загрузка...
загрузка...
На головну

Бастапқы ерітінді

11-ші сурет. Электродиализ процесінің сызбалық үлгісі

Ионалмасу әдісі барлық елдерде кеңінен қолданылып жүр. Осы кезге дейін бұл АЭС және өте жоғары қысымды қазандықтары бар ЖЭС үшін тұзсызданған суды дайыңдауға пайдаланылып жүрген негізгі әдіс болып келеді. Сонымен қатар, ионалмасу әдісі суайналым циклымен істейтін өнеркәсіптердің ақаба суларындағы құнды компоненттерді байытуға және бөліп алуға жиі қолданылады. Бұл әдіс судың кермектілігін жоюға да қолданылады.

Ақаба суларды биохимиялык әдістермен тазалағаннан кейін қосымша тазалау жұмыстарын атқаруға тағы да пайдаланылатын әдістің бірі активтенген көмірдің көмегімен адсорбциялау. Микроорганизмдердің күшімен тазаланбай қалған судағы органикалық заттектерді жою мақсатында активтенген көмірмен тазалау жүргізіледі. Істе болған бұл адсорбенті қыздыру арқылы регенерациялауға болады.

Әдетте тазаланатын ақаба су активтенген көмір салынған бағаналар арқылы жіберіледі, бұл процестің жүруіне 20-40 минуттай уақыт жұмсалады. Бұл әдістің нәтижесінде судың оттекке биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) < 1 мг О2/л (стандарттық нормадан төмен) шамасында болады. Осы әдісті өткізу барысында қолданылатын аппаратура да едәуір қарапайым.

Активтенген көмірмен адсорбциялау үй-жай шаруашылығынан шыққан ағындыларды, мұнайды, фенолды, басқа да ароматикалық қосылыстарды айырып шығарғанда шыққан сұйық қалдықтарды және де көптеген органикалық заттарды тиімді түрде тазалауға жататын әдістің бірі болып саналады.

Тазартылған суларды қайтадан технологиялық қажеттерге пайдалануға болады. Су ресурстарын қорғаудағы және оны ұтымды пайдаланудағы бас бағыттың бірі айналмалы сумен қамтамасыз ететін жүйені өндірістерге кеңінен енгізу. Бұл айналадағы ортаның ластануын азайтумен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімді, себебі ол тұщы судың шығынын төмендетуге және тоғандардың ластануын болдырмауға мүмкіндік туғызады.

Айналмалы сумен қамтамасыз ету деп техникалық айналымда пайдаланылған немесе тұрмыстық су құбыры торабы суының тазартылғаннан кейін қайтадан айналымға түсуін айтады. Бұл жағдайда өнеркәсіп салаларында пайдаланған судың тек 1-3%-ғана су объектілеріне тасталуға тиіс.

Ластану дәрежесіне және жылулығына қарай өндірістегі айналма сумен қамту жүйесінің 3 үлгісін ерекше атауға болады:

1. Су ластанбайды, тек ысыйды. Мұндай жағдайда қолданылған суды салқындатады да (тоғандарда, сепкілейтін шашырамалы
әуіттерде немесе сусалқындатқыштарда) өндіріске қайтарады.

2. Су ысымай тек ластанады. Ластанған суды өндіріске
қайтару үшін әртүрлі әдістерді (тұндырғыштарды, тоғандарды,
сүзгіштерді және т. б.) пайдалану арқылы тазалайды.

3.Су әрі ысыйды, әрі ластанады. Ондай жағдайда суды жүйелі
түрде тазалайды да, салқындатады да.

Бақылау сұрақтары:

1. Гидросферанның маңызы және жер бетінде таралуы.

2. Гидросфераның өздігінен тазалануы.

3. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.

Әдибиеттер:

1. Ж. Ақбасова ., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.

 



  34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   Наступна

Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы. | Ші кесте. Атмосфераның төменгі қабатының құрамы | Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру. | Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. | Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру | Санитарлық сақтау белдемі. | Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. | Гидросфераның өздігінен тазалануы. | Су ресурстарының маңызы. | Ші кесте. Микроорганизмдердің суда сақталатын мерзімі |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати