загрузка...
загрузка...
На головну

Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.

  1. Ағза және тіршілік ету жағдайы
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері
  3. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  4. Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
  5. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы.
  6. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
  7. Байланыстар және олардың реакциялары

Литосфера - Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы -құрлықта 50-70 км-ге дейін (жазықтықтарда - 35-45 км-ге, тау сілемдері астында 70 км-гe дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера (немесе басқаша жер) - қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен (рельеф), топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б.) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т. б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.

Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді. Топырақ - ол аналық жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық-тарихи дене.

Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы, яғни өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттектермен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді.

Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-1903 ж.ж.) қалады. Ол бірінші рет "топырақ" және "топырақ құрылымы" ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.

В.В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашалық әрекеті қосылды.

Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрылымы бірнеше қабаттарға, немесе горизонттарға (жиектерге) дараланады. Қабаттардың арақатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты. Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі кұнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны гумусты немесе қарашірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты-түйірлі болады. Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануартекті қалдықтарды айтады.

Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдіктекті және жануартекті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қарақоңыр түсті гумусқа байланысты. Қарашірінді негізінде гуминнен, гуминқышқылынан және фульвоқышқылынан, сонымен қатар белоктардан, көмірсуларынан, майлардан, шайырлардан, лигниннен және т.б. тұрады.

Топырақтың белдемдік типіндегі гумус мөлшері физикалық-географиялық жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, Қазақстанның Солтүстік даласындағы қара топырақта гумустың мөлшері 10-15% (500 т/гa), шөлдегі сұр топырақта (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары) 1-2% (40 т/га) аралығында.

Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы кабаттың қалыңдығы көбіне 20 см-ден аспайды. Климаттық, гидрологиялық, топырақтың физикалык-химиялық қасиеттеріне байланысты кейбір жағдайларда 80-100 см тереңдікте де кездеседі. Жоғарғы қабаттың құнарлығын сақтау үшін және өсімдіктердің тиімді пайдалануына осы қабат келесі қасиеттер жиынтығына ие болуы керек:

- құрамында өсімдіктер сіңіре алатын түрдегі қоректік элементтер
(азот, фосфор, калий, микроэлементтер) жеткілікті деңгейде ұсталуы;

- ылғалдылықтың қажеттілік мөлшерінің болуы;

- өсімдік пен топырақ жануарларының тіршілігіне қажетті мөлшерде оттегінің болуы;

- улы қосылыстардың болмауы;

- қолайлы су-ауа режимі мен өсімдік тамырларының қоректік
заттектерді және ылғалдықты жақсы өткізетін физикалық құрылымының (механикалық төзімділігі, суға төзімділігі, т.б.)болуы.



  35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   Наступна

Ші кесте. Атмосфераның төменгі қабатының құрамы | Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру. | Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. | Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру | Санитарлық сақтау белдемі. | Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. | Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі | Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати