загрузка...
загрузка...
На головну

Топырақтың ластануы

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т. ластағыштар еңгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.

Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компонентерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайткыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.

Топырактың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластау концентрациясының коэффициентгі (ЛіКК) қолданылады:

ЛіКК = Хі / ШРКі немесе ЛіКК = Хі / Хф ,

бұл жерде ЛіKK - і- заттегіне тән ластау концентрациясының коэффициенті;

Хі - і-заттегінің мөлшері; Xф - осы заттектің фондық мөлшері.

Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)

Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет. Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30%-нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 процентке жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:

- топырақ эрозиясы немесе дефляциясы - су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер
қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;

- агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы
егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті
түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері
төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;

- құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз
суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік
тұздануы (сортандануы);

- топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік
жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы
жыныстармен араласуы);

- топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.

Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылык әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортандануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуі және т.б. байланысты.

Жалпы антропогендік факторлардың әсерінен жылына құнарлығын жоятын жердің мөлшері шамамен 90 млрд. тоннадай, оның ішінде жылына 7,5 млн. га эрозия процесі арқылы бүлінеді. Қазіргі кезде эрозия процесінің нәтижесінде бұзылған жерлер көлемі АҚШ-та - 300 млн. га үстінде болса, Ресейде, Белорусия мен Украинада - 100 млн. га, ал біздің Қазакстанымызда шамамен 18-20 млн. га.

Г. С. Макунинаның (1991) мәліметтері бойынша дүние жүзінің әр түрлі топырақ түрлеріндегі орта есеппен гумустың жалпы шығыны: шымды күлгін топырақ үшін - 27%, қоңыр және сұр орман топырағында - 30%, қара топырақта - 35%, сарғылт топырақта - 29%, сұр топырақта - 14%, қызыл сары темірлі топырақта - 50%.

Америка экологы Л. Браун (1992) ауылшаруашылығы жерлерін құнарсыздану дәрежесі бойынша үш санатқа бөлді:

- құнарсыздануы бәсең - әлеуетті өнімділігі 10% аз төмендеген жерлер;

- құнарсыздануы орташа - әлеуетгі өнімділігі 10-50% төмендеген жерлер;

- әбден құнарсызданған - әлеуетті өнімділігі 50% артық төмеңдеген жерлер.

Топырақтың су мен жел эрозиясы.Жоғарыда қарастырылған факторлардың ішінде жер шарының барлық түкпірінде ең бір өзекті проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі топырақ эрозиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамуына сол жердің топырақ өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы әсерін тигізеді. Топырақ эрозиясының түрлері 10.1-ші суретте келтірілген.

12-ші сурет. Топырақ эрозиясының негізгі түрлері

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың маңызы және түзілу процесі.

2. Топырақтың ластануы.

3. Топырақ эрозиясы және оның түрлерімен күрес.

Әдибиеттер:

1. Ж. Ақбасова ., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.- 58-164б.



  36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   Наступна

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру. | Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. | Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру | Санитарлық сақтау белдемі. | Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. | Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері | Бастапқы ерітінді |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати