загрузка...
загрузка...
На головну

Су ресурстарының маңызы.

  1. Дәріхананың сыртқы безендірілуі, маңызы.

Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытга жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.

Басқа заттармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттері бар.

1. 0оС ден 4 оС дейін қыздырғанда судың көлемі көбеймейді,
керісінше азаяды, ең максималды тығыздық мағынасы су
қататын нүктеде (0 °С) емес 4 °С-де болады.

2. Басқа денелердей емес, су көлемі қатқанда сығылысудың орнына үлкейіп, оның тығыздығы төмендейді.

3. Қысым көтерілгенде судың қату температурасы көтерілмейді, ол
төмендейді.

4. Басқа заттардың сыбағалы жылылық сыйымдылығымен
салыстырғанда судың сыбағалы жылылық сыйымдылығы өте
жоғары.

5. Диэлектрлік тұрақтылығы өте жоғары болғандығына байла-
нысты судың еріткіштік және диссоциалау қасиеті басқа
сұйықтықтармен салыстырғанда жақсылау.

6. Сұйықтықтардың ішінде судың беттік керуінің шамасы ең
жоғары - 75 10-3 Дж/м2.

7. Булану кезінде жылу сіңіріледі, ал будан конденсациялану мен
қату кезінде керісінше жылу бөлінеді.

Ауытқулықтың болу себебінің бірі оның құрылысының ерекшілікгігінде және су молекулаларының бір-бірімен күшті байланысатындығында. Жер бетіндегі барлық тіршіліктің суға байланыстылығының негізі осы ауытқулықтың болуы. Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты және газ тәрізді түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысуымен жүреді десек қателеспейміз.

Академик А. Карпинский су туралы былай деген:"Су - ең бағалы байлық. Су - тек минералды шикізат. Ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық қан".

Су - тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар түрінің саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7%, ал суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 10000 (8%). Жануарлардың ішінде балықтардың шамамен 16000 түрі, былқылдакденелілердің 80000 түрі, шаянтәрізділердің 20000-нан астам түрі, қарапайымдылардың 15000-ға жуық түрі және т.б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75%, кейбір өсімдіктер массасының 89-90% судан тұрады (5-ші кесте).

Адам ұрығының (эмбрионының) 97%-і су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80%-і судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесінің 65-70% су, ұлғайған сайын су мөлшері адам денесінде 60%-ке дейін төмендейді. Осы деңгейден денедегі судың мелшері 10-12% төмендесе, организм әлсіреп, жұмыс атқару қабылеті жойылады, ал организмдегі судың көлемі 25%-тен төмен түссе, адам өміріне қауіп төнеді. Кейбір жан-жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, кұндыздар) тек қана сулы ортада тіршілік етеді. Себебі организмдердегі судың мөлшері азайғанда ас қорыту және де баска процестер бұзылады, яғни организмдегі тепе-теңдік бұзылып, әртүрлі ауыр жағдайға әкеліп соғады. Негізінде барлык организмдердің өсіп-өнуіне таза су қажет, сондыктан сумен жабдықтау көздеріне, судың сапасына ерекше маңыз беріледі.

5-кесте. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларындағы судың мөлшері , массалық % (Кубанцев Б.С., 1973)

Өсімдік Су мөлшері Жануарлар Су мөлшері
Балдырлар 96-98 Губка
Сәбіз тамыры 87-91 Моллюскалар 80-92
Шөп жапырақтары 83-86 Құрт-құмырсықа шыбын- шіркей 46-92  
Ағаш жапырағы 79-82 Ланцетник
Картоптың түйнегі 74-80 Қос мекенділер 93-ке дейін  
Ағаштың сабағы 40-55 Сүткоректі жануарлар 68-83

Жоғары сыбағалы жылылық сыйымдылығының, біртіндеп жылу мен салқындау қасиеттерінің арқасында су теңіз бен көлдердің жылдық, тәуліктік және тіпті сағаттық температураларының өзгеруін белгілеп отыратын фактордың бірі. Су бетіне түсетін жылу энергиясының бір бөлігі тойтарылса, екінші бөлігі булану процесіне жұмсалады. Су қоймаларының бетінде өтетін булану (булануға 2263,8 Дж/г жылу жұмсалады) төменгі су қабаттарының қатты ысуына кедергі жасаса, беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың (333,48 Дж/r) бөлінуіне байланысты төменгі қабаттардың салкындауын бәсеңдетеді. Сонымен жаз айларында судың жылы қабаттары үстінде, ал түбіңде салқын қабаттар орналасады. Су қоймаларында температураның су қабатының орналасуына байланысты таралуын тікелей стратификация деп атайды. Қыста беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері стратификация деп атайды. Температураға байланысты әр қабатта тығыздық та, тұздардың еріген мөлшері де, газдық құрамы да, қысым да өзгеріп отырады. Мысалы, тұзсыз судың 4 °С тығыздығы 1 г/см3 тең болса, ащы сулардыкі 1,35 г/см3-ке дейін көтеріледі. Беткі қабаттан төмен қарай жылжығанда әр 10 м тереңдік сайын судағы қысым мөлшері 1 атмосфера шамасында жоғарылап отырады. Осы көрсетілген судың қасиеттері топырақтың да температуралық режимін реттеп отырады, былайша айтқанда, суда және топырақта тіршілік ететін организмдерге қолайлы жағдай жасалып отырылады.

Судың тағы да бір маңызы мынада. Атмосферада негізінде су булы және тамшы түрі мен мұз кристалдары ретінде болады. Ауаның температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын су буының мөлшері де кебейіп отырады. Су күн сәулесінің жер бетіне өтуіне айтарлықтай кедергі жасамағанымен, жерден шығатын жылуды жібермейді, яғни ол планетадағы жылу балансын реттеп отырушы да. Судың жылуға төзімділігі жоғары болғандықтан, жазда гидросфера жылуды жинап қыста оны қайтарып беріп, жердің климатын жұмсартып отырады.

Судың ең негізгі қасиеті ол тіршілік ортасы және барлық организмдердің тіршілігіне қажетті оттектің көзі. Негізінде биосфераның барлық органикалық заттектері фотосинтез процесінің нәтижесінде түзіледі, ал бұл процестің жүруіне күн энергиясы және көмір қышқыл газымен қатар, су міндетті түрде қажет. Біздің планетадағы бүкіл тіршілік осы фотосинтез процесінде бөлінетін оттекке тікелей байланысты. Ауадағы оттектің 60 % -тін түзіп, жаңартып отыратын мұхит пен теңіз суларындағы өсімдіктер. Мұхит суы өсімдіктермен қатар, көптеген әр түрлі микроорганизмдердің, тірі жәндіктердің өмір сүру ортасы. Барлық мұхит пен теңіз суларының беткі аймағында (80 м дейін) жайғасқан ағзалар үш топқа: планктон, нектон және бентос деп бөлінеді.

Планктонға өздігінен қозғала алмайтын, тек су ағынымен қозғалыста болатын өсімдіктер (фитопланктон) мен тірі ағзалар (зоопланктон). Екінші топқа су ішінде өздігінен қозғалатын ағзалар (балықтар, қальмарлар, т. б.) жатады, оларды нектондар деп атайды. Бентостарға тек кана су түбінде жорғалайтын жәндіктерді (моллюскалар, құрттар және басқа омыртқасыздар) және әр түрлі кепклеткалы балдырларды жатқызады. Осы организмдердің көбісі судың өздігінен тазалануына зор үлес қосып отырады.

Су ең жақсы еріткіш, осыған байланысты барлық өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында, үй-жай, тағы басқа шаруашылықтарда кеңінен қолданылады. Ол айырбасталмайтын, сарқылмайтын (тұщы су сарқылатын) табиғат ресурсы.

Біздің планетамыздың барлық халқы бір тәулік ішінде 7000 млрд литр су ішеді екен. Орта есеппен бір адамға шаққанда тәулігіне жұмсалатын судың көлемі 200-400 л, оның ішінде 2-10 л суды таза күйінде немесе тағаммен пайдаланады. Мәскеу қаласының әр тұрғынына тәулігіне келетін судың мөлшері 400 л болса, Санкт-Петербургтікіне - 300 л үстінде, Лондонда әр адамға тәулігіне 170 л, Парижде -160 л, Брюсселде - 85 л, Алматыда -200-300 л. Ал ірі қара тіршілігіне тәулігіне 40 л, бір қойға 10 л-дей су жұмсалады.

1 тонна өндіріс өнімін алуға жұмсалатын су мөлшері (м3): болат пен шойын - 250, мыс немесе басқа да түсті металдар - 500, цемент - 4500, целлюлоза - 1500, қағаз - 900, синтетикалық талшық - 500-600, каучук - 2000-3000, пластмасса - 500-1000, күкірт қышқылы - 25-80, азот қышқылы - 80-180. Сонымен қатар көп көлемде таза сулар өндірістерден шығатын ақаба суларды сұйылтуға да қолданылып отыр. Небәрі 10 г мұнай өнімі 80 л суды әп-сәтте адамға, өсімдікке, жануарларға жарамсыз етеді.

Өте көп мөлшерде суды қажет ететін сала ауыл шаруашылығы: жалпы жұмсалатын судың 70 % құрайды. Мысалы, 1 т бидай алуға 1500 м3, 1 т мақта өндіруге 10000 м3 су мөлшері қажет. 1 га жүгері еккен жерге 3000 м3, капустаға -8000 м3, күрішке - 12000 -20000 м3 су жұмсалады.

Қуаттылығы 300 мың кВт жылу электр станциясы жылына жұмыс істеу үшін 300 км3 үстінде суды қажет етеді. Ал химия комбинаттары орта есеппен әр тәулік сайын 1-2 млн. м3 суды пайдаланып және шығарып отырады.

Дүние жүзінде орташа қолдануға шамамен алғанда жылына әр адамға шаққанда келетін жалпы табиғаттан алынатын судың көлемі 1,2 тоннаның үстінде (әр адам шамамен 70 жылдай өмірінің ішінде тек өзінің физиологиялық қажеттілігіне 50 тоннадай суды жұмсайды). Судың гигиеналық маңызы зор. Ол адам денесін, үй-жайды, күнделікті қолданылатын бұйымдарды және т. б. таза санитарлық жағдайда ұстауға пайдаланылады.

Пайдалылығымен қатар суды адам организміне қауіп төндіретін көз деп те қарауға болады. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың 80%-ті судың қанағаттанарлық емес сапасына не оның жетіспеуіне қарай санитарлық-гигиеналык нормалардың бұзылуына байланысты. Шамамен 2 млрд. адам санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкессіз суды қолданып отырғандарына байланысты жыл сайын 5 млн. адам, оның ішінде жартысынан кебі балалар, әр түрлі аурулардан өлуде.

Кермек суларды тұтынудан адамның несеп және өт жолдарына тас байланады, ал кейбір тұздар жеткіліксіз болса жүрек-қантамыр аурулары жиі кездеседі. Ауыз суда фтор жетіспесе тіс жегісі (кариес), ал шамадан артық болса флюороз ауруына шалдығады. Суды хлорлау кезінде түзілетін органикалық заттектері мол хлорорганикалық қосылыстар, немесе ақаба сулармен тағы басқа жолмен ауыз суға өтетін пестицидтер,кейбір ауыр металдар, радиоактивті элементгер, канцерогендер болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының 25% таза сумен қамтылмаған. Оның бір себебі өзендер мен көлдердің (Бртіс, Есіл, Жайық, Нұра, Сырдария, Балқаш және т. б.) гидроэнергетикалык құрылыстар және өнеркөсіптік кәсіпорындардың ақаба суларымен ластануының салдарынан табиғи режимінің бұзылуы. Осының салдарынан көптеген аурулар түрлерінің таралуы орын алып келеді.

Сулы ортада әртүрлі патогенді микроорганизмдердің ұзақ сақталатыны және табиғи суда өсіп-өнетіні белгілі жағдай (6-ші кесте).



  31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   Наступна

Табиғатта заттар (биогеохимиялық) айналым. | Ші сурет. Көміртек айналымы | Сурет Оттек айналымы | Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы. | Ші кесте. Атмосфераның төменгі қабатының құрамы | Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру. | Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. | Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру | Санитарлық сақтау белдемі. | Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати