1 м-дей саздан немесе бетоннан жасалған шұңкырларға көму арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанда ең кеңінен қолданылатын әдіске бір қалдықтың түрін екінші қалдықпен зиянсыздандыру жолдары жатады. Мысалы, байыту фабрикаларының сілтілі сұйық қалдықтары мен зауыттардан шығатын қышқылды ерітінділерді арнайы тұндырғыш-тоғандарға бір-бірін нейтралдау үшін бірге жинайды.

Сонымен қатар қазіргі кезде коксхимиялық зауыттардан шығатын күкіртті смолалы заттарды нейтралдауға азот тыңайтқыштарын өндіретін зауыттардың әкті шламдары қолданылып жүргені белгілі. Ал көмірді кокстауда бөлініп шығатын құрамында күкіртті сутегі бар газ аммиак суымен нейтралданады.

Әдетте улы емес жанбайтын қатты қалдықтар ашық жерде сақталынады немесе жәй көміледі.

Құрамында 1-3 қауіптілік кластарына жататын заттары бар қалдықтарды кемуге тыйым салынған, сондықтан полигонға жіберер алдында өнеркәсіптің өзінде оларды сусыздандырып пасталық түрге айналдырады.

Өте улы қалдықтарды, әсіресе құрамында мышьяк пен кадмий барларын, зиянсыздандыру мен көму ерекше назар аударуға жатады. АҚШ-та түсті металлургияның мышьягі бар қалдықтары цементпен араластырылып, су өткізбейтін жыныстарда орналасқан арнайы полигондарда көміледі. Жапонияда құрамында кадмий бар қалдықтарды пісіру арқылы суға төзімді улы емес шыны тәрізді кесекке айналдырады. Шымкент қорғасын зауытынан калдық ретінде шығатын кальций арсенаты өндірістің өз аймағында темірбетон шұңқырларында сақталады. Мышьяк қалдықтарын суға өте төзімді шынылы түрге айналдыруға бағытталған көптеген әдістер белгілі.

Қатты және өте қауіпті сұйық қалдықтарды зиянсыздандыру үшін назар аударуға тұратын жолдардың бірі - биологиялық технология. Биологиялық технологияда адамға пайдалы өнімдерді алуға және қоршаған ортаны тазалауға тірі организмдер мен биологиялық процестер қолданылады. Биотехнологияны адамдар ежелден колданып келе жатыр. Барлық ауыл шаруашылық өндірістері биотехнологияға негізделген. Мысалы, нан пісірудің немесе шарап ашытудың негізі болып микробиологиялық процестер саналады. Биотехнологияның мүмкіншілігі ауқымды. Микробиологиялық организмдердің әралуан түрлері кейбір органикалық заттарды сіңірумен қатар, оларды зиянсыз түрге немесе пайдалы өнімдерге, мысалы, шалшықты газға, айналдыра алады. Бірақ-та, биологиялық әдісті қолдану оның ұзақ уақытты қажет етуіне байланысты белгілі шамада шектелуде.

Биотехнологияның жетістігі мен микроорганизмдердің жаңа түрлерін алу экологиялық корғау жолындағы мақсаттарға жетуге мүмкіндік туғызады деген үміт орындалатынына соңғы кезде көз жеткізіп отырған жағдайлар аз емес. Мысалы, биологиялық жолмен ыдырайтын жаңа пластиктер түрлері жасалуда. 1990 жылы американың JCJ компаниясы қанаттарды бактериялармен ферментациялау арқылы дүние жүзінде алғаш рет биологиялық жолмен ыдырайтын "биопол" деген термопластикті алды. Ол пленкалар, ыдыстар, буып-түйетін тоқылмаған материалдар алуға пайдаланылады. Қазіргі кезде көп елдердегі ірі ғылыми лабораториялар мен фирмалар әр алуан қасиеттер тән биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлік материалдар алудың іргелі биотехнологияларын жасау үстінде.

Тікелей қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биотехнология әдістері соңғы кезде карқынды түрде дами бастады. Экологиялық биотехнологиялардың негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады:

- ақаба суларды биологиялық жолмен тазалау;

- қатты қалдықтарды биологиялық әдістермен өңдеу (ақаба судың
түбіне жиналатын ұсақ тозаңды тұнбаны пайдаға асыру, қатты
тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын
зиянсыздандыру мен жою);

- ауаны ароматты заттектерден биологиялық жолмен тазалау;

- қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді (тірі организмдерге жат
химиялық заттектер) биодеградациялау;

- органикалық химия қалдықтарымен және мұнаймен ластанған
топырақты биологиялық жолмен рекультивациялау;

- органикалық қалдықтарды және биомассаны пайдалану арқылы
қалпына келетін энергиямен, шикізат көздерімен қамтамасыз ету
(биогаз және екінші реттік отын түрлерін алу, органикалык
тыңайткыштардың трансформациясы және т. б.);

- аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиян-
кестерімен күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті
қауіпті емес нәтижелі биологиялық шараларды жасау.

Улы қалдықтарды зиянсыздандыруға физикалық әдістер де қолданылып жүр, атап айтқанда, әртүрлі сәуле түрлерімен (мысалы, ультра күлгін сәулесі) күрделі молекулалардан құралған органикалық сұйық қауіпті заттарды жай молекулалардан тұратын зиянсыз зат түріне айналдыруға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қалдықтардың жіктелуі.

2.Қалдықтарды зиянсыздандыру жолдары.

Әдибиеттер:

1. Ж. Ақбасова ., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.- 58-164б.



  38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   Наступна

Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру | Санитарлық сақтау белдемі. | Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. | Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді | Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. | Топырақтың ластануы |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати