загрузка...
загрузка...
На головну

Гидросфера туралы негізгі мәліметтер.

  1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
  2. Гидросфераның өздігінен тазалануы.
  3. Дифференциалданатын функциялар туралы теоремалар
  4. Күшті параллель көшіру туралы теорема
  5. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема.
  6. МЕРЧАНДАЙЗИНГ, МЕРЧАНДАЙЗИНГТІҢ НЕГІЗГІ САЙМАНДАРЫ

Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, өзендер, тоғандар, ми батпақ, топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді. Дүние жүзінің 3/4 бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5 есе артық. Гидросфера биосфераның басқа бөліктері - литосфера (жер асты
сулары), атмосфера (булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі
организмдермен тығыз байланыста. Гидросфераның жалпы көлемі 1455 млн км3 (4-ші кесте).

4-ші кесте. Су массасының гидросферадағы таралуы (М. И. Львович,1984)

Гидросфера бөлігі Көлем, мың км3 Жалпы көлемнің % мөлшері
Әлемдік мұхит 94,2
Жер асты сулары 4,12
Көлдер 0,016
Мұздықтар 1,65
Топырақ дымқылы 0,005
Атмосфера буы 0,001
Өзен сулары 1,2 0.0001
Жалпы гидросфера 1454643,2 100,0

Жалпы су қорының 97,5% тұзды минералды болып келеді. Теңіз (мұхит) суларын ерітінді деп есептеуге болады, себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35 г/кг. Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында (жерасты суларында 62-сі) кездеседі. Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий, магний, кальций катиондары мен хлорид, карбонат, сульфат аниондарын жатқызуға болады. Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардыкімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен, олардың теңіз бен теңіздегі тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор. Олардың ішінде тірі организмдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты, фосфорды, кремнийді ерекше атап өтуге болады, бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.

Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5% құрайды, немесе 35 млн. км3. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн. м3. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97%. Антарктидада мұздың ең қалың 4,78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген. Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық, өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, кел және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.

Тұщы су қорының үлкен мөлшері негізінде өзендерде болады, олардың ішінде ең ұзын Нил және Амазонка өзендері. Нилдың ұзындығы 6670 км, Амазонканыкі - 6437 км. Ресей өзендерінің ішінде ең ұзын өзенге Обь жатады, егерде оның үзындығын Ертістің басталған жерінен есептесек 5410 км тең болады.

Дүние жүзінде Ресей (Бразилиядан кейін) жалпы тұщы судың қоры бойынша екінші орында. Бірақта Ресей территориясында су ресурстары біркелкі орналаспаған, сондықтан, оңтүстік және оңүстік-батыс аудандарында бір тұрғынға келетін өзеннің ағынды суларының көлемі (3-5) 103 м3 болса, еуропалық бөлігінің солтүстігінде 35 103 м3, Батыс Сібірде - 45 103м3, Шығыс Сібірде -144 103 м3 су келеді.

Ресейдің су көздерінің ішінде ерекше атап өтуге тұратын дүние жүзіндегі суы тұщы ең үлкен көл Байкал (су көлемі 23000 км3, ең жоғарғы тереңдігі 1741 м, жылына ұдайы жаңарып отыратын, тазалығы бойынша сирек кездесетін табиғи судың көлемі 60 км3 шамасында). Бұл көлде дүние жүзілік кеңістіктегі тұщы су қорының 1/5 бөлігі, Ресейдегі қордың 4/5 бөліп жыйнақталған. Оған 1123 өзен құйылады, тек қана Ангара өзені ағып шығады.

 



  29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   Наступна

Экологиялық пирамида. Пирамида саны | Пирамиданың биологиялық массасы | Табиғатта заттар (биогеохимиялық) айналым. | Ші сурет. Көміртек айналымы | Сурет Оттек айналымы | Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы. | Ші кесте. Атмосфераның төменгі қабатының құрамы | Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру. | Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. | Сурет. Өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға арналған әдістер мен аппараттарды топтастыру |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати